Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғаринге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 235 қаулысымен |
|
| Мақұлданған | |
| Жоба |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис туралы келісім
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,
зияткерлік меншік саласында өзара тиімді де тең құқықты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын назарға ала отырып,
мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратқа жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісім мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис құру және оның жұмыс істеуі барысында туындайтын қатынастарды реттейді (бұдан әрі – ақпарат іздеу сервисі).
Ақпарат іздеу сервисін пайдалана отырып ақпарат іздеу қамтамасыз етілетін мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілеріне тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жердің атаулары жатады.
2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"ақпарат алмасу" – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шектеулі таратылатын ақпаратқа жататын мәліметтерді қоспағанда, уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында жүзеге асырылатын, мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы (жалпыға қолжетімді жеке деректерді қоса алғанда) мәліметтерді беру және алу;
"жалпыға қолжетімді жеке деректер" – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолжетімді болатын (таралатын) жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), ел коды мен хат жазысуға арналған мекенжайы;
"уәкілетті орган" – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы, мүше мемлекеттің ұйымы.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда (бұдан әрі – Одақ) айқындалған мәндерінде қолданылады.
1. Ақпарат іздеу сервисін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссия ақпарат іздеу сервисін Одақтың ақпараттық порталында орналастырады.
2. Ақпарат іздеу сервисінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасу Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
3. Ақпарат алмасу шеңберінде Комиссия мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурсты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
4. Мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат іздеу ақпарат іздеу сервисіне сұрату жасауды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – ақпарат іздеуге сұрату жасау).
5. Ақпарат іздеуге сұрату жасауды алған жағдайда ақпарат іздеу сервисі оны өңдеуді қамтамасыз етеді және Одақтың ақпараттық порталындағы іздеу нәтижелері парағын (бұдан әрі – ақпарат іздеу нәтижелері) генерациялайды.
6. Ақпарат іздеу сервисі жалпыға қолжетімді болып табылады. Ақпарат іздеу сервисін пайдалана отырып мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат іздеу және оны беру ақысыз негізде жүзеге асырылады.
1. Ақпарат алмасу шеңберінде мәліметтерді кодталған түрде берген жағдайда Одақтың біртұтас нормативтік-ақпараттық жүйесінің құрамына кіретін анықтамалықтар мен классификаторлар (бұдан әрі – анықтамалықтар мен сыныптауыштар) пайдаланылады.
2. Ақпарат алмасуға қойылатын техникалық талаптарды (оның ішінде хабарламаларды (ақпарат іздеуге сұрату жасауды) беру және қабылдау тәртібін, пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштардың құрамын, құжаттардың электрондық түрлеріне (электрондық құжаттар) қойылатын талаптарды) Комиссия алқасы айқындайды.
3. Мүше мемлекеттер уәкілетті органдарды айқындайды және олар туралы Комиссияға осы Келісім күшіне енгізілген күннен бастап 3 ай ішінде хабарлайды.
1. Уәкілетті органдар мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы берілетін мәліметтердің толықтығын, дәлдігін және өзектілігін қамтамасыз етеді.
2. Комиссия ақпарат алмасу шеңберінде уәкілетті органдар беретін мәліметтердің сақталуын және толықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұндай мәліметтердің бұрмалануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
3. Ақпарат алмасуға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда Комиссия мен уәкілетті органдар бұл жөнінде осы Келісімнің 6-бабының 1-тармақшасында көрсетілген регламент ережелеріне сәйкес бірін-бірі хабардар етеді.
Ақпарат алмасу барысында берілетін және алынатын мәліметтер осы Келісімде көзделгеннен басқа мақсатта қолданылмауы тиіс.
1. Осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында мынадай элементтерді, оның ішінде:
1) ақпарат алмасу тәртібін (оның ішінде мүше мемлекеттерде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы жалпы ақпараттық ресурсқа енгізілетін мәліметтердің құрамын);
2) өнеркәсіптік меншік объектілері туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету тәртібі мен кезеңділігін;
3) ақпарат іздеуге сұрату жасауды қалыптастыру және жіберу тәртібін;
4) ақпарат іздеу нәтижелерін қалыптастыру тәртібін қамтитын регламент бекітіледі.
2. Осы баптың 1-тармақшасында көрсетілген регламентті осы Келісім күшіне енгізілген күннен бастап 3 ай ішінде Комиссия алқасы бекітеді.
Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен рәсімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты туындайтын даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген тәртіппен шешіледі.
1. Осы Келісім Одақ аясында жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқықтық жүйесіне кіреді.
2. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
3. Мүше мемлекеттер осы Келісімді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар туралы дипломатиялық арналар арқылы Комиссияны осы Келісім күшіне енгізілген күннен бастап 3 ай ішінде хабардар етеді.
20__ жылғы "_" _____ ______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |