"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 638 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және аттестаттауды жүзеге асырады;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органымен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;";

      34) тармақша алып тасталсын;

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) кәсіптік стандарттарға сәйкес аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      47), 48) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      48) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорттың түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      "49) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 58-1), 58-2), 58-3), 58-4) және 58-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "58-1) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      58-2) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      58-3) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

      58-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;

      58-5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      59) тармақша алып тасталсын;

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің өлшемшарттары мен мөлшерін бекітеді;";

      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "65-1) жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды;";

      66) тармақша алып тасталсын;

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;";

      80), 81) және 82) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;

      81) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      82) ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстар өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 82-1) және 82-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "82-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      82-2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 84-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "84-1) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдайды;";

      87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

      88) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;";

      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "90) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;";

      92), 93), 94), 95) және 96) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамдарын жыл сайын бекітеді;

      93) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      94) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;

      95) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;

      96) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;";

      97) тармақша алып тасталсын;

      101) тармақша алып тасталсын;

      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "105) дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "105-1) спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      106), 107) және 108) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;

      107) Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының сандық құрамын бекітеді;

      108) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 108-1) және 108-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "108-1) спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекітеді;

      108-2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 110-1), 110-2), 110-3), 110-4), 110-5) және 110-6) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "110-1) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      110-2) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастырады;

      110-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекітеді;

      110-4) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді;

      110-5) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларына спорт түрлері бойынша спортшылардың әрбір жас тобы үшін оқу-жаттығу процесінің әдістемелік құралдарын келіседі;

      110-6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар жанындағы кешенді ғылыми топтардың, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіреді.";

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      3-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесіндегі 1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармақтың қырық бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865 "О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2025 года № 638

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865 "О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 30) изложить в следующей редакции:

      "30) разрабатывает и утверждает правила подготовки, переподготовки и повышения квалификации специалистов в области физической культуры и спорта;";

      дополнить подпунктом 30-1) следующего содержания:

      "30-1) осуществляет подготовку, переподготовку, повышение квалификации и аттестацию специалистов в области физической культуры и спорта;";

      подпункт 32) изложить в следующей редакции:

      "32) разрабатывает и утверждает правила проведения президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктом 33-1) следующего содержания:

      "33-1) утверждает перечень военно-прикладных и служебно-прикладных, технических и других видов спорта по согласованию с уполномоченным органом в области обороны, правоохранительными и специальными государственными органами Республики Казахстан, осуществляющими руководство развитием военно-прикладных и служебно-прикладных, технических и других видов спорта;";

      подпункт 34) исключить;

      подпункт 35) изложить в следующей редакции:

      "35) утверждает размеры денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта;";

      подпункт 38) изложить в следующей редакции:

      "38) утверждает правила проведения аттестации тренеров, тренеров-преподавателей и спортивных судей по предложениям национальных аккредитованных спортивных федераций в соответствии с профессиональными стандартами;";

      подпункты 47), 48) и 49) изложить в следующей редакции:

      "47) утверждает правила формирования составов национальных и штатных национальных команд Республики Казахстан, команд Республики Казахстан и команд областей, городов республиканского значения и столицы по видам спорта;

      48) утверждает возраст спортсменов по видам спорта для зачисления в физкультурно-спортивные организации, в которых осуществляется учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва и спортсменов высокого класса, а также минимальный возраст для участия в спортивных соревнованиях по видам спорта по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения;

      49) утверждает правила компенсационных выплат членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта при получении ими спортивных травм и увечий на международных спортивных соревнованиях по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения;";

      подпункт 54) изложить в следующей редакции:

      "54) разрабатывает и утверждает правила расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов;";

      дополнить подпунктами 58-1), 58-2), 58-3), 58-4) и 58-5) следующего содержания:

      "58-1) разрабатывает и утверждает совместно с уполномоченным органом по труду правила назначения на должности, освобождения от должностей первых руководителей государственных физкультурно-спортивных организаций;

      58-2) утверждает правила проведения ротации первых руководителей государственных физкультурно-спортивных организаций;

      58-3) проводит ротацию первых руководителей республиканских государственных физкультурно-спортивных организаций;

      58-4) утверждает правила приема на обучение в республиканские, областные, городов республиканского значения и столицы специализированные школы-интернаты-колледжи олимпийского резерва и областные, городов республиканского значения и столицы школы-интернаты для одаренных в спорте детей по согласованию с уполномоченным органом в области образования;

      58-5) разрабатывает и утверждает правила функционирования специализированных спортивных классов по согласованию с уполномоченным органом в области образования;";

      подпункт 59) исключить;

      подпункт 62) изложить в следующей редакции:

      "62) утверждает критерии и размеры выплат денег по договорам о спортивной деятельности со спортсменами высокого класса, тренерами и специалистами в области физической культуры и спорта, осуществляющими подготовку спортсменов высокого класса;";

      подпункт 65) изложить в следующей редакции:

      "65) разрабатывает и утверждает республиканский перечень приоритетных видов спорта и региональный перечень приоритетных видов спорта в разрезе регионов, а также порядок их финансирования за счет бюджетных средств;";

      дополнить подпунктом 65-1) следующего содержания:

      "65-1) определяет перечень видов спорта высших достижений и порядок их финансирования за счет бюджетных средств;";

      подпункт 66) исключить;

      подпункт 71) изложить в следующей редакции:

      "71) разрабатывает и утверждает правила по распределению внебюджетных денег, направленных на развитие физической культуры и спорта;";

      подпункты 80), 81) и 82) изложить в следующей редакции:

      "80) утверждает составы организационных комитетов по подготовке национальных команд Республики Казахстан по видам спорта к Олимпийским, Паралимпийским, Сурдлимпийским играм и другим международным соревнованиям;

      81) проводит республиканские и международные спортивные соревнования совместно с национальными аккредитованными спортивными федерациями и местными исполнительными органами;

      82) совместно с национальными аккредитованными спортивными федерациями по национальным видам спорта организует проведение международных и республиканских соревнований, подготовку и участие национальных команд Республики Казахстан по видам спорта в международных спортивных соревнованиях;";

      дополнить подпунктами 82-1) и 82-2) следующего содержания:

      "82-1) организует и осуществляет подготовку и участие членов национальных и штатных национальных команд Республики Казахстан по видам спорта в международных спортивных соревнованиях;

      82-2) организует и осуществляет подготовку и участие членов национальных команд Республики Казахстан по видам спорта в международных спортивных соревнованиях;";

      дополнить подпунктом 84-1) следующего содержания:

      "84-1) принимает меры, предусмотренные подпунктами 2), 3), 4) и 5) пункта 1 и подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 статьи 44-2 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте";";

      подпункты 87) и 88) изложить в следующей редакции:

      "87) осуществляет аккредитацию национальных спортивных федераций;

      88) утверждает правила выплат денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта и их возврата;";

      подпункт 90) изложить в следующей редакции:

      "90) утверждает комплексные целевые программы по видам спорта и индивидуальные планы подготовки спортсменов национальных команд Республики Казахстан по видам спорта;";

      подпункты 92), 93), 94), 95) и 96) изложить в следующей редакции:

      "92) ежегодно утверждает составы национальных и штатных национальных команд Республики Казахстан по видам спорта по представлению национальных аккредитованных спортивных федераций;

      93) назначает и освобождает от должностей главных тренеров национальных команд Республики Казахстан по видам спорта и государственных тренеров по видам спорта по представлению национальных аккредитованных спортивных федераций;

      94) осуществляет компенсационные выплаты членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта при получении ими спортивных травм и увечий на международных спортивных соревнованиях;

      95) обеспечивает страхование при подготовке и участии членов национальных команд Республики Казахстан по видам спорта в международных спортивных соревнованиях;

      96) утверждает единый республиканский календарь спортивно-массовых мероприятий по предложениям национальных аккредитованных спортивных федераций и обеспечивает его реализацию;";

      подпункт 97) исключить;

      подпункт 101) исключить;

      подпункт 105) изложить в следующей редакции:

      "105) организует подготовку национальных команд Республики Казахстан по видам спорта среди лиц с инвалидностью и их участие в международных спортивных соревнованиях, в том числе в Паралимпийских, Сурдлимпийских играх и Всемирных специальных олимпийских играх, совместно с физкультурно-спортивными организациями;";

      дополнить подпунктом 105-1) следующего содержания:

      "105-1) разрабатывает и утверждает национальные стандарты спортивной подготовки по виду (видам) спорта;";

      подпункты 106), 107) и 108) изложить в следующей редакции:

      "106) осуществляет руководство и контроль за работой по выполнению президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан;

      107) утверждает численный состав штатных национальных команд Республики Казахстан;

      108) утверждает правила определения единого оператора по распределению внебюджетных денег, направленных на развитие физической культуры и спорта;";

      дополнить подпунктами 108-1) и 108-2) следующего содержания:

      "108-1) утверждает лимиты бюджетных средств, выделяемых на содержание профессиональных спортивных клубов по игровым видам спорта;

      108-2) разрабатывает и утверждает размеры выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав национальных команд Республики Казахстан по видам спорта, их тренерам;";

      дополнить подпунктами 110-1), 110-2), 110-3), 110-4), 110-5) и 110-6) следующего содержания:

      "110-1) утверждает правила регистрации, снятия с учета и использования спортивных лошадей;

      110-2) организует строительство и реконструкцию республиканских объектов спорта, физкультурно-спортивных организаций, осуществляющих учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва и спортсменов высокого класса;

      110-3) утверждает перечень целевых индикаторов в области физической культуры и спорта;

      110-4) ежегодно доводит до местных исполнительных органов показатели целевых индикаторов в области физической культуры и спорта;

      110-5) согласовывает национальным аккредитованным спортивным федерациям методические пособия учебно-тренировочного процесса для каждой возрастной группы спортсменов по видам спорта;

      110-6) координирует деятельность комплексных научных групп, временных научных коллективов при национальных командах Республики Казахстан по видам спорта или в подведомственных организациях;";

      в перечне республиканских государственных учреждений, находящихся в ведении Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан:

      пункт 3 исключить;

      в пункт 3 к указанному постановлению:

      в перечне республиканских юридических лиц в отношении которых уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления определяется Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан подпункт 3) пункта 1 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзаца сорок пятого пункта 15, который вводится в действие с 16 июня 2026 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов