"Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 шiлдедегi № 496 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шекті аукциондық бағалар бекітілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен және еуромен баламалары көрсетіліп, қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) есепке алынбай, теңгемен бекітіледі.";

      7-тармақтың екінші бөлігінің 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      8. Тіркелген пайданы (ТП) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ТП = (CAPEX + NWC)* WACC, мұндағы:

      ТП – тіркелген пайда (теңге);

      CAPEX – ҚҚС есепке алынбай, қаржы моделіне (теңге) сәйкес жобаға жұмсалатын инвестициялық шығындардың шамасы;

      NWC – таза айналым капиталы;

      WACC – капиталдың орташа өлшенген мөлшерлемесі.

      CAPEX мыналарды:

      1) жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстарды (негізгі процестерді орындау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдықтар; көлік құралдары, логистикалық және операциялық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған техника; бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру, бағдарламалық қамтылым және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым);

      2) қосылу және интеграциялау шығыстарын (жергілікті желілер және ішкі инженерлік коммуникациялар, электр желілеріне қосылуды қоса алғанда, энергиямен жабдықтау, трансформаторлық қосалқы станцияларды сатып алу және баламалы энергия көздерін орнату (егер қолданылса); кәсіпорынның ішкі желілеріне қосу);

      3) лицензиялар, рұқсаттар және сертификаттау алу шығыстарын, персоналды оқыту шығыстарын (жобаны іске қосу үшін талап етілетін болса), құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығыстарын қамтиды.".

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы (D/(D + E) реттеу кезеңінің алдындағы жылғы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның деректері негізінде орташа салалық көрсеткіш ретінде айқындалады.

      Қарыз капиталына тек қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі құрылысын қаржыландыруға арналған қарыз қаражаты кіреді.

      15. Салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы (E/(D + E) мынадай формула бойынша айқындалады:



      E/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы;

      D/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы.

      Жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы кемінде 30 % болуға тиіс.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жобаның өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдері үшін сыйлықақы:

      1) жобаның ауқымы;

      2) құрылыс мерзімі ескеріле отырып, 1 %-дан 3 %-ға дейінгі деңгейде айқындалады.

      Кіші ауқымды және құрылыс мерзімі қысқа жобалар үшін ірі ауқымды және құрылысы ұзақ жобалармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдердің кіші мәні қолданылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 "Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2025 года № 496

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 "Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен" следующие изменения:

      в Правилах определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Предельные аукционные цены утверждаются в тенге без учета налога на добавленную стоимость (далее – НДС) с указанием эквивалентов, выраженных в долларах США и евро по курсу Национального Банка Республики Казахстан на день утверждения.";

      подпункты 9) и 10) части второй пункта 7 исключить;

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Расчет фиксированной прибыли (ФП) производится по формуле:

      ФП = (CAPEX + NWC)*WACC, где:

      ФП – фиксированная прибыль (тенге);

      CAPEX – величина инвестиционных затрат в проект согласно финансовой модели (тенге) без учета НДС;

      NWC – чистый оборотный капитал;

      WACC – средневзвешенная ставка капитала.

      CAPEX включают следующее:

      1) оборудование и материально-технические ресурсы (производственное и технологическое оборудование, необходимое для выполнения ключевых процессов; транспортные средства, специализированная техника для обеспечения логистических и операционных потребностей; контрольно-измерительные приборы и автоматизация, программное обеспечение и информационно-коммуникационная инфраструктура);

      2) расходы на подключение и интеграцию (локальные сети и внутренние инженерные коммуникации, энергоснабжение, включая подключение к электросетям, закупку трансформаторных подстанций и установку альтернативных источников энергии (если применимо); подключение к внутренним сетям предприятия);

      3) расходы на получение лицензий, разрешений и сертификаций, расходы на обучение персонала (если требуется для запуска проекта), расходы на страхование на этапе строительства.";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Величина заемного капитала (долга) в совокупном вложенном капитале (D/(D+E) определяется как среднеотраслевой показатель на основе данных А. Дамодарана по энергетическому сектору США за год, предшествующий периоду регулирования.

      Заемный капитал включает только заемные средства, предназначенные для финансирования строительства объекта по энергетической утилизации отходов.

      15. Величина собственного капитала в совокупном вложенном капитале (E/(D+E) определяется по следующей формуле:

     



      E/(D+E) – величина собственного капитала в совокупном вложенном капитале;

      D/(D+E) – величина заемного капитала (долга) в совокупном вложенном капитале.

      Величина собственного капитала в совокупном вложенном капитале должна быть не менее 30 %.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Премия за специфические риски проекта определяется на уровне от 1 % до 3 % с учетом:

      1) масштаба проекта;

      2) срока строительства.

      Для проектов меньшего масштаба и короткого срока строительства применяется меньшее значение специфических рисков по сравнению с проектами крупного масштаба и длительного срока строительства.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов