1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 58 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң 3
орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан
тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995
жылғы 19 желтоқсандағы N 1818
P951818_
қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1675 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Өнер басқармасы
Кино iсi жөнiндегi басқарма
Жекешелендiру, жаңа инфрақұрылым және маркетинг секторы
Шетелдермен мәдени байланыстарды үйлестiру секторы
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi инспекция
Мәдени - демалыс және музей жұмыстары бөлiмi
Экономика, қаржы және талдау бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
Нормативтiк-талдама және кадр жұмысы бөлiмi
Жалпы бөлiм