"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң |
|
| 2026 жылғы 26 тамыздағы № 767 қаулысына 1-қосымша |
Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтар
1. Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауы.
2. Ақмола облысының Бурабай ауданы.
| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң |
|
| 2026 жылғы 26 тамыздағы № 767 қаулысына 2-қосымша |
Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесі
1. Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары.
2. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауы.
3. Жетісу облысының Панфилов ауданы және Алакөл көлінің жағалауы.
4. Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары.
5. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы.
6. Абай облысында Алакөл көлінің жағалауы.