Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің көбеюінің алдын алу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің көбеюінің алдын алу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 795 қаулысымен мақұлданған Жоба |
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің көбеюінің алдын алу жөніндегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
өңірлік және шекара маңындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы мұндай ынтымақтастықты дамыту өз халықтарының мүдделеріне сай келетінін түсіне отырып,
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің ауыл шаруашылығы дақылдарына және жайылымдарға ерекше қауіпті екенін ескере отырып,
сондай-ақ егіннің ысырап болуына жол бермеу мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар тиімді фитомониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер миграциясының алдын алу және оларға қарсы күресу үшін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығының тиімділігін нығайту және арттыру үшін өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің жаппай өсуінің алдын алу, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсіміне зиян келу қаупін барынша азайту, осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде фитомониторинг және өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұйымдардың бірлескен іс-қимылын келісу және жүзеге асыру, көкқасқа шегірткеге қарсы өңдеуі жүргізгенге дейін және одан кейін адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау болып табылады.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
уәкілетті (құзыретті) органдар деп осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің фитомониторинг және ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын, осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелерді шешуге уәкілетті мемлекеттік органдары түсініледі;
уәкілетті ұйымдар деп фитомониторинг және көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ТМД-ға қатысушы мемлекет уәкілеттік берген ұйымдар түсініледі.
3-бап
Осы Келісімнің негізгі міндеттері:
осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің фитомониторинг және өсімдіктерді көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерден қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге тұрақты фитосанитариялық зерттеп-қарау және қорғаныш мақсатындағы өңдеуге (пестицидтерді қолдана отырып) жүргізу;
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер мониторингінің ұлттық цифрлық кешендерін әзірлеу және дамыту;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің фитомониторинг және өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұйымдардың өзара іс-қимылының ақпараттық-коммуникациялық жүйесін кеңейту болып табылады.
4-бап
Тараптар көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің көбеюінің алдын алу жөніндегі ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер туралы фитосанитариялық ахуал бойынша зерттеп-қарау, қорғаныш мақсатындағы өңдеу жүргізу, талдау және ақпарат алмасу;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің мониторингі, профилактикасы және олардың ошақтарын басу бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру;
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер бойынша ұлттық болжамдарды дайындау;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде ГАЖ-мониторинг пен көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің таралуы бойынша ақпаратты талдаудың ұлттық цифрлық бағдарламалары мен жүйелерін дамыту;
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің мониторингі және оларға қарсы күрес саласында кадрларды даярлау және кәсіптік қайта даярлау, біліктілігін арттыру;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күресу үшін инсектицидтерді қолданған кезде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізіліп жатқан өңдеулер туралы халықты хабардар ету;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен шегірткенің жаппай таралуының алдын алу және көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер бойынша фитосанитариялық ахуалды жақсарту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді қолдау.
5-бап
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты осы Келісімге сәйкес өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдары мен уәкілетті ұйымдары арқылы осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарын және заңнамаларды сақтай отырып жүзеге асырады.
6-бап
Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес өздерінің уәкілетті (құзыретті) органдарының және уәкілетті ұйымдарының тізбесін айқындайды, ол осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны тапсырған кезде депозитарийге беріледі. Уәкілетті (құзыретті) органдар мен уәкілетті ұйымдар тізбесінің өзгергені туралы Тараптардың әрқайсысы осындай шешім қабылданған күннен бастап 30 күн ішінде депозитарийді хабардар етеді, ол бұл туралы қалған Тараптарға хабарлайды.
7-бап
Уәкілетті (құзыретті) органдар және уәкілетті ұйымдар фитосанитариялық зерттеп-қараулардың нәтижелерін, есепке алу әдістемелерін өзара тануға байланысты мәселелерді шешуде, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің фитомониторинг және өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұйымдары өкілдерінің өзара iс-қимылы бойынша тәсілдемелерді әзірлеуде және осы Келісім шеңберінде бірлескен қызметтің нақты аспектілерін егжей-тегжейлі пысықтау үшін өзге де мәселелерді шешуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге жәрдем көрсету мақсатында бірлескен жұмыс топтарын құра алады.
8-бап
Уәкілетті (құзыретті) органдар және уәкілетті ұйымдар жаппай таралу қаупі туындаған, көкқасқа шегіртке тектестер бойынша төтенше жағдай режимдері енгізілген жағдайда (төтенше жағдай қаупі төнген, жоғары дайындық) және көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттің іргелес аумақтарына ауған жағдайларда шектес мемлекеттердің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдарының және уәкілетті ұйымдардың өкілдерін ақпараттық хат нысанында хабардар етеді.
9-бап
Уәкілетті (құзыретті) органдар және уәкілетті ұйымдар көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер мен өңделген алаңдар туралы мәлімет, тәжірибе алмасады және жұмыста көкқасқа шегіртке жөніндегі ақпаратты мониторингтеу мен талдау үшін цифрлық бағдарламаларды (оның ішінде геоақпараттық жүйелерді) және пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға ұмтылатын болады.
10-бап
Уәкілетті (құзыретті) органдар және уәкілетті ұйымдар шегіртке тектестерге қатысты жағдайдың ушығуының алдын алу және қорғаныш мақсатындағы өңдеуді уақтылы жүргізу мақсатында көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің көбеюінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды бірлесіп жоспарлауды жүзеге асырады.
Мұндай іс-шаралардың тізбесі мен мазмұнын Тараптар консультациялар және қосымша құқықтық актілерді қабылдау арқылы айқындайды.
Қажет болған жағдайда көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын жедел жүргізу мақсатында Тараптар уәкілетті (құзыретті) органдардың және уәкілетті ұйымдардың құзыреті шеңберінде бір-біріне өзара көмек көрсете алады.
11-бап
ТМД-ға қатысушы мүдделі мемлекеттердің фитомониторинг және өсімдіктерді қорғау ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық өзара іс-қимылын кеңейту мақсатында уәкілетті (құзыретті) органдар және уәкілетті ұйымдар ГАЖ-мониторингінің және олардың көмегімен алынатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде көкқасқа шегіртке тектес зиянкестердің таралуы жөніндегі ақпаратты талдаудың ұлттық жүйелерін әзірлейді және дамытады.
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің фитомониторинг және көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес саласындағы әлеуетін күшейту үшін көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер бойынша бірлескен кеңестер мен семинарлар өткізілуі мүмкін.
12-бап
Тараптар ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті ұйымдарды көкқасқа шегіртке тектес зиянкестерге мониторингті және оларға қарсы күресті жүзеге асыру және пестицидтердің қалдық мөлшері, талдауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтармен және шығыс материалдарымен пестицидтердің эталондарымен (мемлекеттік стандарт үлгілері) және әдістерімен жабдықтау тәртібі мен шарттарын дербес айқындайды.
13-бап
Шекаралас аудандардағы уәкілетті (құзыретті) органдардың және уәкілетті ұйымдардың мамандары көкқасқа шегіртке тектес зиянкестер мекендейтін жерлерді үнемі зерттеп-қарауды жүргізеді және алынған нәтижелермен алмасады.
Көрсетілген ақпаратты беру нысанын, тәсілдері мен тәртібін уәкілетті (құзыретті) органдар мен уәкілетті ұйымдар келіседі.
14-бап
Осы Келісімді іске асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық бюджеттерінде уәкілетті (құзыретті) органдарға жыл сайын көзделетін қаражат және уәкілетті ұйымдар қаражаты есебінен және шегінде, сондай-ақ ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттер (олардың шаруашылық жүргізуші субъектілері) тартатын бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.
15-бап
Тараптардың келісуі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
16-бап
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде Тараптар арасында туындайтын даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы немесе Тараптар келіскен басқа рәсім арқылы шешіледі.
17-бап
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
18-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
19-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы шыққанға дейін кемінде алты ай бұрын депозитарийге өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып және Келісімнің қолданысы уақытында туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттей отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.
2025 жылғы " " _________ ____________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін | Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |
Армения Республикасының Үкіметі үшін | Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін |
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін |
Түрікменстан Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
Украина Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының Үкіметі үшін |