ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 311 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.".
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |