Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 170 қаулысымен мақұлданған Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісім
Бұдан әрі "Уағдаласушы тараптар" деп аталатын, бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Еуропалық Одақ
Еуропалық Одақтың заңдарына сәйкес Еуропалық Одаққа мүше мемлекетте құрылған Еуропалық Одақтың авиакәсіпорындары Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы әуе маршруттарына кемсітусіз қол жеткізу құқығына ие екенін атап көрсете отырып,
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы үшін берік құқықтық негіз құру және осындай әуе қатынасының үздіксіз болуын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынасы туралы екіжақты келісімдердің кейбір ережелерін Еуропалық Одақтың заңдарына сәйкес келтіруді Еуропалық Одақтың ұсынғанын тани отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынасы туралы екіжақты келісімдерге қатысты барлық мәселелер Уағдаласушы тараптардың қолданыстағы заңдарына сәйкес келуге тиіс екенін тани отырып,
осы Келісімде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы авиатасымалдардың жалпы көлемін ұлғайту, Қазақстан Республикасының авиакәсіпорындары мен Еуропалық Одақтың авиакәсіпорындары арасындағы тепе-теңдікке ықпал ету немесе тасымалдауға арналған құқықтарға қатысты қолданыстағы әуе қатынасы туралы екіжақты келісімдердің ережелеріне түзетулер енгізу үшін келіссөздер жүргізу Еуропалық Одақтың мақсаты болып табылмайтынын атап көрсете отырып,
осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған әуе қатынасы туралы екіжақты келісімдер Уағдаласушы тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындарының белгіленген маршруттарда уағдаластық желілерін пайдалану кезінде әділ және тең мүмкіндіктерге ие болуға тиіс деген жалпы қағидатқа негізделгенін және осы қағидатқа ықпал ету бұл Келісімнің мақсаты болып табылмайтынын атап көрсете отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
а) "мүше мемлекет" Еуропалық Одаққа мүше мемлекетті білдіреді;
b) "тарап" тиісті екіжақты келісімнің немесе осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған басқа да уағдаластықтың Уағдаласушы тарапын білдіреді;
c) "авиакәсіпорын" авиакомпанияны да білдіреді.
2. Осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған келісімдердің және басқа да уағдаластықтардың әрқайсысында осы Келісімнің тарапы болып табылатын мүше мемлекеттің азаматтарына сілтемелерді мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты деп түсіну керек.
3. Осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған келісімдердің және басқа да уағдаластықтардың әрқайсысында осы Келісімнің тарапы болып табылатын мүше мемлекеттің авиакәсіпорындарына немесе авиакомпанияларына сілтемелер осы мүше мемлекет тағайындаған авиакәсіпорындарға сілтемелер ретінде түсінілуге тиіс.
4. Осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған келісімдерде белгіленген шеңберден шығатын тасымалдауға қосымша құқықтарды туындатпайды және екіжақты уағдаластықтарға сәйкес тағайындалуы ықтимал авиакәсіпорындардың санын өзгертпейді. Тасымалдау құқығын беру екіжақты келісімдер негізінде бұрынғыдай жүзеге асырылатын болады.
1. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті мүше мемлекеттің авиакәсіпорынды тағайындауына қатысты осы Келісімге 2-қосымшаның а) және b) тармақтарында санамаланған тиісті ережелерін және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті мүше мемлекет берген өкілеттіктермен және рұқсаттармен, сондай-ақ тиісінше авиакәсіпорындардың өкілеттіктерін немесе рұқсаттарын қабылдамаумен, кері қайтарумен, тоқтата тұрумен немесе шектеумен ауыстырады.
2. Мүше мемлекеттің тағайындауын және тағайындалған авиакәсіпорыннан өтінімдерді белгіленген нысанда және тәртіппен алған соң Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті өкілеттіктер мен рұқсаттарды барынша аз рәсімдік кідіріспен мынадай:
i) авиакәсіпорын тағайындаушы мүше мемлекеттің аумағында Еуропалық Одақтың жұмыс істеуі туралы шартқа сәйкес құрылған және Еуропалық Одақтың заңдарына сәйкес қолданыстағы пайдалану лицензиясы бар болған;
ii) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды пайдаланушы сертификатын беруге жауапты мүше мемлекет жүзеге асырған және қолдаған және тиісті авиациялық билік тағайындауда нақты айқындалған;
iii) авиакәсіпорын тікелей немесе басымдықпен иелік ету арқылы мүше мемлекеттердің және (немесе) мүше мемлекеттер азаматтарының және (немесе) осы Келісімге 3-қосымшада санамаланған басқа мемлекеттердің және (немесе) осындай басқа мемлекеттер азаматтарының меншігінде болған және оны тиімді бақылаған жағдайда береді.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тағайындауын және тағайындалған авиакәсіпорыннан өтінімдерді белгіленген нысанда және тәртіппен алғаннан кейін мүше мемлекет тиісті өкілеттіктер мен рұқсаттарды ең аз рәсімдік кідіріспен мынадай:
i) авиакәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және Қазақстан Республикасы берген қолданыстағы пайдалану лицензиясы бар болған;
ii) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырған және қолдаған;
iii) авиакәсіпорын тікелей немесе басымдықпен иелену арқылы Қазақстан Республикасының және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігінде болған және оны тиімді бақылаған жағдайда береді.
