Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
159) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"159) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";
165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"165) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |