1. Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiгi
тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнiндегi ұсынылып отырған шаралар
жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi шаралар жоспарының орындалуына бақылау жасасын және
Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жылда бiр рет ақпарат
беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 3 ақпандағы
N 137 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiгi
тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың
ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
Шаралар | Орындау мерзiмi
___________________________________________________________________
1 | 2
___________________________________________________________________
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi 1997 жыл
iс-қимылдың ұлттық жоспарының басым шараларын,
оның iшiнде ғылыми-зерттеу және
тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды
қаржыландыру
оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құқықтық,
экономикалық және нормативтiк-әдiстемелiк
проблемалар
Экологиялық қауiпсiздiк пен экологиялық
қатер факторларын зерделеу
Қоршаған орта және табиғатты пайдалану
жағдайын басқаруды ақпараттық және
бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау
Аймақтық экологиялық қауiпсiздiк
проблемалары. Экологиялық дағдарыстардың
салдарларын жою тәсiлдерiн әзiрлеу
Халықаралық экологиялық қауiпсiздiк
мәселелерi
Өнеркәсiптiк, энергетиканың, көлiктiң,
коммуналдық және ауыл шаруашылығының
экологиялық қауiпсiздiгi проблемалары
Биологиялық әр түрлiлiк туралы
тұжырымдама шеңберiнде Қазақстан
Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн
орындау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу
және жүзеге асыру
2. Қазақстан Республикасының 1997 жыл
экологиялық тұжырымдамасының мемлекеттiк 1998 жыл ***
жүйесiн дамыту және оны жүзеге асыру 1999 жыл ***
жөнiндегi техникалық мiндеттердi әзiрлеу
3. Мына жағдайларда шектеуге жататын 1997-1998
табиғатты пайдалануды шектеу жүйелерiн жылдар
анықтау жөнiндегi нормативтiк-әдiстемелiк
құжаттар енгiзiлетiн, облыстардың аумақтарын
экологиялық аудандастыру құжаттарының
нормативтiк-әдiстемелiк негiзiн жасау:
қоршаған табиғи ортаның ластануы 1997 жыл
(атмосфера, жер үстi және жер асты сулары, 1998 жыл ***
топырақ);
табиғи ресурстарды пайдалану (су, жер, 1997 жыл
өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстары, 1998 жыл ***
демалатын орындар және басқа да ресурстар);
қазiргi табиғи ресурстық әлеуметке 1997 жыл
сәйкес келмейтiн халық шаруашылығы 1998 жыл ***
салаларының қызметтерi
4. Қазақстан Республикасының облыстары 1997 жыл
үшiн қоршаған ортаға техногендiк және 1998 жыл ***
өтпелi кезеңнiң талаптарына сәйкес экологиялық
даму аспектiлерiнен саналатын өзге де
фактордың әсер етуiне баға беру жөнiндегi
жұмыстарды орындау
5. Шекараларды басып өтетiн сулардың 1997 жыл
сапасына мемлекетаралық нормативтiк 1998 жыл ***
актiлердi әзiрлеу 1999 жыл ***
2000 жыл ***
6. Қазақстан Республикасы заңдарының
жобаларын әзiрлеу:
"Өндiрiстiк және тұтыну қалдықтарын 1997 жыл
пайдалану және кәдеге жарату туралы"
"Экологиялық бақылау туралы" 1997 жыл
"Гидрометеорологиялық қызмет туралы" 1998 жыл
7. Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық 1999 жыл ***
схемасын ескерiп экологиялық ұзақ мерзiмдiк 2000 жыл ***
кешендi бағдарлама әзiрлеу:
облыстық бағдарламалар
Ұлттық бағдарламалар 2000 жыл ***
8. Экологиялық бiлiм бағдарламаларын 1997 жыл
әзiрлеу 1998 жыл ***
Ескерту:
<*>
. РТҚҚ - Республикалық табиғат қорғау қоры;
ОТҚҚ - облыстық табиғат қорғау қоры;
<**>
. Қазақстан Республикасының 19 облысы бойынша
iстелетiн жұмыстарды орындау құнына салынған
сомасы
<***>
. 1998-2000 жылдарға жоспарланған шараларды
жүргiзуге арналған қаражаттар тиiстi қаржылық
жылға бөлiнген бюджетте айқындалатын болады.
________________________________________________________________
Қаржыландыру көздерi
<*>
, құны | Орындауға жауаптылар
(мың теңге) |
____________________________________|
РТҚҚ | ОТҚҚ |
________________________________________________________________
3 | 4 | 5
________________________________________________________________
30400 Экобиресурсминi
4000
2400
5000
5000
4000
6000
4000
800 Экобиоресурсминi
Бұл да
1500
900
450
6000 *** Жергiлiктi атқарушы
органдар
994 Суресурскомы
Экобиоресурсминi
Бұл да
Қазгидромет
Облыстық биоресурстар
басқармалары
Экобиоресурсминi
1500 Бiлiм министрлiгi
Экобиоресурсминi