1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны 98 адам шегiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi
орынбасарын ұстауға рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң алқа құрамы 7 адам болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 4 қазандағы
N 1107 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Зейнетақымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру басқармасы
(жетекшi)
Ардагерлер мен мүгедектер iстерi жөнiндегi басқарма (жетекшi)
Зейнетақы қоры жөнiндегi басқарма (жетекшi)
Экономика және қаржыландыру басқармасы (жетекшi)
Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Заң бөлiмi
Протездеу, протез құрастыру және мүгедектердiң қоғамдық
бiрлестiктерi жөнiндегi бөлiм
Есептеу жүйелерi және зейнетақы мен жәрдемақыларды таратып
берудi ұйымдастыру бөлiмi
Кадр жұмысы және жалпы мәселелер бөлiмi