Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы.
Егер тұрғынжай бұрын 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін купондық тетік арқылы немесе өзге тәсілмен жекешелендірілген болса, бұл мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіруден бас тарту үшін негіздер болып табылмайды.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыз немесе одан аз үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |