1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк меншiк нысанына жататын азаматтық-тұрғын үй бейiнiндегi және инженерлiк-iздестiру институттары коммуналдық меншiкке берiлсiн.
Облыс әкiмдерiне берiлген институттарды қайта ұйымдастырған кезде оларға бұрын орындаған жұмыстарынан басқа, жолдарды, агроөнеркәсiптiк және су шаруашылық бейiнiндегi объектiлердi, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жобалау мәселелерi жүктелсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қарашадағы N 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 526-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қарашадағы N 1136 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 шiлдедегi N 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 343-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15
қарашадағы N 1136 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17
қарашадағы N 1301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 45, 492-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1475 қаулысына
қосымша
Коммуналдық меншiкке берiлетiн мемлекеттiк меншiк
нысанына жататын азаматтық-тұрғын үй
бейiнiндегi және инженерлiк iздестiру
институттарының
ТIЗБЕСI
"Ақмолаазаматжобалау" Мемлекеттiк азаматтық-тұрғын үй
мақсатындағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жобалау институты,
Ақмола қаласы
"Торғайжобалау" Мемлекеттiк жобалау институты, Арқалық қаласы
"Атыраужобалау" Мемлекеттiк жобалау институты, Атырау қаласы
"Жезқазғаназаматжобалау" Мемлекеттiк азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жобалау институты, Жезқазған қаласы
"Восток МИIИ" Мемлекеттiк инженерлiк iздестiру институты, Өскемен қаласы
"Қарағандыазаматжобалау" Мемлекеттiк азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жобалау институты, Қарағанды қаласы
"Қостанайазаматжобалау" Мемлекеттiк азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жобалау институты, Қостанай қаласы
"Ақтөбе МИIИ" Мемлекеттiк инженерлiк iздестiру институты, Ақтөбе қаласы
"Севазаматжобалау" Мемлекеттiк азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектiлердi жобалау жөнiндегi жобалау институты, Петропавл қаласы