"Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 639 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 18 шілдедегі
№ 639 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 234 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      2) геопортал – телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

      3) интероперабельділік – кеңістіктік деректердің, метадеректердің, техникалық және бағдарламалық құралдардың функционалдық және ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілігін білдіретін өзара үйлесімділік қағидаты;

      4) кеңістіктік деректер – жергілікті жер объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді қамтитын, белгілі бір нысанда және координаттық есептеу жүйесінде танылған ақпарат;

      5) кеңістіктік деректер иелері – кеңістіктік деректерді және олардың жинақтарын иеленетін жеке және заңды тұлғалар;

      6) кеңістіктік деректердің меншік иелері – кеңістіктік деректер, олардың жинақтары мен сервистерін құру, жаңарту үшін мемлекеттік тапсырыстың тапсырыс берушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдары;

      7) метадеректер – кеңістіктік деректер мен геосервистердің жинақтарын сипаттайтын ақпарат;

      8) Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы (бұдан әрі – ҰКДИ) – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер;

      9) Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – ҰКДҚ) – геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің одан әрі пайдалануы мақсатында есепке алынатын, ұзақ сақталатын цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректердің жалпымемлекеттік, салааралық, арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар жиынтығы;

      10) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;

      11) GML форматы – бұл электрондық цифрлық ресурстарға, мемлекеттік кадастрларға, тіркелімдерге, тізілімдерге, дерекқорға, оның ішінде географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарға арналған, сондай-ақ Интернеттегі географиялық транзакциялар үшін ашық алмасу форматына арналған модельдеу тілі;

      12) TMS, WMTS тайлдық сервистер – Интернет арқылы географиялық байланған картаны орындау уақытында есептелген фрагменттерге (тайлдарға) қызмет көрсетуге арналған геосервистер;

      13) WCS растрлық сервистері – стандартты интерфейсті анықтауға арналған геосервистер және әр өлшеу нүктесінде берілген мәндерден тұратын геокеңістіктік қамтуға интероперативті қолжетімділікті қамтамасыз ететін операциялар;

      14) WFS векторлық сервистері – Интернет желісі арқылы объектілер мен объектілердің қасиеттері деңгейінде географиялық ақпарат беруге арналған геосервистер;

      15) WMS растрлық сервистері – картографиялық сервер жасаған географиялық цифрлық жүйелердің дерекқорындағы деректер негізінде географиялық байланысты кескіндерге Интернет арқылы қызмет көрсетуге арналған геосервистер.

      3. ҰКДИ-ге бюджет қаражаты есебінен құрылатын кеңістіктік деректер жиынтығы кіреді, сондай-ақ кеңістіктік деректер иелерінің өтінімдері бойынша кеңістіктік деректер жиынтықтары енгізілуі мүмкін.

      4. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қоспағанда, кеңістіктік деректер жиынтығы ҰКДИ мемлекеттік геопорталында ұсынылады және жарияланады.

      5. Кеңістіктік деректер базалық кеңістіктік деректер мен тақырыптық кеңістіктік деректерден тұрады.

      Географиялық цифрлық жүйелерде интеграциялау және бірлесіп пайдалану үшін біріздендірілген негіз ретінде жалпыға бірдей қолжетімді стандартталған кеңістіктік деректердің жиынтығы базалық кеңістіктік деректер болып табылады.

      Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері ғылыми, өндірістік немесе өзге де қызмет процесінде құратын кеңістіктік деректер тақырыптық кеңістіктік деректерге жатады.

      6. Бюджет қаражатының есебінен қалыптастырылатын базалық кеңістіктік деректердің жинақтары мен тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес ҰКДИ-дің негіз қалаушы компоненттері болып табылады.

      7. Кеңістіктік деректердің негізгі нысандары:

      1) векторлық деректер, оларға: кадастрлық ақпарат, географиялық объектілердің атаулары, шекаралар, атаулы ақпарат, гидрография және гидротехникалық құрылысжайлар, рельеф, көлік инфрақұрылымының объектілері, өсімдіктер, топырақ, жер учаскелері, ғимараттар мен құрылысжайлар, инженерлік коммуникациялар, құрылыс салынған аумақтар кіреді;

      2) Жерді қашықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) деректері: аэрофототүсірілім және ғарыштық түсірілім;

      3) ортофотожоспарлар: ЖҚЗ деректері негізінде алынған геоөнім;

      4) картографиялық сервистер, оларға: WFS векторлық сервистері, WMS, WCS растрлық сервистері, WMTS, TMS тайлдық сервистері кіреді.

      8. Кеңістіктік деректердің әрбір жинағына және осы жинақтарға арналған сервистерге "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 114/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32221 болып тіркелген) бекітілген құрылымға және анықтамалыққа сәйкес метадеректер қоса беріледі.

2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібі

      9. Кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге ұсыну ҰКДИ мемлекеттік геопорталы арқылы жүзеге асырылады.

      10. Кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге ұсыну мақсатында мемлекеттік цифрлық жүйелерді, оның ішінде кадастрларды, географиялық цифрлық жүйелерді, геопорталдар мен геосервистерді (бұдан әрі – кеңістіктік деректер ресурстары) интеграциялау, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы ҰКДИ-дің мемлекеттік геопорталына орналастыру үшін кеңістіктік деректер жинақтары мен сервистерінің (бұдан әрі – деректер) машинамен оқылатын түрде ұсынылуын қамтамасыз ететін кеңістіктік деректердің меншік иелері айқындалады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – жергілікті жер объектілерінің өзгеруіне әкеп соққан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат;

      2) жергілікті атқарушы органдар – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы елді мекендердің шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы мәліметтер;

      3) қатты пайдалы қазбалар бөлігінде (уран өндіруді қоспағанда) жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу саласындағы уәкілетті орган – пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпарат және жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрының деректері;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган – қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет туралы ақпарат;

      5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерлерінің құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, елді мекендердің шекараларынан (шегінен) тыс орналасқан беткі су объектілері, гидротехникалық ғимараттар, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы мәліметтер;

      6) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – орман қорын мемлекеттік есепке алу және мемлекеттік орман кадастры туралы ақпаратты;

      7) жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректері;

      8) жер ресурстары саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының жер балансынан және мемлекеттік жер кадастрынан алынған деректер;

      9) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган – ғарыштан алынған ЖҚЗ деректерін, цифрлық ортофотожоспарлар;

      10) көлік саласындағы уәкілетті орган – құрылыс және көлік инфрақұрылымы саласындағы қызмет туралы ақпарат.

      11. Кеңістіктік деректердің меншік иелері өздері жасаған деректерді ҰКДИ-ге деректердің автоматты түрде жаңартылуын қамтамасыз ететін кеңістіктік деректердің ресурстары арқылы ұсынады.

      12. Кеңістіктік дерек ресурстары болмаған жағдайда кеңістіктік деректердің меншік иелері Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Ұлттық кеңістіктік деректер қоры" филиалына (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) деректерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына орталық мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдардан дерек қабылдау-тапсыру актісімен (бұдан әрі – қабылдау-тапсыру актісі) қоса:

      1) электрондық жеткізгіштермен;

      2) пошта жөнелтілімі арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдағышта береді.

      13. Электрондық жеткізгіштермен берілген жағдайда кеңістіктік деректер жинағы GML форматында бірыңғай алмасу форматында беріледі.

      14.  Кеңістіктік деректердің меншік иелерінің кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге енгізу үшін беруі жұмыстар мемлекеттік тапсырысты орындаушыдан қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

      15. Мемлекеттік кәсіпорын кеңістіктік деректер мен метадеректер түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды кеңістіктік деректер мен метадеректер мазмұнының, құрылымының интероперабельділігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

      16. Кеңістіктік деректер мен метадеректер интероперабельділікке сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздіктерді жою үшін мемлекеттік кәсіпорын оларды кеңістіктік деректер иесіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарып, анықталған сәйкессіздіктердің барлығын міндетті түрде көрсетеді.

      17. Кеңістіктік деректердің меншік иесі 10 (он) жұмыс күні ішінде деректердің көрсетілген сәйкессіздіктерін жояды және оларды осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұсынады.

      18. Цифрлық дереккөздердің мәліметтерінен қалыптастырылған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жинағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кеңістіктік деректер иелерінің өтінімдері бойынша ҰКДИ құрамына енгізілуі мүмкін.

      19. Өтінімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеңістіктік деректердің иелерінен алынған деректерді ҰКДИ-ге қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.

      20. Кеңістіктік деректердің иелерінен алынған кеңістіктік деректерді ҰКДИ-да қарау және қабылдау тәртібі осы Қағидалардың 15, 16 және 17-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік кәсіпорын мен кеңістіктік деректерді беретін кеңістіктік деректердің меншік иесі немесе иесі арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап деректер берілген болып есептеледі.

      22. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын кеңістіктік деректер ҰКДИ мемлекеттік геопорталында мемлекеттік кәсіпорын мен кеңістіктік деректердің меншік иесі арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

  Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Орталық мемлекеттік органдардан немесе жергілікті атқарушы органдардан Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына деректерді қабылдау-тапсыру актісі

      Біз, төменде қол қоюшылар _________________________________________

      _________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)

      атынан _______ негізінде әрекет ететін ________ және ҰКДҚ атынан ______

      негізінде әрекет ететін __________ бұдан әрі "Тараптар" деп аталып, төмендегі

      кеңістіктік деректерді және оларға метадеректерді ________ бергені, ал ҰКДҚ

      жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын)

      қабылдағаны туралы осы актіні жасадық:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      (нақты берілетін деректердің, метадеректердің немесе деректер қамтылған

      жаңартылған ресурстар тізбесі көрсетіледі)

      Жеткізгіштер туралы мәліметтер: ___________________________

      (электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште)

      Мемлекеттік тапсырыс негізінде орындалған көрсетілген кеңістіктік деректер,

      деректердің жинақтары:_____________________________________

      (кеңістіктік деректерді жасауға немесе жаңартуға мемлекеттік тапсырыс туралы

      мемлекеттік тапсырыс деректемелерін қамтитын мәліметтер көрсетіледі)

      Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды орындаушының атауы:

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырыс бойынша орындаушының толық атауы көрсетіледі)

      Тараптардың бір-біріне шағымдары жоқ.

      Қосымша: ___ парақ.

Орталық мемлекеттік органнан немесе жергілікті атқарушы органнан
____________________________
Т.А.Ә.
_____________ м.о.


Мемлекеттік кәсіпорыннан
____________________________
Т.А.Ә.
_____________ м.о.

  Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жинақтарын ұсыну туралы өтінім

______________________________________________________________________

(кеңістіктік деректер иесінің атауы)

      жасаған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жиынтығын қабылдауды және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізуді сұраймын

1.

Кеңістіктік деректер туралы мәліметтер*:

1.1.



1.2.



1.3.



2.

Кеңістіктік деректердің ұсынылу нысаны, саны:

2.1.

электронды түрде


2.2.

қағаз жеткізгіште


3.

Қалыптасқан кеңістіктік деректерді ҰКДИ-ге орналастыру тәсілі:

3.1.

ҰКДИ мемлекеттік геопорталына орналастыру


3.2.

метадеректерді ҰКДИ мемлекеттік геопорталында орналастыру


3.3.

қосып (интеграциялап) орналастыру


4.

Өтініш беруші (жеке тұлға) туралы мәліметтер:

4.1.

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі


4.2.

заңды мекенжайы


4.3.

телефон, электрондық пошта


5.

Өтініш беруші (заңды тұлға) туралы мәліметтер:

5.1.

толық атауы, мемлекеттік тіркелген күні, БСН


5.2.

заңды мекенжайы


5.4.

телефон, электрондық пошта


6.

Өкілеттіктерді растайтын құжат бойынша өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтер:

6.1.

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі (жеке басты сәйкестендіру үшін)


6.2.

заңды мекенжайы


6.3.

телефон, электрондық пошта


      * нақты берілетін кеңістіктік деректердің тізбесі, саны (парақ, шаршы километр, қума километр).

      Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына ұсынылатын базалық және тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары өз қаражатымның есебінен құрылғанын және өз меншігім екенін растаймын.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Кеңістіктік деректер иесінен


_______________________________
________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның
уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)

ҰКДҚ жүргізуге уәкілетті
мемлекеттік кәсіпорыннан
қабылдады


 
_____________________________
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) м.о.

      _________________________

  Ұлттық кеңістіктік деректер
инфрақұрылымына кеңістіктік
деректерді ұсыну қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кеңістіктік деректер иелерінен Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына деректерді қабылдау-тапсыру актісі

      Біз, төменде қол қоюшылар __________________________________________

      __________________________________________________________________

      (кеңістіктік деректер иесінің атауы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті

      өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      атынан ______ негізінде әрекет ететін _______ және ҰКДҚ атынан _________

      негізінде әрекет ететін ____________ бұдан әрі "Тараптар" деп аталып, төмендегі

      кеңістіктік деректерді және оларға метадеректерді ____________ бергені, ал ҰКДҚ

      жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын)

      қабылдағаны туралы осы актіні жасадық:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      (нақты берілетін немесе жаңартылатын кеңістіктік деректердің, деректер

      жинақтарының және метадеректердің тізбесі көрсетіледі)

      Жеткізгіштер туралы мәліметтер:________________________________

      ____________________________________________________________

      (электронды түрде не қағаз жеткізгіште)

      Тараптардың бір-біріне шағымдары жоқ.

      Қосымша: ___ парақ.

Кеңістіктік деректер
иесінен


__________________________________ (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі (бар болса)

ҰКДҚ қарамағындағы
уәкілетті мемлекеттік
кәсіпорыннан қабылдады


 
__________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) м.о.


О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 234 "Об утверждении Правил представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2026 года № 639

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 234 "Об утверждении Правил представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных" следующее изменение:

      Правила представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
  от 18 июля 2026 года № 639

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 17 марта 2023 года № 234

Правила представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О геодезии, картографии и пространственных данных" (далее – Закон) и определяют порядок представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) субъекты геодезической и картографической деятельности –центральные государственные органы и местные исполнительные органы Республики Казахстан в пределах их компетенции, установленной законодательством Республики Казахстан, а также физические и юридические лица;

      2) геопортал – цифровая система, обеспечивающая доступ к пространственным данным и геосервисам пространственных данных посредством средств телекоммуникаций;

      3) интероперабельность – принцип взаимосовместимости, выражающий способность пространственных данных, метаданных, технических и программных средств к функциональному и информационному взаимодействию;

      4) пространственные данные – информация, содержащая сведения о местоположении объектов местности, представленная в определенной форме и координатной системе отсчета;

      5) владельцы пространственных данных – физические и юридические лица, имеющие пространственные данные и их наборы;

      6) собственники пространственных данных – центральные государственные органы и местные исполнительные органы Республики Казахстан, являющиеся заказчиками государственного заказа для создания, обновления пространственных данных, их наборов и сервисов;

      7) метаданные – информация, описывающая наборы пространственных данных и геосервисов;

      8) Национальная инфраструктура пространственных данных (далее – НИПД) – данные о пространственных объектах, включающие сведения об их форме, местоположении и свойствах, отображенные на картографической основе, в том числе представленные с использованием координат;

      9) Национальный фонд пространственных данных (далее – НФПД) – совокупность пространственных данных в цифровом и (или) аналоговом виде, подлежащих учету, длительному хранению в целях их дальнейшего использования субъектами геодезической и картографической деятельности, имеющая общегосударственное, межотраслевое, специальное и (или) отраслевое значение;

      10) электронный носитель – материальный носитель, предназначенный для хранения информации в электронной форме, а также записи или ее воспроизведения с помощью технических средств;

      11) GML формат – язык моделирования для цифровых ресурсов, государственных кадастров, регистров, реестров, баз данных, в том числе географических цифровых систем и ресурсов, а также открытого формата обмена для географических транзакций в интернете;

      12) тайловые сервисы TMS, WMTS – геосервисы для обслуживания рассчитанных во время выполнения фрагментов (тайлов) карты с географической привязкой через интернет;

      13) растровые сервисы WCS – геосервисы, предназначенные для определения стандартного интерфейса, и операции, обеспечивающие интероперальный доступ к геопространственным покрытиям, состоящим из данных представленных значениями в каждой точке измерения;

      14) векторные сервисы WFS – геосервисы, предназначенные для передачи географической информации на уровне объектов и свойств объектов посредством сети интернет;

      15) растровые сервисы WMS – геосервисы, предназначенные для обслуживания через интернет географически привязанных изображений, генерируемых картографическим сервером на основе данных географических цифровых систем.

