Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының бірінші бөлігіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды қосу жолымен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери және арнайы жабдықтау базасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
"1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери және арнайы жабдықтау базасы.";
2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
қызмет бабында пайдалану үшін.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |