1. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 36 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасына Басқарма бастығының бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 7
адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасы орталық аппаратына 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы орталық аппаратының
құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994
жылғы 9 қарашадағы N 1244 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1787 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқарма орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Гидрометқамту және мониторинг бөлiмi
Өндiрiстiк-техникалық бөлiмi
Экономикалық бөлiм
Кадр бөлiмi
Жалпы бөлiм
Бухгалтерлiк есепке алу және есеп беру бөлiмi
Халықаралық ынтымақтастық және ақпарат секторы