Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгі туралы ережеде:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта білімнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
"18-2) білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 235-40) тармақшамен толықтырылсын:
"235-40) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |