ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар (бұдан әрі – шаралар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), өзге де ұйымдар (келісу бойынша) шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ жартыжылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 20 қарашада қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 934 қаулысымен бекітілген |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар
Р/с№ | Жобаның/іс-шараның атауы | Нәтиже (жоба үшін)/Аяқтау нысаны (іс-шара үшін) | Аяқтау мерзімі | Нәтижеге жауаптылар | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Ақшалай қаражатты шығару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларында жалған тұлғаларды (дроп) пайдалану типологиясын әзірлеу, сондай-ақ типологияны практикалық қызметті есепке алу және ішкі бақылау шараларын күшейту үшін ЕДБ-ге жеткізу | типология | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
2 | ЕДБ үшін дроптардың белгілері бар операциялар бойынша күдіктілік белгілерін айқындау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
3 | Мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қатысуымен "Дроп1 болма!" атты ақпараттық науқан өткізу | жарияланымдар | қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде 1 рет | МАМ, ІІМ, ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
4 | КЖ схемаларын анықтау мақсатында жалған сыртқы экономикалық шарттар бойынша ақшаны шетелге шығарумен байланысты операцияларға стратегиялық талдау жүргізу | талдау | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
5 | Тауарларды нақты әкелгенге дейін 100 % алдын ала төлемді көздейтін сыртқы экономикалық келісімшарттарға салықтық бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсыныстар | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
6 | ЕДБ үшін капиталды жалған экспорттық-импорттық шарттар арқылы шығарумен; жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтер көрсетпей немесе тауарларды жөнелтпей, шот-фактура жазумен байланысты операциялардың экономикалық орындылығын болуын анықтау және талдау бойынша ұсынымдарды әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
7 | Ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру жөніндегі операциялардың ҚМА-ға ақпарат түспейтін түрлеріне талдау жүргізу | талдау | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
8 | Қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруды есептеу әдістемесін әзірлеу | әдістеме |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
9 | Қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша есепке алу нысандарын әзірлеу және статистиканы жүргізуді ұйымдастыру | бұйрық жобасы |
2026 жылғы | БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
10 | Бекітілген есептеу әдістемесі негізінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру көлеміне тұрақты мониторинг жүргізу механизмін енгізу | есеп | жарты жылда 1 рет | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
11 | ЕДБ үшін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты операциялар бойынша күдіктілік белгілерін айқындау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
12 | Жалған қарыздарды анықтау және оларға қарсы іс-қимыл мақсатында клиенттердің мәмілелері бойынша, соның ішінде қарыз берумен, олардың сомаларымен, өтеу кестелерімен және қаржыландыру көздерімен байланысты мәмілелер бойынша ЕДБ үшін күдіктілік белгілерін айқындау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
13 | Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін қолма-қол ақшалай қаражатты өткізу кезінде КЖ белгілерін тану бойынша тренингтер өткізу | тренинг | тоқсан сайын | ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
14 | АХҚО аумағында цифрлық активтерді пайдаланумен байланысты КЖ/ТҚ ТСБ жүргізу | ТСБ туралы есеп |
2026 жылғы | АХҚО (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
15 | Цифрлық активтерді қылмыстық мақсатта пайдаланумен байланысты қылмыстық істердің статистикалық есебін қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлерін нақтылай отырып және операциялардың көлемдерін көрсете отырып жүргізуді ұйымдастыру | бұйрық жобасы |
2026 жылғы | БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
16 | Басқа юрисдикцияларда тіркелген лицензияланбаған ЦАҚП-ты Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру | есеп |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
17 | Цифрлық активтердің заңсыз айналымымен байланысты операцияларды анықтау бойынша күдікті операциялардың өлшемшарттарын өзектендіру | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), ЖИЦДМ, АХҚО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
18 | Цифрлық активтердің заңсыз айналымымен байланысты операцияларды анықтау жөніндегі типологияны өзектендіру | типология | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), ЖИЦДМ, АХҚО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
19 | Түсіндіру жұмыстарына сарапшыларды тарта отырып, медиа және әлеуметтік желілер арқылы цифрлық активтерді пайдалана отырып КЖ/ТҚ тәуекелдері туралы ауқымды ақпараттық науқан өткізу | БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланымдар | жарты жылда 1 рет | МАМ, ҚМА (келісу бойынша), ЖИЦДМ, АХҚО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
20 | ҚМС үшін криптовалютаны пайдалана отырып КЖ/ТҚ тәуекелдері туралы хабардарлық деңгейін арттыру бойынша семинарлар мен курстар өткізу | оқыту курсы | жарты жылда 1 рет | AML Academy (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ЖИЦДМ, АХҚО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
21 | Мобильдік құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтылымдарды (AppStore және PlayMarket) таратудың цифрлық платформаларында орналасқан Қазақстан Республикасында лицензияланбаған ЦАҚП қосымшаларын бұғаттауды қамтамасыз ету | қосымшаларды бұғаттау |
2026 жылғы | МАМ, ЖИЦДМ, ҰҚК (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
22 | Тәуекелді крипто-әмияндар тізілімін қалыптастыруды регламенттейтін бірлескен бұйрықты әзірлеу | тәуекелді әмияндардың тізілімі |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, АХҚО (келісу бойынша), ЖИЦДМ, ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
23 | КЖ-нің әлеуетті тәуекелдерін анықтау мақсатында ақпарат ҚМА-ға жолданатын жылжымайтын мүлікпен жасалатын нотариаттық мәмілелерге талдау жүргізу | талдау | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
24 | ҚМС үшін ауданды, жылжымайтын мүлік түрін, ауданын және басқа параметрлерді ескере отырып, жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасын қадағалау бөлігінде ұсынымдар әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
25 | Жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты иелерінің және мәмілелерді қаржыландыру көздерінің сәйкестігін тексеру бойынша ішкі рәсімдерді ерікті түрде енгізуге жәрдемдесу мақсатында ЕДБ және риэлторлар үшін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялармен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
26 | КЖ-мен байланысты жылжымайтын мүлік туралы деректерді жинау және талдау жүргізу | талдау | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
27 | Жылжымайтын мүлік секторының қылмыстық схемаларға осал тұстарын бағалау үшін негізгі индикаторларды әзірлеу | бұйрық жобасы | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
28 | Декларацияланған немесе расталған заңды кірістер болмаған кезде элиталық жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы негізсіз байлық белгілерін анықтау әдістемесін әзірлеу | әдістеме |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
29 | Негізсіз байлық белгілері және расталған кірістер болмаған кезде сатып алынған элиталық жылжымайтын мүлік объектілерінің статистикалық есебін жүргізуді ұйымдастыру | бұйрық жобасы | 2026 жылғы маусым | БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), БП АҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
30 | КЖ-нің әлеуетті тәуекелдерін анықтау мақсатында олар бойынша ҚМА-ға ақпарат жіберілмейтін бағалы металдармен, тастармен және олардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын мәмілелерге талдау жүргізу | талдау | 2026 жылғы маусым | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
31 | Клиенттердің ресми кірістерін салыстыруға, сондай-ақ клиенттерді және мәмілелерді қаржыландыру көздерін тексеру рәсімдерін күшейтуге бағытталған тексерулерді жүргізу бойынша ішкі рәсімдерді ерікті енгізуге жәрдемдесу мақсатында бағалы металдардың, тастардың және зергерлік компаниялардың операторлары үшін әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
32 | Бағалы металдардың, тастардың операторларының және зергерлік компаниялардың қызметінде бағалы металдарды, тастар мен зергерлік бұйымдарды криминалдық жолмен пайдалану, сондай-ақ қолма-қол қаражат көлемінің статистикасын есептеу әдістемесін әзірлеу | бұйрық жобасы | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
33 | Бағалы металдардың, тастардың операторларының және зергерлік компаниялардың қызметінде бағалы металдарды, тастар мен зергерлік бұйымдарды криминалдық жолмен пайдалану, сондай-ақ қолма-қол қаражат көлемін есепке алу нысандарын әзірлеу және статистикасын жүргізуді ұйымдастыру | бұйрық жобасы | 2026 жылғы наурыз | БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
34 | Заңнамада белгіленген жағдайларда ҚМА-ға хабарламаларды жіберу міндеттілігі туралы бағалы металдардың операторларын хабардар ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | қабылданған шаралар туралы есеп | тоқсан сайын | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
35 | Сән-салтанатты заттармен операциялар жасау үшін бірегей кодты анықтау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасының Салық кодексіне түзетулердің күшіне ену қорытындылары бойынша | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
36 | Сән-салтанатты заттарды сатып алумен және сатумен байланысты мәмілелерге мониторингті күшейту | есеп | тоқсан сайын | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
37 | Автокөлік құралдарын сатып алу-сатумен байланысты операциялар бойынша күдіктілік белгілерін айқындау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
38 | ФАТФ-тің жаңартылған 24-Ұ. және 25-Ұ. сәйкес КЖ қылмыстық схемаларында ЗТ-ны және шетелдік құрылымдарды ЗТ құрмай пайдалануға ТСБ жүргізу | ТСБ есебі |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), Қаржымині, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
39 | КЖ/ТҚ мақсатында ЗТ құрмай шетелдік құрылымдарды, ЗТ-ны ықтимал пайдаланумен байланысты операциялар бойынша күдіктілік белгілерін айқындау | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
40 | Тәуекелге бейімделген тәсіл негізінде ЗТ-ны КЖ-ға тарту тәуекелдерін бағалау үшін олардың профилін әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
41 | Трасттарды КЖ қылмыстық мақсаттары үшін пайдаланумен байланысты типологияларды әзірлеу | типология |
2026 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
42 | Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді кеңейту | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына толықтыру енгізу | 2026 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), ТСМ, ЖИЦДМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
43 | ЖҚҚТҚ-ның алдын алу және ЖҚҚТҚ-ға қарсы іс-қимылдың реттеуші механизмдерін жетілдіру бойынша тиімді стратегияны әзірлеу | 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары |
2027 жылғы | АЭА (келісу бойынша), ӨҚМ, ҚМА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
44 | ЖҚҚТҚ-ға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту курсын әзірлеу | оқыту курсы | 2026 жылғы наурыз | AML Academy (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
_________________________
1Дроп – үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына және (немесе) электрондық төлем құралына қолжетімділік берген, сол сияқты өзінің төлем құралдарын үшінші тұлғаға, оның ішінде олардың құқыққа қарсы операцияларда рұқсатсыз пайдаланылуына әкеп соққан материалдық сыйақы үшін пайдалануға берген адам
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АХҚО | – | "Астана" халықаралық қаржы орталығы |
АЭА | – | Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
БП АҚК | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті |
БП ҚСжАЕК | – | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
ЕДБ | – | екінші деңгейдегі банктер |
ЖИЦДМ | – | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
ЖҚҚТҚ | – | жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру |
ЗТ | – | заңды тұлғалар |
КЕАҚ | – | коммерциялық емес акционерлік қоғам |
КЖ/ТҚ | – | кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру |
КЖ/ТҚҚ | – | қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚМА | – | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚМС | – | қаржылық мониторинг субъектілері |
ҚНРДА | – | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
МАМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
ТСБ | – | тәуекелдерді секторлық бағалау |
ТСМ | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ФАТФ | – | Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы |
ЦАҚП | – | цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
AML Academy | – | AML Academy қаржылық мониторинг академиясы |