"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы
әскери прокуратура органдарындағы бастапқы лауазымдардың толық
жасақталмауына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi Қаулы етедi:
1993-1994 жылдары жоғары заң бiлiмi бар запастағы 80 офицер
екi жыл мерзiмге әскери прокуратура органдарына әскери қызметке
шақырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi