"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 265 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      116) тармақша алып тасталсын;

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының масс-медиада, телекоммуникация желілерінде, онлайн-платформаларда сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      202) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 202-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "202-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау қағидаларын әзірлеу;";

      335) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "335) мәдениет және креативті индустриялар мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру және ол туралы ережені бекіту;";

      371) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "371) шығармашылық қызметтің және креативті индустриялардың түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;";

      380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "380) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, мәдениет және креативті индустриялар мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 404-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "404-1) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      408) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "408) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу және бекiту;";

      мынадай мазмұндағы 409-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "409-1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      439) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "439) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу тәртібін айқындау;";

      447) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "447) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін орнату мен жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттауды жүйелеумен есепке алуды қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 453-1), 453-2), 453-3) және 453-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "453-1) жанынан фильмдердің нұсқаларын прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясы құрылатын ұйымды айқындау;

      453-2) фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      453-3) фильмдерге және оның құрамына прокаттауға дейінгі сараптама жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      453-4) анимациялық, деректі, ойын, хроникалы фильмдер бойынша ұлттық фильмдер шығаруға бөлінетін қаражат көлемін жыл сайын айқындау;";

      461) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "461) Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің тізімін бекіту;";

      473) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "473) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      496-32) тармақша алып тасталсын;

      496-56) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 496-84), 496-85), 496-86), 496-87), 496-88), 496-89), 496-90), 496-91), 496-92), 496-93), 496-94), 496-95), 496-96), 496-97), 496-98), 496-99), 496-100), 496-101) және 496-102) тармақшалармен толықтырылсын:

      "496-84) мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      496-85) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорын Жалпы археологиялық олжалар мен материалдардың ұлттық депозитарийі арқылы қорғау, сақтау ғылыми-зерттеу жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-86) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-87) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-88) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-89) жастар арасында құқық бұзушылыққа төзбеушілік идеологиясын қалыптастыру;

      496-90) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз ету;

      496-91) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің жариялануына ықпал ету;

      496-92) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін "цифрлық үкімет" операторына цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат беру;

      496-93) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ цифрландыру саласындағы уәкілетті органға деректерді талдау үшін деректер базасын интеграциялау жолымен ұлттық тіркелімдерде қамтылған әкімшілік цифрлық деректерге рұқсат беру;

      496-94) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында цифрлық объектілер мен олардың техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді орналастыру, мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды және жаңартып отыруды жүргізу;

      496-95) "цифрлық үкімет" операторына "цифрлық үкіметтің" веб-порталын ақпараттық толықтыруға арналған қажетті цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды ұсыну;

      496-96) мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарды цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасына орналастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес олардың мазмұнының анықтығын және жаңартылып отыруын қамтамасыз етуі;

      496-97) ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;

      496-98) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-99) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді келісу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-100) жастарды шығармашылық қызметке тарту жөніндегі, оның ішінде жастар бастамалары мен жобаларын қолдау жолымен шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету;

      496-101) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      496-102) мемлекеттік қоса қаржыландыру шартымен креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тарту мониторингін жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші және елу алтыншы абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отыз үшінші, отыз төртінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2026 года № 265

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 116) исключить;

      подпункт 177) изложить в следующей редакции:

      "177) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о защите детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию, в масс-медиа, сетях телекоммуникаций, на онлайн-платформах;";

      подпункт 202) исключить;

      дополнить подпунктом 202-1) следующего содержания:

      "202-1) разработка Правил приема физических лиц и представителей юридических лиц руководителями государственных органов, органов местного самоуправления и их заместителями;";

      подпункт 335) изложить в следующей редакции:

      "335) создание постоянно действующей комиссии по вопросам культуры и креативных индустрий, утверждение положения о ней;";

      подпункт 371) изложить в следующей редакции:

      "371) учреждение национальных (республиканских) и международных конкурсов и фестивалей, премий и призов в различных сферах творческой деятельности и креативных индустрий;";

      подпункт 380) изложить в следующей редакции:

      "380) в пределах своей компетенции координация деятельности организаций культуры республики (сельские, поселковые, районные, городские, областные, республиканские), осуществляющих взаимодействие с творческими союзами и другими организациями по вопросам культуры и креативных индустрий;";

      дополнить подпунктом 404-1) следующего содержания:

      "404-1) разработка и утверждение Правил ведения единой автоматизированной информационной системы по археологическим работам;";

      подпункт 408) изложить в следующей редакции:

      "408) разработка и утверждение квалификационных требований и условий, предъявляемых при лицензировании деятельности по осуществлению научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры, деятельности по осуществлению археологических работ;";

      дополнить подпунктом 409-1) следующего содержания:

      "409-1) разработка и утверждение Правил деятельности организаций по охране и использованию объектов историко-культурного наследия;";

      подпункт 439) изложить в следующей редакции:

      "439) определение порядка ведения единой автоматизированной цифровой системы мониторинга фильмов;";

      подпункт 447) изложить в следующей редакции:

      "447) обеспечение систематизации и учета проката фильмов на территории Республики Казахстан путем установления и ведения единой автоматизированной цифровой системы мониторинга фильмов на территории Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 453-1), 453-2), 453-3) и 453-4) следующего содержания:

      "453-1) определение организации, при которой создается экспертная комиссия по проведению предпрокатной экспертизы версии фильмов;

      453-2) разработка и утверждение Правил проведения предпрокатной экспертизы фильмов;

      453-3) разработка и утверждение Правил организации работы экспертной комиссии по проведению предпрокатной экспертизы фильмов и ее состава;

      453-4) ежегодное определение объема средств, выделяемых на производство национальных фильмов по анимационным, документальным, игровым, хроникальным фильмам;";

      подпункт 461) изложить в следующей редакции:

      "461) утверждение списка источников комплектования Национального архивного фонда;";

      подпункт 473) изложить в следующей редакции:

      "473) осуществление государственного контроля за соблюдением требований к электронному документу и электронной цифровой подписи в части электронного документооборота и электронных архивов в источниках комплектования Национального архива Республики Казахстан, центральных государственных архивов;";

      подпункт 496-32) исключить;

      подпункт 496-56) исключить;

      дополнить подпунктами 496-84), 496-85), 496-86), 496-87), 496-88), 496-89), 496-90), 496-91), 496-92), 496-93), 496-94), 496-95), 496-96), 496-97), 496-98), 496-99), 496-100), 496-101) и 496-102) следующего содержания:

      "496-84) внесение предложений в Правительство Республики Казахстан о присвоении статуса "Национальный" государственным архивам;

      496-85) разработка и утверждение Правил обеспечения сохранности, хранения, научного исследования и использования Государственного фонда массовых археологических находок и археологических материалов Национальным депозитарием массовых археологических находок и археологических материалов;

      496-86) разработка и утверждение Правил передачи в государственные музеи Республики Казахстан всех индивидуальных археологических находок, полученных физическими и юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан;

      496-87) разработка и утверждение Правил передачи в государственные музеи Республики Казахстан археологических находок, обнаруженных физическими лицами на территории Республики Казахстан вне археологических работ;

      496-88) разработка и утверждение Правил передачи на хранение в Национальный депозитарий массовых археологических находок, археологических материалов и включения в Государственный фонд массовых археологических находок и археологических материалов всех массовых археологических находок, археологических материалов, полученных физическими или юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан;

      496-89) формирование идеологии нетерпимости к правонарушениям среди молодежи;

      496-90) обеспечение проведения правовой пропаганды в средствах массовой информации;

      496-91) способствование освещению в средствах массовой информации деятельности субъектов профилактики правонарушений;

      496-92) предоставление доступа оператору "цифрового правительства" к цифровым данным и цифровым записям для осуществления аналитики данных в соответствии с требованиями по управлению цифровыми данными, разрабатываемыми уполномоченным органом в сфере цифровизации совместно с уполномоченным органом в области государственной статистики, утверждаемыми Правительством Республики Казахстан;

      496-93) предоставление доступа к административным цифровым данным, содержащимся в национальных регистрах, уполномоченному органу в области государственной статистики для осуществления статистической деятельности, а также уполномоченному органу в сфере цифровизации для аналитики данных путем интеграции баз данных;

      496-94) размещение на архитектурном портале цифровых объектов государства сведений о цифровых объектах и технической документации к ним, ведение их учета и актуализации в соответствии с правилами формирования, развития и мониторинга цифровой архитектуры государства;

      496-95) предоставление оператору "цифрового правительства" цифровых данных и цифровых записей, необходимых для информационного наполнения веб-портала "цифрового правительства";

      496-96) размещение цифровых ресурсов на Единой платформе цифровых ресурсов государственных органов, а также обеспечение достоверности и актуализации их содержания в соответствии с законодательством Республики Казахстан о доступе к информации;

      496-97) разработка, утверждение и реализация программ цифровой трансформации своей деятельности, включая внутренние процессы;

      496-98) разработка и утверждение правил предоставления в имущественный наем (аренду) имущества республиканских государственных организаций культуры;

      496-99) разработка и утверждение правил согласования проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий с участием зарубежных творческих коллективов и исполнителей на территории Республики Казахстан;

      496-100) обеспечение разработки и реализации мер по вовлечению молодежи в креативную деятельность, в том числе путем поддержки молодежных инициатив и проектов;

      496-101) формирование и ведение реестра субъектов креативных индустрий;

      496-102) осуществление мониторинга привлечения частных инвестиций в проекты в сфере креативных индустрий при условии государственного софинансирования;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением:

      1) абзацев десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, пятьдесят второго, пятьдесят третьего, пятьдесят четвертого, пятьдесят пятого и пятьдесят шестого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 21 апреля 2026 года;

      2) абзацев двадцать второго, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, тридцать третьего, тридцать четвертого, сорок шестого, сорок седьмого, сорок восьмого, сорок девятого, пятидесятого и пятьдесят первого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов