Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
"Alatau" арнайы экономикалық аймағы шекараcының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Alatau" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 990 қаулысына 1-қосымша "Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Alatau" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

"Alatau" арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 98982,98 га
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 990 қаулысына 2-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген |
"Alatau" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең (2025 жыл) | 2031 жылға қарай қол жеткізу | 2036 жылға қарай қол жеткізу | 2041 жылға қарай қол жеткізу | 2047 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 9 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 10 | 174,1 | 813,7 | 1026,84 | 1666,64 |
1.1 | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд теңге | 0 | 79,70 | 308,64 | 582,73 | 1028,32 |
1.2 | отандық инвестициялар көлемі | млрд теңге | 10 | 94,40 | 505,06 | 444,11 | 638,32 |
2 | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 0 | 435 | 842 | 1172 | 1759 |
3 | Қатысушылар саны (компаниялар) | бірл. | 4 | 44 | 50 | 52 | 53 |
4 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 120 | 2800 | 5853 | 10589 | 17366 |
5 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 0 | 34 | 41 | 63 | 91 |
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
