"Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 143 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

      Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шығындары өтету үшін уәкілетті басшыға ауыстыру не қызметтен босату туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) қызметкер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесімен, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу туралы мүлікті тасымалдау маршруты және оның қашықтығы, төлем мөлшері көрсетілген бұйрықты:

      1) қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге уәкілетті басшы;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерге қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық органның уәкілетті басшысы;

      3) қызметтен шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің штатында тұрған, одан шығарылған қызметкерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы шығарады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде автомобиль жолының әр 20 километріне төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

     


      мұнда: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;

      20 км – тұрақты шама;

      1 АЕК – тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.

      Кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығын 20 километрге бөлу нәтижесі дөңгелектелмей 1 АЕК-ке көбейтіледі.

      Алынған сомаға соманы бір теңгеге дейін арифметикалық дөңгелектеу әдісі қолданылады (50 тиынға жетпесе, азайту жағына дөңгелектенеді; 50 тиын және одан жоғары болса, ұлғайту жағына дөңгелектенеді).";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларында:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу болған оқиға фактісі бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады және қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызмет бойынша ауысқан кезде оның отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді қызметкер әрі қарай қызмет өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған болса – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған болса – шығарылғанға дейін өзі штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылғанда және таңдаған тұрғылықты жерде тіркелгені расталғанда шығындарды өтеу:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 "О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2026 года № 143

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 "О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей" следующие изменения и дополнение:

      в Правилах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей) за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Возмещение затрат сотрудников производится по нормам, утвержденным первыми руководителями специальных государственных органов по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.

      Возмещение затрат сотрудников в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящих Правил, по факту состоявшегося события производится тем государственным учреждением специального государственного органа (далее – учреждение), где сотрудники состоят в штате или распоряжении.

      В случае увольнения сотрудников со службы возмещение затрат производится:

      сотрудникам, уволенным из органов национальной безопасности Республики Казахстан, – территориальным органом по избранному месту жительства;

      сотрудникам, уволенным из Службы государственной охраны Республики Казахстан, – Службой государственной охраны Республики Казахстан, в штате которой состояли до увольнения.

      Избранное место жительства сотрудника подтверждается приказом об его увольнении со службы либо сведениями, подтверждающими регистрацию по месту жительства.";

      подпункт 5) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "5) копию удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан, а также банковских документов, необходимых для перечисления суммы возмещения затрат, для уволенных со службы сотрудников.

      При наличии доступа к соответствующим государственным информационным системам через шлюз "электронное правительство" территориальные органы самостоятельно получают сведения о регистрации по месту жительства и документе, удостоверяющем личность.";

      в Правилах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей) за перевозку собственного имущества при перемещении по службе и увольнении со службы, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Возмещение затрат сотрудников при перемещении по службе производится государственным учреждением специального государственного органа (далее – учреждение), в которое прибыли сотрудники для дальнейшего прохождения службы.

      В случае увольнения сотрудников со службы возмещение затрат производится:

      сотрудникам, уволенным из органов национальной безопасности Республики Казахстан, – территориальным органом по избранному месту жительства;

      сотрудникам, уволенным из Службы государственной охраны Республики Казахстан, – Службой государственной охраны Республики Казахстан, в штате которой состояли до увольнения.

      Избранное место жительства сотрудника подтверждается приказом об его увольнении со службы либо сведениями, подтверждающими регистрацию по месту жительства.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Для возмещения затрат уполномоченному руководителю в течение тридцати рабочих дней с момента издания приказа о перемещении либо увольнении со службы подается:

      1) сотрудником – рапорт по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) сотрудником, уволенным со службы, – заявление по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, с приложением копии удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан, а также банковских документов, необходимых для перечисления суммы возмещения затрат.

      При наличии доступа к соответствующим государственным информационным системам через шлюз "электронное правительство" территориальные органы самостоятельно получают сведения о регистрации по месту жительства и документе, удостоверяющем личность.

      Приказ о возмещении затрат за перевозку собственного имущества по территории Республики Казахстан с указанием маршрута перевозки имущества и его расстояния, размера выплаты издается:

      1) уполномоченным руководителем – сотруднику, прибывшему для дальнейшего прохождения службы, по месту прохождения службы;

      2) уполномоченным руководителем территориального органа – сотруднику, уволенному со службы, по избранному месту жительства уволенного сотрудника на основании выписки из приказа о его увольнении со службы;

      3) уполномоченным руководителем Службы государственной охраны Республики Казахстан – сотруднику, уволенному из Службы государственной охраны Республики Казахстан, в штате которой он состоял до увольнения.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. Размер выплаты на каждые 20 километров автомобильной дороги в размере одного месячного расчетного показателя рассчитывается по формуле:

     


      где: L – протяженность автомобильной дороги от пункта убытия до пункта назначения в километрах;

      20 км – постоянная величина;

      1 МРП – размер месячного расчетного показателя, утвержденного на соответствующий финансовый год.

      Результат деления протяженности автомобильной дороги от пункта убытия до пункта назначения в километрах на 20 километров без округления умножается на 1 МРП.

      На полученную сумму применяется арифметический метод округления суммы до одного тенге (до 50 тиынов округляется в меньшую сторону; 50 тиын и выше округляется в большую сторону).";

      в Правилах возмещения затрат курсантов, слушателей военных, специальных учебных заведений за проезд на транспорте, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "4) копию удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан, а также банковских документов, необходимых для перечисления суммы возмещения затрат, – для уволенных со службы курсантов, слушателей.

      При наличии доступа к соответствующим государственным информационным системам через шлюз "электронное правительство" территориальные органы самостоятельно получают сведения о регистрации по месту жительства и документе, удостоверяющем личность.";

      в Правилах возмещения затрат членов семей сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей), постоянно совместно проживающих с ними, за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан при перемещении сотрудника специального государственного органа, а также при увольнении сотрудника специального государственного органа со службы, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Возмещение затрат членов семей сотрудников осуществляется по нормам, утвержденным первыми руководителями специальных государственных органов по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию, по факту состоявшегося события и производится тем государственным учреждением специального государственного органа (далее – учреждение), где сотрудники состоят в штате или распоряжении.

      При перемещении сотрудников по службе возмещение затрат членов их семей осуществляется учреждением, в которое сотрудники прибыли для дальнейшего прохождения службы.

      В случае увольнения сотрудников со службы возмещение затрат их членов семей производится:

      при увольнении из органов национальной безопасности Республики Казахстан – территориальным органом по избранному месту жительства;

      при увольнении из Службы государственной охраны Республики Казахстан – Службой государственной охраны Республики Казахстан, в штате которой состояли до увольнения.

      Избранное место жительства сотрудника подтверждается приказом об его увольнении со службы либо сведениями, подтверждающими регистрацию по месту жительства.";

      подпункт 5) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5) копию удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан, а также банковских документов, необходимых для перечисления суммы возмещения затрат, – для уволенных со службы сотрудников.

      При наличии доступа к соответствующим государственным информационным системам через шлюз "электронное правительство" территориальные органы самостоятельно получают сведения о регистрации по месту жительства и документе, удостоверяющем личность.";

      абзац первый пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Возмещение затрат осуществляется при представлении документов, определенных пунктом 5 настоящих Правил, и подтверждении регистрации нового места жительства:".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов