1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп "Құмкөл-ЛУКойл" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетте роялти төлеу жөнiндегi 31900 мың (отыз бiр миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн.
Аталған сома республикалық бюджет есебiнен ұсталатын бюджеттiк
мекемелерi мен қосымшаға сәйкес жылу энергиясын тұтынғаны үшiн
Қызылорда облысының 6-ЖЭО алдындағы бар берешегiн қаржыландыру
есебiне есептелсiн.
2. "Құмкөл-ЛУКойл" акционерлiк қоғамының алдындағы берген мазут
үшiн қызылорда облысының 6-ЖЭО берешегi есептеме сомасына өтеледi.
3. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып
жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1539 қаулысына
қосымша
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және тұтынылған
жылу энергиясы үшiн есептемеге қабылданған мекемелердiң
ТIЗБЕСI
(мың теңге)
_______________________________________________________________
Бюджеттiк ұйымдардың атаулары Есептемеге қабылданған
берешек сомасы
_______________________________________________________________
Қорғаныс министрлiгi 1046
Бiлiм министрлiгi 7046
Ауыл шаруашылығы министрлiгi 414
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 9671
Қаржы министрлiгi 607
Мемлекеттiк салық комитетi 1527
Экология және биоресурстар министрлiгi 121
Әдiлет министрлiгi 1455
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитет 140
Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет 292
Су ресурстары жөнiндегi комитет 36
Бас прокуратура 1257
Мемлекеттiк тергеу комитетi 6927
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 1361
Жиыны: 31900