1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi таратылсын, оның мүлкi мен iсiн басқару өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлсiн.
2. Мыналардың:
"Қазақ ССР Министрлер Советi жанынан Емдеу-сауықтыру
бiрлестiгiн құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 5
ақпандағы N 48 қаулысының;
"Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру
бiрлестiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер
Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 ақпандағы N 138 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары