ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 16-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Геологиялық ақпарат статистикасы, ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар";
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | |||
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарына | БЛА-дан 25 % | Лауазымдардың нақты тізбесі бойынша төлеу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3. | Қызмет бабында пайдалану үшін |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |