Қазақстан Республикасы Су кодексінің 131-бабының 2-тармағына, 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімнің 5-бабына, 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 8-бабына, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің 12-бабына, 1992 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан арасындағы мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Трансшекаралық су объектілері бойынша тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының (бұдан әрі – делегация) құрамы;
2) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі делегацияның жұмыс органы болып айқындалсын.
2. Делегацияның функциялары:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес трансшекаралық суларды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;
2) Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суларды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардың (бұдан әрі – бірлескен комиссиялар) отырыстарына дайындықты жүзеге асыру;
3) бірлескен комиссиялар шеңберінде трансшекаралық суларды бірлесіп басқарудың, пайдаланудың және қорғаудың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын тұжырымдау;
4) бірлескен комиссиялардың отырыстарына қатысу;
5) қажет болған жағдайда, оның ішінде іздестіру мен жобалауды, талдамалық зерттеулерді, трансшекаралық су объектілері су ресурстарының жай-күйін талдау мен бағалауды орындау үшін тәуелсіз сарапшылар ретінде ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттарының ғалымдарын, су шаруашылығы саласындағы практик-мамандарды тарту.
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлескен комиссиялардың қызметін үйлестірсін, оның ішінде бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды тұжырымдауды келіссін;
2) делегация мүшелерімен бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібі мен хаттамаларының жобаларын келіссін, сондай-ақ су саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау үшін бірлескен комиссиялар отырыстары арасындағы кезеңде кеңестер және (немесе) жұмыс кездесулерін өткізсін;
3) бірлескен комиссиялардың әрбір отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамаларға сәйкес қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлесін;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансшекаралық өзендер сулылығының жай-күйі бойынша гидрометеорологиялық болжауды жүзеге асырсын;
5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірлескен комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
6) трансшекаралық суларды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдасын;
7) Мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерді, оның ішінде трансшекаралық суларды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі техникалық жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер (жобалау, іздестіру, зерттеу, талдау, бағалау) бойынша орындауды жүзеге асырсын;
8) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Қаржы министрліктерімен бірлесіп жыл сайынғы негізде делегация мүшелеріне елден тысқары жерлердегі іссапар шығыстары үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ел аумағында отырыстарды, консультациялар мен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және өткізу (үй-жайды, көлікті жалға алу, аудармашылар көрсететін қызметтер, ресми қабылдаулар) жөніндегі шараларды қабылдасын;
9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес делегация құрамына тартылатын, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тәуелсіз сарапшылардың ел шегіндегі және одан тысқары жерлердегі іссапар шығыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөніндегі шараларды қабылдасын;
10) бірлескен комиссиялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы, сондай-ақ трансшекаралық суларды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы үкіметтік деңгейдегі кездесулер мониторингін жүзеге асырсын және талдау жүргізсін және тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-і күніне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде есеп беріп тұрсын;
11) Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су объектілерінде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуді, сондай-ақ осы учаскелерде су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Трансшекаралық суларды басқару, пайдалану және қорғау, гидрологиялық мониторинг, су шаруашылығының есебі мен теңгерімі, гидрогеология және геоэкология саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ғылыми-зерттеу институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сұратуы бойынша:
1) делегация құрамында Қазақстан Республикасының шегінде және одан тыс жерде жүзеге асырылатын жұмысты істеу үшін өз өкілдерін жіберсін;
2) трансшекаралық суларды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан Республикасының ұсыныстары мен ұстанымын тұжырымдауға жәрдем көрсетсін.
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген дәлелдерін күшейту мақсатында трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша Жерді қашықтан зондтау мен талдау жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі трансшекаралық су объектілерінде су-энергетикалық ресурстарды пайдалану мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:
1) келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтималды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің су ресурсына деген қажеттілігіне тұрақты мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация, Сыртқы істер министрліктерімен келісу бойынша трансшекаралық су объектілерінде су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдасын.
8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) трансшекаралық су объектілерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы мониторинг жүйелерінен, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау құралдары пайдаланылып алынған жедел ақпарат алмасу бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация, Сыртқы істер министрліктерімен келісу бойынша трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдасын.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі трансшекаралық су объектілеріндегі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне трансшекаралық су объектілерінің қазақстандық бөлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынып тұрсын;
2) трансшекаралық су объектілерінің су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік пайдасын айқындау мәселелері бойынша құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.
11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қазақстан Республикасының аумағындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарының сандық және сапалық жай-күйінің мониторинг деректерін ұсынып тұрсын.
12. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация, Сыртқы істер, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың әкімдері Қазақстан аумағында келіссөздер, консультациялар мен жұмыс бабындағы кездесулер өткізген кезде протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуді, делегация мүшелерінің, оның ішінде кедендік шекарадан өту кезінде жеке қауіпсіздігін, оларды тіркеуді жүзеге асыру бойынша (қажет болған кезде) және кедергісіз жүріп-тұруға жәрдем көрсетуді қоса алғанда, бірлескен комиссиялардың жұмысы үшін жағдайды қамтамасыз етсін.
13. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысы;
2) "Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 маусымдағы № 433 қаулысы.
14. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы "13" тамыздағы № 612 қаулысымен бекітілген |
Трансшекаралық су объектілері бойынша тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі, делегация басшысы, Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының мүшесі;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, делегация басшысының орынбасары, Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның, Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының тең төрағасы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, делегация басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің төрағасы;
Абай облысы әкімінің орынбасары;
Алматы облысы әкімінің орынбасары;
Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;
Атырау облысы әкімінің орынбасары;
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
Жетісу облысы әкімінің орынбасары;
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
Түркістан облысы әкімінің орынбасары;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Орталық Азия бойынша су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Орталық Азия бойынша су саласындағы ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті экологиялық мониторинг және "жасыл экономика" басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті экологиялық мониторинг және "жасыл экономика" басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті экологиялық ақпарат және талдау басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті экологиялық ақпарат және талдау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының кеңесшісі;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының бірінші хатшысы;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының екінші хатшысы;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті су көлігі басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының басшысы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің жер қойнауын геологиялық зерттеу, геология және гидрогеология басқармасының бас сарапшысы;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Жайық, Қараөзен, Сарыөзен, Қиғаш өзендері бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Тобыл өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі;
"Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу жөніндегі келісімнің жобасын зерделеу және келісу жөніндегі арнайы жұмыс тобының тең төрағасы;
"Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары;
"Ақтөбе облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы;
"Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы;
"Жетісу облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Экологиялық мониторинг департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Гидрология департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысы бойынша филиал директоры;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас заңгері;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай филиалының директоры;
"Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары;
"Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы" қазақ филиалының директоры (келісу бойынша);
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша);
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясы" қоғамдық қорының Су ресурстары департаментінің директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастры бөлімінің басшысы;
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар аумақтық бөлімінің басшысы;
Шу-Талас комиссиясы хатшылығының қазақстандық бөлігінің басшысы;
"У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық гидрогеология және геоэкология зертханасының меңгерушісі (келісу бойынша);
"Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы" "KEGOC" акционерлік қоғамы филиалының Энергетикалық режимдер қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша);
"География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының су ресурстары зертханасының ғылыми қызметкері (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілі (келісу бойынша);
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамының өкілі;
су шаруашылығы саласындағы тәуелсіз сарапшы (келісу бойынша).