ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 93 және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"V. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер" деген бөлімде:
"Көлiк және коммуникация" деген 12-функционалдық топта:
228 "Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі" деген әкімші бойынша:
240 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және реконструкциялау" деген бюджеттік бағдарламада:
032 "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен" деген бюджеттік кіші бағдарламада:
мына:
"
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 10 148 682 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 8 041 326 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Жаңа жол" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 2 155 814 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қосақ" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 7 333 186 | ||||||
Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы "Қарасу" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 1 000 001 | ||||||
Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы "Бесағаш" автомобиль өткізу пунктін салу | 8 250 740 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 3 000 000 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 2 500 000 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Жаңа жол" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 1 000 000 | ||||||
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қосақ" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 4 000 000 | ||||||
Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы "Қарасу" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту | 200 000 | ||||||
Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы "Бесағаш" автомобиль өткізу пунктін салу | 3 000 000 |
";
мына:
"
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Тасқала" автомобиль өткізу пунктін қайта құру/салу және жаңғырту | 6 985 353 |
"
алып тасталсын;
мына:
"
Қазақстан-Ресей шекарасында "Үрлітөбе" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені | 6 985 353 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан-Ресей шекарасында "Үрлітөбе" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені | 1 000 000 |
";
мына:
"
Қазақстан-Ресей шекарасында "Үрлітөбе" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені | 1 000 000 |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Қостанай облысындағы "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 158 939 | ||||||
Абай облысындағы "Ауыл" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 | ||||||
Атырау облысындағы "Құрманғазы" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 | ||||||
Алматы облысындағы "Кеген" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 | ||||||
Батыс Қазақстан облысындағы "Ақсай" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 | ||||||
Жамбыл облысындағы "Сыпатай батыр" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 | ||||||
Павлодар облысындағы "Шарбақты" автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту | 5 173 586 |
".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |