"Қазынашылық жаңарту" жобасының шеңберiнде жүргiзiлетiн
жұмыстардың күрделiлiгiне және айтарлықтай көлемiне байланысты
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне айрықшалық
ретiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық
департаментiне директордың орынбасары қосымша бiрлiгiн енгiзуге
рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi