ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) ғылыми қалашықты дамыту стратегиясын бекіту;
15-2) ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегиясын бекіту;
15-3) ғылыми қалашықты дамыту стратегиясының іске асырылуы туралы есепті бекіту;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
"15-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |