Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-1-жолмен толықтырылсын:
"
68-1 | Жауапты құрылыс жайларды позициялау және мониторингтеу жүйелеріне арналған жабдықтар шығару | 26517 | республикалық меншік /коммуналдық меншік | "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қазақстан Республикасы | 5 (бес) жылдан аспайды |
";
реттік нөмірі 335-жолдың 5-бағанында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 338-жолдың 5-бағанында:
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33) "Decarbonize Solutions Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
"34) "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 341-жолдың 5-бағанында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) "Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |