"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарға:
1) "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына;
2) Алматы қаласы Мәдениет басқармасының "Мемлекеттік қуыршақ театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
3) Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
4) "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына "Академиялық" мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | О. Бектенов |