ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) өз құзыреті шегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің есеп-қисаптарын әдіснамалық қамтамасыз ету;";
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) Қоғамдық кеңес құру және оның қызметін үйлестіру;";
26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалар алып тасталсын;
33) және 34) тармақшалар алып тасталсын;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"51) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шараларын көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"51-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
51-2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу;";
67) тармақша алып тасталсын;
96) тармақша алып тасталсын;
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"99) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау көрсету және Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;";
мынадай мазмұндағы 99-1), 99-2), 99-3), 99-4), 99-5), 99-6) және 99-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"99-1) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) қарау;
99-2) жүйе түзуші кәсіпорындар тізбесін бекіту;
99-3) жүйе түзуші кәсіпорындардың тауарларды сатып алуын елішілік құндылығы мониторингін жүзеге асыру;
99-4) апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені бекіту;
99-5) өндіріс, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарын әзірлеу және салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекіту;
99-6) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу;
99-7) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;";
100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"100) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге қаражат бөлу;";
325) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 350-1), 350-2), 350-3), 350-4), 350-5), 350-6) және 350-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"350-1) жерасты су объектілерін мемлекеттік геологиялық зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу;
350-2) жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініштерге қоса берілетін геологиялық есептерге мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
350-3) жерасты суларын зерделеу саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
350-4) арнаулы су пайдалануға рұқсат беру кезінде жерасты суларын жинап алу және пайдалану шарттарын келісуді жүзеге асыру;
350-5) тәулігіне бір мың текше метрден асатын жерасты суларын жинап алу кезінде жерасты суларын жинап алу жобасын келісу;
350-6) жерасты суларын жинап алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібін келісу;
350-7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жерасты суларын зерделеу, есепке алу, қорғау және пайдалану бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 364-1), 364-2 және 364-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"364-1) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
364-2) өз құзыреті шегінде жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
364-3) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;";
мынадай мазмұндағы 369-1) тармақшамен толықтырылсын:
"369-1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікке сыртқы қауіп төнуін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету;";
382) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"382) елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суды қабылдау қағидаларын бекіту;";
396) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"396) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту;";
443) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"443) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;";
445) тармақша алып тасталсын;
446) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"446) елді мекендердің коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару, пайдалану және дамыту кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;";
447) тармақша алып тасталсын;
448), 449), 450), 451) және 452) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"448) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту;
449) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту;
450) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту;
451) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту;
452) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 452-1), 452-2), 452-3), 452-4), 452-5), 452-6), 452-7), 452-8), 452-9) және 452-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"452-1) өз құзыреті шегінде елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;
452-2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың елді мекендерде қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерін құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;
452-3) елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының аумақтарынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суды нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесін бекіту;
452-4) елді мекендердің сумен жабдықтау ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтерін құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне жүйелерін енгізудің өлшемшарттарын бекіту;
452-5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;
452-6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
452-7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану кезінде судың өндірістік шығысы мен техникалық ысырабының нормаларын есептеу әдістемесін бекіту;
452-8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесін бекіту;
452-9) суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу қағидаларын бекіту;
452-10) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мыналарды: су объектісінің белгілі бір сапасына сәйкес келетін ғимараттардың технологиялары мен қуатын жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруды; құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды; ауызсудың нормативтері мен ұлттық стандарттарын жетілдіруді қамтитын ауызсу сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;";
486) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"486) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;";
492) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"492) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 492-1), 492-2) және 492-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"492-1) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту;
492-2) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидаларын бекіту;
492-3) елді мекендердегі нөсерлі кәріз (дренаж) жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 495-1), 495-2), 495-3), 495-4) және 495-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"495-1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысу;
495-2) аумақтық қорғаныс объектілері бар болса, оларды күзету мен қорғауды аумақтық қорғаныс күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып ұйымдастыру;
495-3) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;
495-4) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
495-5) аумақтық қорғаныс объектілері бар болса, олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;";
523) және 524) тармақшалары алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он сегізінші және сексен сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте осы қаулының 1-тармағының отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтары 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |