Қарағанды көмiр бассейнiнiң көмiр шығаратын кәсiпорындарын
мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы
етедi:
"Көмiр өнеркәсiбi саласының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi
қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 24 қаңтардағы N 74
P950074_
қаулысының "Қарағандыкөмiр"
мемлекеттiк холдинг компаниясына, қазiргi "Қарағандышахтакөмiр"
мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты 2-тармағының қолданылу мерзiмi
1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн ұзартылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi