1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 108 адам болып бекiтiлсiн (ғимарат күзету және оған қызмет көрсету жөнiндегi қызметшiлердi қоспағанда).
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң 4 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары - вице президентiн, сондай-ақ адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 мамырдағы N 548
P960548_
қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24
шілдедегi N 924
P960924_
қаулысының 2-тармағының екiншi абзацы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1663 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар
басқармасы
Iргелi зерттеулер басқармасы
Ғылыми-ұйымдастыру басқармасы
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық басқармасы
Ақпараттық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау бөлiмi
Қаржы-экономика бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
Ғылыми-баспа жұмысы бөлiмi
Кадр жұмысы бөлiмi
Өндiрiстiк-әкiмшiлiк басқармасы