4. Егер:
i) авиакәсіпорын тағайындаушы мүше мемлекеттің аумағында Еуропалық Одақтың жұмыс істеуі туралы шартқа сәйкес тіркелмесе немесе Еуропалық Одақтың құқығына сәйкес қолданыстағы пайдалану лицензиясы болмаса; немесе
ii) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды пайдаланушы сертификатын беруге жауапты мүше мемлекет жүзеге асырмаса немесе қолдамаса немесе тиісті авиациялық билік тағайындауда нақты айқындалмаса; немесе
iii) авиакәсіпорын тікелей немесе басымдықпен иелік ету арқылы мүше мемлекеттердің және (немесе) мүше мемлекеттер азаматтарының және (немесе) осы Келісімге 3-қосымшада санамаланған басқа мемлекеттердің және (немесе) осындай басқа мемлекеттер азаматтарының меншігінде болмаса немесе олар тиімді бақыламаса; немесе
iv) авиакәсіпорынға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа мүше мемлекет арасындағы екіжақты келісімге сәйкес қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берілсе, бұл ретте ол көрсетілетін қызметтер арқылы іске асырылатын немесе басқаша ұсынылатын уағдаластық желілерді пайдалануды қоса алғанда, осы басқа мүше мемлекеттегі пунктті қамтитын маршрутта тасымалдау құқықтарын жүзеге асыру арқылы авиакәсіпорынның Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа мүше мемлекет арасындағы екіжақты келісіммен енгізілген тасымалдау құқықтарын шектеуді айналып өтетінін дәлелдей алады; немесе
v) авиакәсіпорынның мүше мемлекет берген пайдаланушы сертификаты бар болса және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен осы мүше мемлекет арасында әуе қатынасы туралы екіжақты келісім немесе басқа да уағдаластықтар жоқ болса және бұл мүше мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған авиакәсіпорынға тасымалдау құқығынан бас тартса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүше мемлекет тағайындаған авиакәсіпорынның өкілеттігінен немесе рұқсатынан бас тартуы, оларды кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе шектеуі мүмкін.
Осы тармақ бойынша өз құқығын пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропалық Одақтың авиакәсіпорындары арасында азаматтық белгісі бойынша кемсітушілік жүргізбеуге міндеттенеді.
5. Егер:
i) авиакәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе немесе Қазақстан Республикасы берген қолданыстағы пайдалану лицензиясы болмаса; немесе
ii) авиакәсіпорынға тиімді реттеушілік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырмаса немесе оны қолдамаса; немесе
iii) авиакәсіпорын тікелей немесе басымдықпен иелік ету арқылы Қазақстан Республикасының және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігінде болмаса немесе олар оны тиімді бақыламаса, мүше мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған авиакәсіпорынның өкілеттігінен немесе рұқсаттарынан бас тартуы, кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе шектеуі мүмкін.
1. Осы баптың 2-тармағының ережелері осы Келісімге 2-қосымшаның c) тармағында санамаланған тиісті ережелерін толықтырады.
2. Егер мүше мемлекетте реттеушілік басқаруды басқа мүше мемлекет жүзеге асыратын және бақылайтын авиакәсіпорынды тағайындаған болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен авиакәсіпорынды тағайындаған мүше мемлекет арасындағы келісімнің қауіпсіздік туралы ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтары осы басқа мүше мемлекеттің қауіпсіздік стандарттарын қабылдауына, қолдануына немесе сақталуын бақылауына қатысты, сондай-ақ мұндай авиакәсіпорынды пайдалануға арналған рұқсатқа қатысты тең дәрежеде қолданылады.
Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
Консультациялар, қайта қарау немесе өзгерту
1. Уағдаласушы тараптар кез келген уақытта осы Келісімді өзара келісу арқылы қайта қарай алады немесе өзгерте алады.
2. Уағдаласушы тараптар осы Келісімнің орындалуын қадағалайды және оны тұрақты түрде қайта қарайды. Мұндай қайта қараулар, атап айтқанда, кез келген Уағдаласушы тараптың пікірі бойынша Келісімнің кез келген күтпеген теріс салдарын бағалауға тиіс.
3. Кез келген Уағдаласушы тараптың сұрау салуы бойынша Уағдаласушы тараптар осындай күтпеген теріс салдарға тиісті ден қою шараларын талқылау мақсатында консультациялар өткізеді, олардан кейін Келісім қайта қаралуы немесе өзгертілуі мүмкін. Мұндай консультациялар кез келген Уағдаласушы тараптың сұрау салған кезінен бастап 60 күн ішінде өткізіледі.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерінің аяқталғанын растайтын хабарлама жолдайды.
2. Осы Келісім осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы хабарлама алынған айдан кейінгі екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
3. Осы Келісімнің 1-тармағында көзделген хабарламалар Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшылығына немесе олардың тиісті құқықтық мирасқорларына жіберіледі.
4. Осы Келісімге қол қойылған күні әлі күшіне енбеген және уақытша қолданылмайтын Қазақстан Республикасы мен мүше мемлекеттер арасындағы келісімдер мен басқа да уағдаластықтар осы Келісімге 1-қосымшаның b) тармағында санамаланған. Осы Келісім барлық осындай келісімдер мен уағдаластықтарға олар күшіне енгеннен немесе уақытша қолданылғаннан кейін қолданылады.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы өзінің шешімін жазбаша нысанда хабардар ете алады. Мұндай жағдайда, егер тоқтату туралы хабарлама осы мерзім өткенге дейін кері қайтарып алынбаса, Келісім екінші Уағдаласушы тарап хабарламаны алған күннен кейін алты айдан соң өзінің қолданысын тоқтатады.
2. Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданысы тоқтатылған осындай күннен бастап мұндай Келісімге осы Келісімнің ережелерін қолдану тоқтатылады. Осы Келісімдегі қолданысы тоқтатылған келісімге сілтемелер сол күннен бастап жарамсыз болып саналады.
3. Осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған барлық келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда, осы Келісімнің қолданысы осындай келісімнің соңғысының қолданысы тоқтатылған күні тоқтатылады.
Қазақ, орыс, болгар, хорват, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, ирланд, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словак, словен, испан және швед тілдерінде екі данада жасалған, барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
20 __ "__" __________ ___________ қаласында жасалды.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Еуропалық Одақ үшін |
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімге 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімнің 1-бабында аталған келісімдер мен басқа да уағдаластықтардың тізбесі
а) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылған күні күшіне енгізілген немесе уақытша қолданылатын, түзетулері бар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүше мемлекеттер арасындағы келісімдер және басқа да уағдаластықтар:
1993 жылғы 26 сәуірде Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Австрия Федеральдық Үкiметi арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Австрия келісімі" деп аталады;
2024 жылғы 25 наурызда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Кипр Республикасының авиациялық билігі арасындағы әуе қатынасы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан мен Кипр арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум" деп аталады;
2016 жылғы 6 желтоқсанда Багам аралдары Нассау қаласында қол қойылған Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасының авиациялық биліктерін білдіретін делегациялар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум" деп аталады;
1996 жылғы 15 наурызда Боннда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Герман Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Герман келісімі" деп аталады;
1995 жылғы 9 наурызда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Венгрия Республикасы Үкiметiнің арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Венгрия келісімі" деп аталады;
1993 жылғы 21 шілдеде Вильнюсте қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Литва Республикасы Үкiметi арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Литва келісімі" деп аталады;
1997 жылғы 27 қарашада Варшавада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Поляк келісімі" деп аталады;
1996 жылғы 26 сәуірде Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Дания келісімі" деп аталады;
1996 жылғы 26 сәуірде Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швеция Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Швеция келісімі" деп аталады;
1996 жылғы 7 ақпанда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Финляндия келісімі (1996 жыл)" деп аталады.
b) Келісімге қол қойылған күні әлі күшіне енбеген және оларға енгізілген уақытша қолданылмайтын, түзетулері бар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынасы туралы келісімдер:
2000 жылғы 27 маусымда Брюссельде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бельгия Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Бельгия келісімі" деп аталады;
1999 жылғы 15 қыркүйекте Софияда қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Болгария Республикасы Yкiметiнiң арасында олардың сәйкес аумақтары арасында және одан тысқарыда әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Болгария келісімі" деп аталады;
2018 жылғы 16 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Финляндия келісімі (2018 жыл)" деп аталады;
2001 жылғы 26 сәуірде Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Эстония келісімі" деп аталады;
2016 жылғы 21 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Француз келісімі" деп аталады;
2002 жылғы 27 қарашада Гаагада қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Нидерланд Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Нидерланды келісімі" деп аталады;
1998 жылғы 19 мамырда Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Латвия келісімі" деп аталады;
2015 жылғы 21 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім, Келісімге 2-қосымшада "Қазақстан-Люксембург келісімі" деп аталады.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімге 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімнің 1-қосымшасында санамаланған және 2 және 3-баптарында аталған келісімдер мен басқа да уағдаластықтар қосымшаларының тізбесі
a) Тағайындау, өкілеттіктер мен рұқсаттар:
Қазақстан-Австрия келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Бельгия келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Болгария келісімінің 4-бабы;
Қазақстан мен Кипр арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның 1-тармағы;
Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның 2-тармағы;
Қазақстан-Дания келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Эстония келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Француз келісімінің 4-бабы;
Қазақстан-Финляндия келісімінің (1996) 3-бабы;
Қазақстан-Финляндия келісімінің (2018) 3-бабы;
3(3)-баптың ережелеріне сілтеме жасалғанына қарамастан, Қазақстан-Герман келісімінің 3(2)-бабы;
Қазақстан-Венгрия келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Нидерланды келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Латвия келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Литва келісімінің 4(1) және (2)-баптары;
Қазақстан-Люксембург келісімінің 3-бабы;
Қазақстан-Поляк келісімінің 3-бабы;
Қазақстан- Швеция келісімінің 3-бабы.
b) Өкілеттіктерді немесе рұқсаттарды қабылдамау, кері қайтарып алу, тоқтата тұру немесе шектеу:
Қазақстан-Австрия келісімінің 3(3) және (5) және 4(1)-баптары;
Қазақстан-Бельгия келісімінің 5(1)-бабы;
Қазақстан мен Кипр арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның 1-тармағы;
Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның 2-тармағы;
Қазақстан-Болгария келісімінің 5(1)-бабы;
Қазақстан-Дания келісімінің 4-бабы;
Қазақстан-Эстония келісімінің 3(1)-бабы;
Қазақстан-Француз келісімінің 5(1)-бабы;
Қазақстан-Финляндия келісімінің (1996) 4(1)-бабы;
Қазақстан-Финляндия келісімінің (2018) 4(1)-бабы;
Қазақстан-Герман келісімінің 4-бабының бірінші сөйлемі – осы Келісімнің 2(4) және 2(5)-баптарында көзделген өкілеттіктерді немесе рұқсаттарды қабылдамау, кері қайтарып алу, тоқтата тұру немесе шектеу шарттарына ғана қолданылады;
Қазақстан-Венгрия келісімінің 4(1)-бабы;
Қазақстан-Нидерланды келісімінің 4(1)-бабы;
Қазақстан-Латвия келісімінің 3(4) және 4(1)-баптары;
Қазақстан-Литва келісімінің 4(3) және (5) және 5(1)-баптары;
Қазақстан-Люксембург келісімінің 4(1)-бабы;
Қазақстан-Поляк келісімінің 4(1)-бабы;
Қазақстан-Швеция келісімінің 4-бабы.
c) Қауіпсіздік:
Қазақстан-Бельгия келісімінің 7-бабы;
Қазақстан-Эстония келісімінің 12-бабы;
Қазақстан-Финляндия келісімінің (2018) 6-бабы;
Қазақстан-Француз келісімінің 9-бабы;
Қазақстан-Венгрия келісімінің 7-бабы;
Қазақстан-Нидерланды келісімінің 11-бабы;
Қазақстан-Латвия келісімінің 8-бабы;
Қазақстан-Литва келісімінің 8-бабы;
Қазақстан-Люксембург келісімінің 6-бабы.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімге 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімнің 2-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердің тізімі
a) Исландия Республикасы (Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісім шеңберінде);
b) Лихтенштейн Князьдігі (Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісім шеңберінде);
c) Норвегия Корольдігі (Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісім шеңберінде);
d) Швейцария Конфедерациясы (Еуропалық Қоғамдастық пен Швейцария Конфедерациясы арасындағы әуе көлігі туралы келісім шеңберінде).