1. Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық бюджетi 1-шi қосымшаға сәйкес: кiрiстерi бойынша - 196503609 мың теңге, шығыстары бойынша - 281334379 мың теңге, таза несие бойынша - 33231936 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi бойынша - 110607506 мың теңге немесе жиынтық iшкi өнiм бойынша 5,5 процентi болып атқарылуға қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1998 жылдың 10 қаңтарына дейiн қаржыларды айларға байланысты бөлу жөнiнде белгiленген үлгi бойынша ұсыныс тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 7 қаңтарына Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарына, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға инвестициялық жобаларға және зейнетақыларды төлеу жөнiндегi трансферттерге арналған қаржылардан басқа, республикалық бюджеттiң қаражатынан жұмсалатын шығындардың барлық түрлерiнiң тоқсандық лимиттерiн жеткiзсiн.
4. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы почта байланысы республикалық, мемлекеттiк кәсiпорындарын, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне арналған заңды тұлғалардан табыс салығын алу жөнiндегi есептердiң орталықтандырылған тәртiбi сақталсын.
5. 1998 жылы Қазақстан Республикасының елшiлiктерiнен және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен түсетiн консулдық алымдар республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының түсуiн қамтамасыз ету жөнiнде Ресей Федерациясының тиiстi мемлекеттiк органдарымен қажеттi шаралар жүргiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен қол қойылған келiсiмдерге сәйкес бұрын санациялау мен оңалтуға алынған несиелердiң 1998 жылы республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi 1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қаржы министрлiгiне әрбiр қарыз алушы бойынша несиелердiң қайтарылуы жөнiнде қолданылатын шаралар кешенiн бекiтуге тапсырсын.
8. Қаржы министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) және уәкiлеттi агент-банктермен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша, директивалық несиелер мен өзара борыштарды республикаiшiлiк есептеу нәтижелерi бойынша берiлген несиелер және өзге де бюджеттiк несиелердiң түрлерi бойынша түпкi қарыз алушылардан берешектi өндiрiп алуды қамтамасыз етсiн.
9. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп қажет болған жағдайда ақшалай қаражаттарды республикалық бюджетке қайтару мақсатында түпкi қарыз алушылардың берешектерiн қайта құрылымдау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныс жасасын.
10. "Азық-түлiк келiсiм корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы 1998 жылдың 31 наурызына дейiнгi мерзiмде 1996-1997 жылдардың 2437000 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк астық өнiмдерiн сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың республикалық бюджетте қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
11. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға енуi туралы шешiм заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен алдын ала келiсiлгеннен кейiн қабылданады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте осы мақсаттарға арналған қаражаттың шегiнде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөнiндегi сараптық кеңесiнiң шешiмi негiзiнде халықаралық ұйымдарға жарналар төлеуге арналған қаражат бөлудi жүзеге асырсын.
12. Алматы қаласының әкiмi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетiнiң N 36 балабақшасын бюджеттiк қаржыларға сәйкес жергiлiктi бюджетте ұстауға белгiленген тәртiппен қабылдасын және оның ойдағыдай жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
13. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi белгiленген тәртiппен 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергiлiктi бюджетте ұстауға әкiмшiлiк полициясы бөлiмшелерiн, уақытша ұстау орындарын, облыстық, қалалық және аудандық iшкi iстер органдарының техникалық қызметкерлерiн қамтамасыз ету қызметiн тұтастай алғанда 2-қосымшаға сәйкес штаттық адам санымен қабылдайтын болсын.
14. 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ведомстволық бағыныстағы темiр жол ауруханаларын оның тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ете және денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызметкерлерiне қолданылып келген жеңiлдiктердi бере отырып ұстау тәртiбi сақталсын.
15. Облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерi:
бiр тұрғынға шаққандағы темiр жол медициналық ұйымдары қызмет көрсететiн, халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiне сақтандыру төлемдерiнiң толық және уақытында аударылуын қамтамасыз етсiн;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ мемлекеттiк-әлеуметтiк жәрдемақыларды алушыларға жерлеуге арналған жәрдемақыларды, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерiне белгiленген мөлшердегi жерлеуге арналған жәрдемақыларды төлеудi қамтамасыз етсiн;
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудiң және материалдық көмек көрсетудiң құнын өтеудi жүзеге асырсын.
16. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi:
1998 жылдың 1 ақпанына дейiн облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1998 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша облыстар тұрғысында ұсыныс енгiзсiн;
репатрианттарды тасымалдау үшiн тасымалдаушыны iрiктеу жөнiнде конкурстық рәсiмдер қолдану арқылы 1998 жылға арналған көшi-қон квотасына сәйкес ТМД-ға мүше елдердi қоспағанда шет мемлекеттерден республикаға байырғы ұлт адамдарының ұйымдасқан түрде көшiп келуiн республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырсын.
17. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларына белгiленген тәртiппен жәрдемақылардың барлық түрiн тағайындауды қамтамасыз етсiн.
18. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 615000 мың теңге сомасындағы бұрын лизинг бойынша келiсiм шарттардың тәртiбiнде берiлген ауыл шаруашылығы техникасы үшiн түсiмдердiң республикалық бюджетке түсуiн қамтамасыз етсiн.
19. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi 1998 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде Табиғатты қорғау қоры туралы ереженi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiретiн болсын.
20. Радиоэкология, экологиялық аудандастыруды қоса алғанда, республикалық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын қаржыландыру Республикалық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
21. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiгi, "Шағын бизнестi қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылдың 25 қаңтарына дейiн екiншi деңгейдегi банктердiң шағын және орта бизнестi дамытуға жеңiлдiктi жағдайларда несие беруге байланысты шығындарды өтеуiнiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
22. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде:
Лизинг жағдайларында ауыл шаруашылығы техникасын берудi ұйымдастыруға арналған қаражатты бөлудiң және қайтарудың тәртiбiн;
Қайтарымсыз негiзде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау қорынан қаражат бөлудiң тәртiбiн;
Республикалық бюджеттiң қаражатының есебiнен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жеңiлдiктi несие берудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
23. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп, 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде 70000 мың теңге сомасындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, жалпы республикалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн бекiтсiн.
24. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қорғаныс министрлiгiмен, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесе отырып, 1998 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiндегi конверсиялық жобаларға сәйкес 600000 мың теңге сомасындағы қаржыны бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
25. Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң орта арнаулы оқу орындарын 4-қосымшаға сәйкес белгiленген тәртiппен қабылдасын.
26. Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi жердi және жылжымайтын мүлiктердi тiркеудiң пилоттық жобасын iске асыру жөнiндегi жұмысты және барлығы 245700 мың теңге сомасындағы, оның iшiнде Ақмола облысы бойынша - 81900 мың теңге, Алматы облысы бойынша - 122850 мың теңге және Алматы қаласы бойынша - 40950 мың теңге сомасындағы, жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
27. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiн мемлекеттiк сыртқы қарыздардың қаражатына жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды iске асыратын органдардың жанындағы жұмыс топтары туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
28. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 25 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардың тұрғысында еңбекке ақы төлеу қорының және әкiмшiлiк шығыстарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегiндегi iссапар шығындарының лимитiн ұсынсын.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi департаментi аукциондар мен тендерлердi жүргiзуге, мемлекеттiк меншiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзуге және мемлекет қатысатын кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзуге байланысты шығындарды қаржыландыруға пайдаланатын қаражаттың шектi мөлшерiн жекешелендiруден түсетiн қаражаттың бес процентiнен аспайтын сомада белгiлесiн. <*>
Делдалдың (андеррайтердiң) қызметiн пайдалану арқылы акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiндегi шығындардың сомасы осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шектi мөлшер есепке алынбастан, жоғарыда аталған қызметтердi көрсетуге арналған шартпен айқындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгердi және жаңа абзацпен толықтырылды -
ҚРҮ-нiң 1998.03.31. N 272 қаулысымен. P980272_
30. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 1998 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ақмола қаласын дамытудың бiрiншi кезектегi объектiлерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
31. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылғы 20 қаңтарға дейiн Жаңа тұрғын үй саясатын пилоттық жобалар арқылы жүзеге асырудың тетiктерi жөнiндегi тәртiптi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
32. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi мен Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiгi 1998 жылдың 20 ақпанына дейiн қуаттардың жаңартылған көздерiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 200000 мың теңге сомасындағы қаражатты қайтарымдық негiзде бөлудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
33. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларды басқару органдары:
тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыру кезiнде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттiк сатып алулар процесiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және үлгi бойынша жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алулар туралы ақпарат берiп отырсын;
тоқсандар бойынша бекiтiлген сомалардың шегiнде заттай және құны түрiнде көлемдерiн көрсету арқылы, олардың түрлерi мен топтары бойынша 1998 жылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң тiзбесiн жасасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
есептi кезең өткен соң, 25 күннен кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген үлгi бойынша бекiтiлген жылдық сомалардың шеңберiнде республикалық бюджет бойынша қабылданған қаржылық мiндеттемелердiң орындалуының тоқсандық есептерiн тапсырсын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ол бекiткен нысан бойынша, есептi айдан 15 күн өткен соң, қаржы мiндеттемелерi бойынша дебиторлық және несиелiк берешек туралы ақпаратты табыс етсiн.
34. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлген конкурстардың нәтижесi бойынша мемлекеттiк сатып алуларға жұмсалған шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырсын;
1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi конкурстық негiзде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын және конкурстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын олардың тапсырысшыларының тiзбесiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
1998 жылдың 1 ақпанына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржыландыратын ұйымдарға арналған, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар бойынша мемлекеттiк сатып алу және несиелiк борыштар бойынша жүргiзiлетiн есептердiң тәртiбi мен үлгiсiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
35. Министрлiктер, ведомстволар, Ақмола облысы мен Ақмола қаласының әкiмдерi 1998 жылғы 15 қаңтарға дейiн Ақмола қаласында тиiстi министрлiктердiң, ведомстволардың, Ақмола облысының және Ақмола қаласының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған штаттық адам саны мен шығындардың есебiнен Ақмола қаласында мемлекеттiк органдарын ұйымдастырсын.
Ақмола облысы мен Ақмола қаласының әкiмдерi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша облыс пен Ақмола қаласы бюджеттерiнiң орындалуы туралы ай сайын есеп берiп тұрсын.
36. Облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерiне 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджет қаражатының бос қалдығын жалақы төлеу және басқа әлеуметтiк төлемдер жөнiндегi борыштарды өтеу үшiн басым тәртiпте пайдалану ұсынылсын.
37. Мемлекеттiк органдарды реформалау және бюджеттiк қаржыларды ұтымды пайдалану жөнiнде жүргiзiлiп отырған шараларға байланысты Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, орталық атқарушы органдарына, оның iшiнде Қазақстан Республикасының құрамына кiрмейтiндерiне, және басқа мемлекеттiк органдарға бiр жыл бойы штаттағы адамдардың санын және оларды ұстауды қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныс жасауға тыйым салынсын. Бұл мәселелер жөнiндегi ұсыныстар алдағы қаржылық жылдың бюджетiн жасау кезiнде қаралады деп белгiленсiн.
38. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен бiрлесiп 1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк кәсiпорындар мен қаржылық секторларды дамытуға арналып Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiсiнен алынатын 515970 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк сыртқы қарыз қаражатын атаулы бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
39. Қазақстан Республикасының Энергетика, өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде министрлiктердiң, ведомстволардың және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметтiк ғимараттарды пайдалануының тәртiбi мен нормативтерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген межелерден артық пайдаланылып келген ғимараттарды қайта бөлудi қамтамасыз етсiн.
40. Облыстар мен Алматы қаласының және астананың әкiмдерiне жергiлiктi бюджетте тұратын ұйымдардың соңғыларының жергiлiктi бюджетке берешектерiн өтеу есебiнен есептеу жолымен ұйымдарға (тауар, жұмыс және қызмет көрсету берушiлерге) пайда болған берешектерiн өтеудi қоя тұру ұсынылсын.
41. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры ұйымдарға (тауарлар, жұмыстар берушiлер мен қызмет көрсетушiлерге) мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың жинақталып қалған борыштарын соңғылардың бюджеттен тыс қорға төленетiн төлемдер жөнiндегi борыштарды жабуы есебiнен есептеме жасау жолымен (заттай төлемдi қоса алғанда) өтеу жүргiзбейтiн болсын.
42. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да мемлекеттiк
органдармен бiрлесiп 1998 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан
Республикасының Үкiметiне бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулымен
сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1864 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының 1998 жылға
арналған республикалық бюджетi
Санаты
Сыныбы
Сынапша
Ерекшелiгi
Атауы Сомасы
(мың теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
1. Кiрiстер 196503609
1 САЛЫҚ ТҮСIМДЕРI 127863115
1 Кiрiстерге және капитал өсiмiне салынатын 33161049
табыс
1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 26652283
1 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын табыс 23987322
салығы
2 Резидент емес-заңды тұлғалардан алынатын 2664961
табыс салығы
2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 6508766
1 Жеке тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен 6508766
ұсталатын табыс салығы
4 Меншiкке салынатын салықтар 600000
2 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000
алымдар
1 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000
алымдар
5 Тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге 85012066
салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құнға салынатын салық 60900773
1 Iшкi өндiрiс тауарларына, жұмыстар мен қызмет 47900773
көрсетулерге салынатын қосылған құн салығы
2 Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн 13000000
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
2 Акциздер 7917603
19 Бензин 6333603
29 Өңделмеген мұнай 1584000
3 Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн 16193690
түсiмдер
5 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 1514000
бонустар
6 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 14679690
роялти
6 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 9090000
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 6290000
1 Импорттық кеден баждары 6290000
2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 2800000
басқа да салықтар
1 Кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдердi 2800000
жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер
2 САЛЫҚҚА ЖАТПАЙТЫН ТҮСIМДЕР 17680594
1 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 14982744
кiрiстер
2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 14890500
түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 400000
табыстарынан түсетiн түсiмдер
3 Мемлекетке тиесiлi акциялар пакетiне 3500000
дивидендтер түсiмi
5 Тәркiленген, иесiз мүлiктi, мемлекетке 57000
мұрагерлiк құқық бойынша өткен мүлiктi, қазыналарды,
тауып алған заттарды сатудан түсетiн түсiмдер
6 Республика iшiнде берiлген қарыздар мен 515000
несиелер үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер)
10 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн 9418500
жалгерлiк төлем
11 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi 1000000
бойынша алынған сыйақылар (мүдделер)
3 Меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер 92244
4 Шет мемлекеттердiң Үкiметтерiне мемлекеттiк 92244
несиелер берiлгенi үшiн алынатын сыйақылар
(мүдделер)
2 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық 1718900
емес және жолай сатудан алынатын кiрiстер
1 Әкiмшiлiк алымдар 885000
7 Қазақстан Республикасының азаматтарына 600000
төлқұжаттар беру үшiн төлемдер, үй кiтаптарын
сатудан түскен түсiмдер
10 Басқа да әкiмшiлiк алымдары 285000
3 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес және 833900
жолай сатудан алынатын кiрiстер
1 Мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем 200000
9 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес 633900
және жолай сатудан алынатын кiрiстер
3 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500
1 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500
3 Стандарттар мен сертификаттау ережелердiң 10500
талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердi,
жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатудан
алынған табыстар сомасының түсiмi
7 Экономикалық нормативтердi және статистикалық 9000
есеп берудiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi белгiлеген мерзiмдерiн бұзғаны үшiн
екiншi деңгейдегi банктерге қолданылатын санкция
сомаларының түсiмi
5 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450
1 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450
3 Қоршаған ортаны қорғау қорына түсiмдер 674850
9 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 284600
3 КАПИТАЛМЕН ЖАСАЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН 50959900
АЛЫНАТЫН КIРIСТЕР
1 Негiзгi капиталды сату 45000000
1 Негiзгi капиталды сату 45000000
4 Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден 45000000
түсетiн түсiмдер
2 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900
1 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900
1 Мемлекеттiк материалдық резервтерден тауарлар 3522900
сатудан түсетiн түсiмдер
2 Мемлекеттiк қорлардан астық сатудан түсетiн 2437000
түсiмдер
II. Алынған ресми трансферттер (гранттар) 7455200
4 АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР (ГРАНТТАР) 7455200
1 Басқа деңгейлердегi мемлекеттiк басқару 6300000
органдарынан
5 Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 6300000
сақтандыру жарналары бойынша берешектердi
өтеу
2 Сыртқы көздерден 1155200
1 Сыртқы көздерден 1155200
1 Ағымдағы 500000
2 Күрделi 655200
Ф/тон
Функция
Шағын функция
Мекеме
Атауы Сомасы
(мың теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
III. Шығыстар 281334379
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет 32387419
көрсетулер
1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 23385944
енгiзiлмеген өзге де органдар, қаржы және
салық-бюджет саясаты, шет мемлекеттерге
экономикалық көмек көрсетудi қоспағанда
сыртқы экономикалық қызмет
1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 1431766
енгiзiлмеген өзге де органдар
101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 372272
Әкiмшiлiгi
102 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 789555
Шаруашылық Басқармасы
104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 238741
Кеңсесi
637 Қазақстан Республикасының Конституциялық 31198
Кеңесi
2 Қаржы және фискальдық қызмет 15373936
217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 15239250
311 Қазақстан Республикасының Инвестициялар 65764
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
406 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау 27922
жөнiндегi есеп комитетi
660 Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 41000
жөнiндегi ұлттық комиссиясы
3 Сыртқы экономикалық қызмет 6580242
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 3310101
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 244980
министрлiгi
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 2133510
министрлiгi
411 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы 16896
және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық
Кеңесiнiң атқарушы комитетi
601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 299880
698 Аралды құтқару халықаралық қоры 574875
3 Iргелi зерттеулер 4084113
206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 4084113
- Ғылым академиясы
4 Жалпы сипаттағы қызмет көрсетулер 4200935
2 Жалпы жоспарлау және статистикалық 1439372
қызметтер
604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 1439372
жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi
3 Жалпы сипаттағы өзге де қызметтер 2761563
603 Қазақстан Республикасы Президентiнiң архивi 27947
617 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орталық 21878
архивi
621 Қазақстан Республикасының Жоғары және 20473
орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола
қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясы
646 Қазақстан Республикасының Президентiнiң 20622
жанындағы Қазақстан стратегиялық
зерттеулер институты
680 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет 938658
қызметi
694 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 923154
Басқармасы
696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 808831
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
5 Басқа санаттарға жатқызылмаған жалпы 716427
сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер
676 Азық-түлiк контракт корпорациясы 500000
690 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау 216427
комиссиясы
2 Қорғаныс 17544752
1 Әскери мұқтаждарға байланысты қызмет 16345542
1 Әскери мұқтаждар 16345542
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 15711418
министрлiгi
678 Республикалық ұлан 634124
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қорғаныс 1199210
саласындағы қызмет
308 Қазақстан Республикасының Төтенше 1199210
жағдайлар жөнiндегi комитетi
3 Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 27875754
1 Iшкi iстер органдары 8197677
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 5537816
министрлiгi
624 Iшкi әскерлер бас басқармасы 2659861
2 Соттар және прокуратура 4890436
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2741530
501 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 364190
502 Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 1784716
3 Қылмыстық-атқару жүйесi 5066207
623 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер 5066207
министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару
жүйесi департаментi
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қоғамдық 9721434
тәртiп және қауiпсiздiк
303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс 3936607
министрлiгiнiң Шекара күзетi жөнiндегi
комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық 5094497
қауiпсiздiк комитетi
601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 615055
649 Эргономика институты 75275
4 Бiлiм беру 17967461
1 Мектепке дейiнгi бiлiм беру 396954
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 41243
министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 102550
коммуникациялар министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 220107
және денсаулық сақтау министрлiгi
696 Қазақстан Республикасы Президентi мен 30478
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 2576
Басқармасының Медициналық орталығы
2 Бастауыш және орта бiлiм беру 3091436
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 190633
коммуникациялар министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2900803
және денсаулық сақтау министрлiгi
4 Арнаулы орта бiлiм беру 958555
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 328390
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 89281
министрлiгi
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 77427
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 463457
және денсаулық сақтау министрлiгi
5 Кадрларды кәсiби даярлау 199459
1 Кадрларды қайта даярлау жөнiндегi оқу 199459
орындары мен курстар
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 1364
министрлiгi
206 Қазақстан Республикасының Ғылым 18879
министрлiгi - Ғылым академиясы
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 3318
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 1318
министрлiгi
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 8752
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 125915
және денсаулық сақтау министрлiгi
641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 18715
университетi
648 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 21198
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн арттыру институты
6 Жоғары бiлiм беру 11468614
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 359798
министрлiгi
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 96358
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 764223
министрлiгi
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 72852
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 8481533
және денсаулық сақтау министрлiгi
308 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар 42183
жөнiндегi комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 309283
комитетi
611 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 50000
жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару
Мектебi
640 Қ.Яссауи атындағы Халықаралық 266245
Қазақ-Түрiк университетi
641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 993572
университетi
645 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 32567
жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика
және болжау институты
7 Деңгейлерi бойынша айқындалмайтын бiлiм 1782199
беру саласындағы қызметтер
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1622199
және денсаулық сақтау министрлiгi
299 Басқа ұйымдар 160000
8 Бiлiм беру саласындағы қосалқы қызметтер 70244
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2000
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 53187
және денсаулық сақтау министрлiгi
604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 15057
жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi
5 Денсаулық сақтау 10916354
1 Ауруханалар 7785702
1 Кең профильдi ауруханалар 6692608
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 5909337
және денсаулық сақтау министрлiгi
697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 783271
Басқармасының Медициналық орталығы
3 Медициналық орталықтар мен перзентханалар 21307
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 21307
және денсаулық сақтау министрлiгi
5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған аурухана 1071787
мекемелерiнiң жұмысы мен қызмет көрсетулерi
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 96375
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 226248
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 655200
және денсаулық сақтау министрлiгi
303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 83232
Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi
678 Республикалық ұлан 10732
2 Емханалар және дәрiгерлер, тiс дәрiгерлерi мен 100979
орта медициналық қызметкерлердiң қызмет
көрсетуi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 69460
және денсаулық сақтау министрлiгi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 31519
комитетi
3 Халықтың денсаулығын сақтау 1492041
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1230936
және денсаулық сақтау министрлiгi
697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 261105
Басқармасының Медициналық орталығы
6 Денсаулық сақтау саласындағы басқа санаттарға 1537632
жатқызылмаған жұмыс пен қызмет көрсетулер
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1537632
және денсаулық сақтау министрлiгi
6 Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру 9190295
1 Әлеуметтiк сақтандыру 8840367
2 Зейнетақы бағдарламалары 7863417
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 4362170
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 2727719
министрлiгi
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 66228
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс 237600
министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi
жөнiндегi комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 469700
комитетi
6 6 Әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi 976950
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 151537
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 825413
коммуникациялар министрлiгi
3 Әлеуметтiк қамсыздандыру 269439
2 Әлеуметтiк қамсыздандыру - интернат 30970
үлгiсiндегi басқа да мекемелер
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 30970
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
5 Интернат үлгiсiндегi мекемелер арқылы 238469
көрсетiлмейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру
жөнiндегi қызмет көрсетулер
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 238469
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған әлеуметтiк 80489
сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру
саласындағы қызметтер
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 80489
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
8 Демалысты ұйымдастыру және мәдениет 9855995
саласындағы қызмет
1 Бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру 1404720
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1338544
және денсаулық сақтау министрлiгi
230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 64895
қоғамдық келiсiм министрлiгi
696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 1281
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
2 Мәдениет саласындағы қызмет 3215892
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2933407
және денсаулық сақтау министрлiгi
230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 282485
қоғамдық келiсiм министрлiгi
3 Теледидар және радиохабарлары, баспа 5107007
мекемелерi мен қызметтерi
230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 751863
қоғамдық келiсiм министрлiгi
650 "Қазақстан теледидары және радиосы" 3028183
корпорациясы
656 "Мир" мемлекет аралық телерадио компаниясы 17110
686 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 57426
телерадиокешенi" мемлекеттiк мекемесi
689 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар 1252425
агенттiгi" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны
5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған 128376
мәдениет және дiн саласында демалыс пен
қызметтi ұйымдастыру
230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 128376
қоғамдық келiсiм министрлiгi
9 Отын-энергетика кешенi 1150000
9 1 Отын 1150000
1 Көмiр және қатты қазба отынның басқа да 1150000
түрлерiн өндiру
699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 1150000
Медетшi банкi
10 Ауыл, су және орман шаруашылығы, балық 7604294
аулау, аң аулау және табиғат қорғау
1 Ауыл шаруашылығы 6042141
1 Ауыл шаруашылық жерлерi мен су ресурстарын 916899
басқару
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 916899
министрлiгi
2 Жер реформалары және жерге орналастыру 468450
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 468450
министрлiгi
3 Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау 2500000
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2500000
министрлiгi
5 Мал дәрiгерлiк қызмет көрсету 1164064
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1164064
министрлiгi
6 Ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы күрес 778720
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 778720
министрлiгi
7 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 214008
шаруашылығы саласындағы қызмет
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 214008
министрлiгi
2 Орман шаруашылығы 1014101
206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 2000
- Ғылым академиясы
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1012101
министрлiгi
3 Балық аулау және аң аулау 65000
212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 65000
министрлiгi
4 Ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер 5000
және тәжiрибелiк талдамалар
206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 5000
- Ғылым академиясы
11 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 478052
шаруашылығы, балық аулау, аң аулау және
табиғат қорғау саласындағы қызмет және
қызмет көрсетулер
218 Қазақстан Республикасының Экология және 478052
табиғи ресурстар министрлiгi
11 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 1090482
пайдалы қазбалар; өңдеу өнеркәсiбi; құрылыс
1 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 120482
пайдалы қазбалар
206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 120482
- Ғылым академиясы
3 Құрылыс 70000
232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 70000
индустрия және сауда министрлiгi
11 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған кен өндiру 900000
өнеркәсiбi және пайдалы қазбалар, ұқсатушы
өнеркәсiп және құрылыс саласындағы қызметтер
мен қызмет көрсетулер
218 Қазақстан Республикасының Экология және 900000
табиғи ресурстар министрлiгi
12 Көлiк және байланыс 304329
2 Су көлiгi 120000
2 Су көлiгiн пайдалану 120000
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 120000
коммуникациялар министрлiгi
7 Байланыс жүйелерi 128360
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 128360
коммуникациялар министрлiгi
8 Басқа санаттарға жатқызылмаған көлiк және 55969
байланыс саласындағы қызмет
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 55969
коммуникациялар министрлiгi
13 Экономикалық қызметпен байланысты басқа да 26158689
қызмет көрсетулер
3 Көп мақсатты даму жобалары 434070
104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 343980
Кеңсесi
212 Қазақстан Республикасының Ауыл 90090
шаруашылығы министрлiгi
4 Еңбектi жалпы ұйымдастыруды қоспағанда, жалпы 675009
шаруашылық және коммерциялық қызмет
218 Қазақстан Республикасының Экология және 535235
табиғи ресурстар министрлiгi
232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 139774
индустрия және сауда министрлiгi
5 Еңбектi жалпы ұйымдастыру 271261
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 271261
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
6 Басқа санаттарға жатқызылмаған экономикалық 24778349
қызметке байланысты басқа да қызмет көрсетулер
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 140000
министрлiгi
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 376740
министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 113109
және денсаулық сақтау министрлiгi
299 Басқа ұйымдар 24148500
14 Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар 119288555
1 Мемлекеттiк мiндеттемелермен жүргiзiлетiн 26464292
операциялар
1 Сыйақылар (мүдделер) төлеу 26148852
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 26148852
министрлiгi
2 Мемлекеттiк заемдарды орналастыруға және 315440
оларды қайта қаржыландыруға байланысты
шығыстар
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 315440
министрлiгi
3 Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар 92824263
арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер
105 Әкiмдер аппараты 40184263
119 Қарағанды облысының әкiмi 140000
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 52500000
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Ф/топ
Функциясы
Iшкi функциясы Атауы Сомасы
Мекеме (мың теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
IV. Өтеу шегерiлген несиелендiру 33231936
Несиелендiру 36906822
14 2 Несиелендiру 36906822
1 Iшкi көздерден iшкi несиелендiру 19982687
115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 956592
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 745290
коммуникациялар министрлiгi
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 10221305
министрлiгi
218 Қазақстан Республикасының Экология және 150000
табиғи ресурстар министрлiгi
299 Басқа да ұйымдар 7000000
667 Екiншi деңгейдегi банк 409500
699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 5000000
Медетшi банкi
2 Сыртқы көздерден iшкi несиелендiру 16842735
104 Қазақстан Республикасы Премьер- 171990
Министрiнiң Кеңсесi
115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 7338731
212 Қазақстан Республикасының Ауыл 2078540
шаруашылығы министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 6494015
коммуникациялар министрлiгi
232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 759459
индустрия және сауда министрлiгi
3 Сыртқы несиелендiру 81400
217 Қазақстан Республикасының Қаржы 81400
министрлiгi
Өтеу - 3674886
5 ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАЕМДАРЫ МЕН ҚАРЫЗДАРЫН
ӨТЕУ - 3674886
1 Iшкi несиелендiрудi өтеу - 3253935
2 Банктер мен жекелеген банк операцияларын - 892629
жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда,
ұйымдардың өтеуi
2 Орталықтандырылған директивтiк несие - 135000
бойынша мерзiмi өткен берешектi және
сыйақыларды (мүдделердi) қайтару
3 Iшкi республикалық есептеме бойынша несие - 97500
жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi қайтару
4 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қолдау - 43000
қорына берiлген орталықтандырылған
дерективтiк несиелер жөнiндегi мерзiмi
өткен берешектi қайтару
5 Қаржылық емес мемлекеттiк кәсiпорындардың - 2129
өтеуi
6 Лизинг операцияларын жүргiзуге берiлген - 615000
несиелер бойынша қаражатты қайтару
4 Банктердiң және банк операцияларының - 2297306
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың өтеуi
1 Банктердiң және банк операцияларының - 2297306
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың өтеуi
5 Iшкi несиелендiрудi өтеудiң өзге де түрлерi - 64000
1 Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттарды - 61500
қайтару
2 Жеке айналымдағы қаражаттың жетiспеушiлiгi - 2500
есебiнен несие бойынша қаражаттарды қайтару
2 Сыртқы қарыздар бойынша борыштарды өтеу - 420951
мақсатымен жүргiзiлетiн iшкi несиелендiрудi
өтеу
5 2 Ұйымдардың өтеуi - 420951
1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң - 420951
мемлекеттiк кепiлдiктерi бар заемдар
бойынша өтеу
V. Бюджет тапшылығы - 110607506
VI. Қаржыландыру - 110607506
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1864 қаулысына
2-қосымша
Республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке берiлетiн
Iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң штат саны
_______________________________________________________________
Облыстар | Саны, бiрлiк
___________________________________________|___________________
|
Ақмола | 175
Алматы | 316
Ақтөбе | 142
Атырау | 91
Шығыс Қазақстан | 273
Жамбыл | 154
Батыс Қазақстан | 136
Қарағанды | 358
Қызылорда | 65
Қостанай | 267
Маңғыстау | 95
Павлодар | 183
Солтүстiк Қазақстан | 242
Оңтүстiк Қазақстан | 356
Алматы қаласы | 147
___________________________________________|___________________
Жиыны | 3000
___________________________________________|___________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1864 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнына қарасты медициналық ұйымдарының тiзбесi
Ақмола облысы
Ақмола темiр жолының Жол ауруханасы, Ақмола қаласы
Ақтөбе облысы
Батыс темiр жолының Жол ауруханасы, Ақтөбе қаласы
Атырау облысы
Емханасы бар аурухана, Атырау қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
Емханасы бар, аурухана, Защита ст. (Өскемен қаласы)
Жамбыл облысы
Емханасы бар аурухана, Жамбыл қаласы
Қарағанды облысы
Сарыарқа темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы,
Қарағанды қаласы
Батыс Қазақстан облысы
Емханасы бар аурухана, Орал қаласы
Қызылорда облысы
Емханасы бар аурухана, Қызылорда қаласы
Қостанай облысы
Емханасы бар аурухана, Қостанай қаласы
Павлодар облысы
Емханасы бар аурухана, Павлодар қаласы
Солтүстiк Қазақстан облысы
Аурухана, Көкшетау қаласы
Емханасы бар бөлiмшелiк аурухана, Петропавл ст.
Семей облысы
Семей темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы, Семей қаласы
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Түркiстан темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы,
Шымкент қаласы
Алматы қаласы
"Қазақстан темiр жолы" РМК орталық клиникалық ауруханасы,
Алматы қаласы
Алматы темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы,
(I-Алматы ст.), Алматы қаласы
Балалар жол ауруханасы, I-Алматы ст.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1864 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттен
жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн
арнаулы орта оқу орындарының
ТIЗБЕСI
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Ақтөбе облысы
Ақтөбе темiр жол көлiгi колледжi
Оңтүстiк Қазақстан облысы
Кентау экономикалық колледжi
1998-99 оқу жылынан бастап
Жамбыл облысы
Жамбыл Қазақ-Түрiк есеп-экономикалық колледжi