      3. В НИПД включаются наборы пространственных данных, создаваемых за счет бюджетных средств, также могут включаться наборы пространственных данных по заявкам владельцев пространственных данных.

      4. Наборы пространственных данных, за исключением сведений, составляющих государственные секреты, служебной информации ограниченного распространения и иной охраняемой законом информации, предоставляются и публикуются на государственном геопортале НИПД.

      5. Пространственные данные состоят из базовых пространственных данных и тематических пространственных данных.

      Базовыми пространственными данными является совокупность общедоступных стандартизированных пространственных данных как унифицированной основы для интеграции и совместного использования в географических цифровых системах.

      К тематическим пространственным данным относятся пространственные данные, создаваемые субъектами геодезической, картографической деятельности в процессе научной, производственной или иной деятельности.

      6. Наборы базовых пространственных данных и наборы тематических пространственных данных, формируемые за счет бюджетных средств, являются основополагающими компонентами НИПД в соответствии с пунктом 3 статьи 22 Закона.

      7. Основные формы пространственных данных:

      1) векторные данные, в которые включаются: кадастровая информация, наименования географических объектов, границы, адресная информация, гидрография и гидротехнические сооружения, рельеф, объекты транспортных инфраструктур, растительность, почва, земельные участки, здания и сооружения, инженерные коммуникации, застроенные территории;

      2) данные дистанционного зондирования Земли (далее – ДЗЗ): аэрофотосъемка и космическая съемка;

      3) ортофотопланы: геопродукт, полученный на основе данных ДЗЗ;

      4) картографические сервисы, в которые включаются: векторные сервисы WFS, растровые сервисы WMS, WCS, тайловые сервисы TMS, WMTS.

      8. К каждому набору пространственных данных и сервисам для этих наборов прилагаются метаданные в соответствии со структурой и справочником, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 114/НҚ "Об утверждении Правил взаимодействия Национальной инфраструктуры пространственных данных с информационными системами государственных органов" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32221).

Глава 2. Порядок представления пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных

      9. Предоставление пространственных данных в НИПД осуществляется через государственный геопортал НИПД.

      10. В целях предоставления пространственных данных в НИПД путем интеграции государственных цифровых систем, в том числе кадастров, географических цифровых систем, геопорталов и геосервисов (далее – ресурсы пространственных данных), а также использования цифровых технологий определяются собственники пространственных данных, обеспечивающие предоставление наборов и сервисов пространственных данных (далее – данные) в машиночитаемом виде для размещения на государственном геопортале НИПД:

      1) уполномоченный орган в сфере гражданской защиты – информацию о чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, повлекших изменения объектов местности;

      2) местные исполнительные органы – сведения в области архитектуры, градостроительства и строительства, земельных отношений, жилищно-коммунального хозяйства, об установлении водоохранных зон и полос в черте населенных пунктов;

      3) уполномоченный орган в сфере государственного управления недропользованием в части твердых полезных ископаемых (за исключением добычи урана), государственного геологического изучения недр – информацию по государственному учету запасов полезных ископаемых и данные единого кадастра государственного фонда недр;

      4) уполномоченный орган в сфере архитектуры, градостроительства и строительства – информацию о деятельности в области градостроительства и строительства;

      5) уполномоченный орган в сфере охраны и использования водного фонда – сведения о поверхностных водных объектах, гидротехнических сооружениях, водоохранных зонах и полосах вне границ (черты) населенных пунктов, за исключением водных объектов, входящих в состав земель особо охраняемых природных территорий и государственного лесного фонда;

      6) уполномоченный орган в сфере лесного хозяйства – информацию о государственном учете лесного фонда и государственного лесного кадастра;

      7) уполномоченный орган в сфере охраны, воспроизводства и использования животного мира и особо охраняемых природных территорий –данные из государственного кадастра животного мира и государственного кадастра особо охраняемых природных территорий;

      8) уполномоченный орган в сфере земельных ресурсов – данные из баланса земель Республики Казахстан и государственного земельного кадастра;

      9) уполномоченный орган в сфере космической деятельности – данные ДЗЗ из космоса, цифровые ортофотопланы;

      10) уполномоченный орган в области транспорта – сведения в области строительства и эксплуатации транспортной инфраструктуры.

      11. Собственники пространственных данных представляют созданные ими данные в НИПД посредством ресурсов пространственных данных, обеспечивающих автоматическое обновление данных.

      12. В случае отсутствия ресурсов пространственных данных собственники пространственных данных осуществляют предоставление данных в филиал "Ұлттық кеңістіктік деректер қоры" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр геодезии и пространственной информации" Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития (далее – государственное предприятие) с приложением акта приема-передачи данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных от центральных государственных органов или местных исполнительных органов в НИПД (далее – акт приема-передачи) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам:

      1) на электронных носителях;

      2) посредством почтового отправления или нарочно на бумажном носителе.

      13. В случае предоставления на электронных носителях наборы пространственных данных предоставляются в едином формате обмена в GML формате.

      14. Передача пространственных данных собственниками пространственных данных для включения в НИПД осуществляется в течение 30 (тридцать) календарных дней со дня принятия работ от исполнителя государственного заказа.

      15. Государственное предприятие осуществляет проверку пространственных данных и метаданных на интероперабельность к содержанию, структуре пространственных данных и метаданных в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня их поступления.

      16. В случае несоответствия пространственных данных и метаданных интероперабельности государственное предприятие возвращает их собственнику пространственных данных с обязательным указанием всех выявленных несоответствий в течение 2 (два) рабочих дней для их устранения.

      17. Собственник пространственных данных в течение 10 (десять) рабочих дней устраняет указанные несоответствия пространственных данных и повторно представляет государственному предприятию пространственные данные в порядке, установленном пунктами 11 и 12 настоящих Правил.

      18. Наборы базовых и тематических пространственных данных, сформированные из сведений цифровых источников, могут включаться в состав НИПД по заявкам владельцев пространственных данных согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      19. К заявке прилагается акт приема-передачи данных от владельца пространственных данных в НИПД по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      20. Рассмотрение и принятие пространственных данных от владельцев пространственных данных в НИПД осуществляются в порядке, предусмотренном в пунктах 15, 16 и 17 настоящих Правил.

      21. Данные считаются переданными со дня подписания акта приема-передачи между государственным предприятием и собственником или владельцем пространственных данных, передающим данные.

      22. Данные, создаваемые за счет бюджетных средств, размещаются на государственном геопортале НИПД в течение 7 (семь) рабочих дней после подписания акта приема-передачи между государственным предприятием и собственником пространственных данных.

      _________________________

  Приложение 1
к Правилам представления
пространственных данных в
Национальную инфраструктуру
пространственных данных
  Форма

      Акт приема-передачи данных от центральных государственных органов или
            местных исполнительных органов в Национальную инфраструктуру
                              пространственных данных

            Мы, нижеподписавшиеся ____________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(наименование центрального государственного органа и местного исполнительного органа)
в лице ____________, действующего на основании ________________, и НФПД
в лице ____________, действующего на основании ________________, именуемые
в дальнейшем "Стороны", составили настоящий акт о том, что ____________ передал,
а государственное предприятие, уполномоченное на ведение НФПД (далее –
государственное предприятие), приняло следующие данные и метаданные к ним:
      1.____________________________________________________________
      2.____________________________________________________________
      3.____________________________________________________________
      (указываются перечень фактически передаваемых данных, метаданных либо
                  обновленных ресурсов, содержащие данные)
      Сведения о носителях: ________________________________________________
                              (в электронном виде либо на бумажном носителе)
      Указанные пространственные данные, наборы данных выполнены на основании
государственного заказа: ___________________________________ (указываются сведения
о государственном заказе на создание или обновление пространственных данных,
включающие реквизиты государственного заказа)

            Наименование исполнителя работ по государственному заказу:
____________________________________________________________________________
      (указывается полное наименование исполнителя по государственному заказу)
      Стороны претензий друг к другу не имеют.
      Приложение: на ______.

От центрального государственного
органа или местного
исполнительного органа
_______________________
Ф.И.О. __________________ м.п.


От государственного
предприятия_______________________
________________________
Ф.И.О. __________________ м.п.

      _________________________

  Приложение 2
к Правилам представления
пространственных данных в
Национальную инфраструктуру
пространственных данных
  Форма

Заявка о предоставлении наборов базовых и тематических пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных

            Прошу принять и внести наборы базовых и тематических пространственных данных
в Национальную инфраструктуру пространственных данных созданных
____________________________________________________________________________
                  (наименование владельца пространственных данных)

1.

Сведения о пространственных данных*:

1.1.



1.2.



1.3.



2.

Форма представления пространственных данных, количество:

2.1.

в электронном виде


2.2.

на бумажном носителе


3.

Способ размещения сформированных пространственных данных в НИПД:

3.1.

размещение на государственном геопортале НИПД


3.2.

размещение метаданных на государственном геопортале НИПД


3.3.

размещение с подключением (интеграцией)


4.

Сведения о заявителе (физическом лице):

4.1.

фамилия, имя, отчество (при наличии), вид документа, удостоверяющего личность, ИИН


4.2.

юридический адрес


4.3.

телефон, адрес электронной почты


5.

Сведения о заявителе (юридическом лице):

5.1.

полное наименование, дата государственной регистрации, БИН


5.2.

юридический адрес


5.3.

телефон, адрес электронной почты


6.

Сведения о представителе заявителя по документу, подтверждающему полномочия:

6.1.

фамилия, имя, отчество (при наличии), вид документа, удостоверяющего личность, ИИН (для идентификации личности)


6.2.

юридический адрес


6.3.

телефон, адрес электронной почты


      * перечень фактически передаваемых пространственных данных, количество (лист, квадратный километр, погонный километр).

      Подтверждаю, что предоставляемые наборы базовых и тематических пространственных данных в Национальную инфраструктуру пространственных данных созданы за счет собственных средств и являются собственностью.

      Согласен(на) на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах.

От владельца пространственных данных


_________________________________________
__________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
физического либо уполномоченного
представителя юридического лица, подпись,
печать (при наличии)

Принял от государственного предприятия, уполномоченного на ведение НФПД


_________________________________
__________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его
наличии) м.п.

      _________________________

  Приложение 3
к Правилам представления
пространственных данных в
Национальную инфраструктуру
пространственных данных
  Форма

      Акт приема-передачи данных от владельца пространственных данных
            в Национальную инфраструктуру пространственных данных

            Мы, нижеподписавшиеся _______________________________________
      (наименование владельца пространственных данных, фамилия, имя, отчество (при его
      наличии) физического либо уполномоченного представителя юридического лица)
в лице _________________, действующего на основании ____________________, и НФПД
в лице ___________________, действующего на основании _____________________,
именуемые в дальнейшем "Стороны", составили настоящий акт о том, что _______________
передал, а государственное предприятие, уполномоченное на ведение НФПД (далее -
государственное предприятие), приняло следующие пространственные данные и метаданные
к ним:
      1.____________________________________________________________
      2.____________________________________________________________
      3.____________________________________________________________
      (указывается перечень фактически передаваемых либо обновляемых
            пространственных данных, наборов данных и метаданных)
      Сведения о носителях: _________________________________________
      __________________________________________________________________
                  (в электронном виде либо на бумажном носителе)

            Стороны претензий друг к другу не имеют.
      Приложение: на ______ .

От владельца
пространственных данных


_________________________________
______________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
физического либо уполномоченного
представителя юридического лица,
подпись, печать (при наличии)

Принял от государственного
предприятия, уполномоченного
на ведение НФПД


 
_____________________________
__________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
м.п.

      _________________________