ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту;";
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету;
8) азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби қызметтік және физикалық даярлау, оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;";
10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді;
11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
12) уәкілетті орган аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) жедел резервтің материалдық құндылықтарын бөледі және пайдаланады;";
22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"22) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
23) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";
32), 33), 34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"32) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
35) азаматтық қорғау саласында оқытудан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификаттың нысанын бекітеді;";
38), 39), 40) және 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"38) азаматтық қорғау органдарының және Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін арнаулы нысанды киім үлгілерін белгілейді;
39) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы арнаулы оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
40) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін әзірлейді және бекітеді;
41) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 46-1) және 46-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"46-1) сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-2) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын және сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу және қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) бейбіт және соғыс уақытында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды және үздіксіз шифрланған байланысты қамтамасыз етеді;";
50), 51), 52), 53), 54), 55), 55-1) және 56) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"50) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын, өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
51) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
52) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру және бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, жасау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55) кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55-1) кәсіби өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
56) азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
58) және 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"58) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4) және 59-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"59-1) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59-2) бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59-3) бес және одан көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құру қағидаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
59-4) өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
59-5) азаматтық қорғау органдарында кинологиялық қызметті дамытуды қамтамасыз етеді;";
63) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"63) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) төтенше жағдайлардың туындауына алып келген аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
66), 67) және 68) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"66) кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
67) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
68) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
71) және 71-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"71) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
71-1) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнаулы киім-кешегінің тиесілілік нормаларын бекітеді;";
83), 84), 85), 86), 87), 88) және 89) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"83) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
84) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
85) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
87) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
88) өртке қарсы қызметтің жарғысын әзірлейді және бекітеді;
89) ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 89-2), 89-3), 89-4), 89-5), 89-6), 89-7) және 89-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"89-2) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
89-3) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
89-4) адамдар жаппай болатын және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
89-5) адамдар жаппай болатын және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының нысанын әзірлейді және бекітеді;
89-6) белгіленген нормалар мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
89-7) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
89-8) казармалық жағдайда болған кезде және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"91) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;";
174) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"174) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
174-5) және 175) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"174-5) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
175) азаматтық қорғау органдарында бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 175-20), 175-21) және 175-22) тармақшалармен толықтырылсын:
"175-20) әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет мерзімін есептеу және оларға ақшалай қамтылым төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
175-21) азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесін әзірлейді;
175-22) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;";
178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"178) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;";
180) және 181) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"180) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
181) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 182-1) тармақшамен толықтырылсын:
"182-1) уәкілетті органның теңіз ұйымының қызметін үйлестіреді;";
мынадай мазмұндағы 192-6) және 192-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"192-6) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
192-7) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;";
204) және 205) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"204) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, әскери және арнаулы атақтар беру мәселелерін шешуді жүзеге асырады;
205) ведомстволық наградалармен наградтайды және Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыным енгізеді;";
мынадай мазмұндағы 206-1) тармақшамен толықтырылсын:
"206-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бәсекелестік негізде дербес сатып алады;";
207-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"207-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен теңізге және Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын әзірлеуге және келісуге қатысады;";
216) және 217) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"216) мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі шешімдерін келіседі;
217) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның сауда қызметінің субъектілерін – шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы ұсыныстарын келіседі;";
219-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"219-2) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын әзірлейді және бекітеді;";
222) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"222) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдайды;";
228) тармақша алып тасталсын;
228-1), 229) және 230) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"228-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының тізбесін әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған жағдайда) айқындайды;
229) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымында сақталатын жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
230) мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 235-1) және 235-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
235-2) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімнің жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;";
237) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"237) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау, мемлекеттік резерв, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";
249) және 249-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"249) ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;
249-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";
258) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"258) алушымен қарыз алу тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шарттар (келісімшарттар) жасасады;";
259) тармақша алып тасталсын;
261) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"261) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымында және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізеді;";
263-1), 263-2), 264) және 265) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"263-1) қарыз алу тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
263-2) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жою немесе кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
264) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастырады;
265) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";
мынадай мазмұндағы 269-17) және 269-18) тармақшалармен толықтырылсын:
"269-17) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келіседі;
269-18) өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 294-1) және 294-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"294-1) төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
294-2) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы:
1) 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарын;
2) 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз қырық бесінші, бір жүз қырық алтыншы, бір жүз қырық жетінші абзацтарын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бір жүз жиырма екінші, бір жүз жиырма төртінші абзацтарын;
4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бір жүз жиырма сегізінші, бір жүз отыз сегізінші, бір жүз отыз тоғызыншы, бір жүз қырық сегізінші, бір жүз қырық тоғызыншы, бір жүз елуінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |