Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 871 қаулысы.
2. "Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысы.
3. "Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 610 қаулысы.
4. "Қостанай облысының Лисаков қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 735 қаулысы.
5. "Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 736 қаулысы.
6. "Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 737 қаулысы.
7. "Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 738 қаулысы.
8. "Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 739 қаулысы.
9. "Қарағанды облысының Балқаш қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 766 қаулысы.
10. "Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 781 қаулысы.
11. "Жамбыл облысының Қаратау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 796 қаулысы.
12. "Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 805 қаулысы.
13. "Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулысы.
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "G4 City" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және "Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1187 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.