1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 488 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 45-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Кешенді жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жасыл" энергетикаға өту қарқын алып, баламалы және жаңартылатын энергия көздері кеңінен ендіріліп отырған жағдайларда көптеген мемлекеттер мен мұнай-газ компаниялары стратегиялық басымдықтарды қайта қарап, жаһандық энергияға өтудің ұзақмерзімді сценарийлеріне көңіл бөлуде. Бұл көмірсутек ресурстарына сұраныс құбылып тұрған жағдайда дамудың тұрақты бағдарлары мен бейімделу модельдерін жасауға мүмкіндік береді.
Осы тұрғыда қазба отындардың ішіндегі экологиялық тұрғыдан ең таза және қолжетімді түрі ретінде табиғи газ әлемдік энергетикалық жүйеде шешуші рөл атқарады. Ол экономиканы карбоннан арылту міндеттері мен тұрақты энергия жеткізуге деген сұраныс арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете алатын өтпелі энергия ресурсы ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасы үшін газ саласын дамыту стратегиялық маңызға ие болды. Еліміз өзінің энергетикалық саясатын жаңа тегеурінді талаптарға, соның ішінде көміртегі ізін азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға белсенді түрде бейімдеуде. Алайда осы мақсаттарға жету үшін шектеуші факторларды барынша азайтуға және саланың құрылымдық проблемаларын еңсеруге бағытталған бірқатар негізгі бастамаларды іске асыру қажет.
Бүгінгі күні газ саласының дамуын айқындайтын келесі түйінді бағыттар мен тегеурінді талаптарды бөліп көрсетуге болады:
Газ секторының ресурстық базасын кеңейту геологиялық барлау жұмыстарына және жаңа кен орындарын игеруге айтарлықтай қомақты шығын шығаруды талап ететін, капиталды көп қажет ететін бағыт болып табылады. Алайда онсыз газ саласының, әсіресе ішкі тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқан жағдайда, ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Жеке инвестицияларды тартудың және газ кен орындарын барлау мен игерудің заманауи технологияларын енгізудің тиімді тетіктерін табу маңызды.
Басымдықтардың бірі ірі өнеркәсіп объектілерінің көмірден газға саналы ауысуын қоса алғанда, ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін газды іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай ауысу ұлттық энергетикалық саясаттың түйінді бөлігі болып табылады. Алайда бұл үшін тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту мен газ өңдеу қуатының тиісті көлемі ғана емес, жаңа объектілер салуды және қолданыстағыларын жаңғыртуды қоса алғанда, жалпы газ инфрақұрылымын дамыту талап етіледі.
Өңірлерді белсенді газдандыру және газ тұтынудың өсуі ішкі нарықта тауарлық газ тапшылығы қаупін тудырады. Қазіргі газдандыру деңгейін арттыру трендін ескерсек, газ жеткізу бойынша ішкі сұраныс пен экспорттық міндеттемелер арасында теңгерімді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және салу бойынша рентабельділігі төмен жобалар
Газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі заманауи жобалар рентабельділігі төмен болып табылады және қомақты капитал салуды талап етеді. Бұл, өз кезегінде, инвестиция тарту мүмкіндігін шектейді. Шығындарды оңтайландыру, инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және газ инфрақұрылымын дамытуға мемлекеттік және жеке инвестиция тарту тетігін құру жолдарын іздестіру маңызды болып табылады.
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңгерімдеуші қуаттарды ұлғайту қажет. Атап айтқанда, бұл елдің оңтүстік және орталық өңірлеріндегі жерасты газ қоймаларын кеңейту мен жаңғыртуды қамтиды. Бұл қоймалар газ тұтынудың маусымдық тербелісін теңестіру, сондай-ақ оны жеткізудің тұрақтылығы үшін резервтерді қамтамасыз ету мақсатында қажет.
Көрші елдердегі трендтерге сәйкес газ-мотор отынының дамуына, сондай-ақ көмір химиясы өнеркәсібіне (метанол, аммиак, синтез-газ өндірісі) назар ұлғаятын болады. Бұл бағыттар табиғи газ базасында қосылған құнды құруға ықпал етеді және шикізаттың импорттық ресурстарына тәуелділікті азайтады.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық газ операторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін газ бағасын белгілеу моделін жетілдіру қажет. Бұл саланың табыстылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін нарықтық тетіктерді құруға ықпал ететін болады, бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына келеңсіз әсер тигізуге жол бермеу және тұтынушылардың осы санатын қорғауды қамтамасыз ету маңызды.
Осылайша, Қазақстанның газ саласы тұрақты экономикалық өсу, технологиялық жаңғыру және климаттық жауапкершілік міндеттерін біріктіріп, кешенді трансформациядан өтуде.
Аталған бастамаларды іске асыру газ өнеркәсібінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ұзақмерзімді жоспарлау тұрғысынан орнықты даму үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Күтілетін нәтижелер:
|
1-бағыт. Тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту
Тауарлық газдың ресурстық базасын 2024 жылмен салыстырғанда 17 %-ға (34,4 млрд м3 дейін) ұлғайту
|
2-бағыт. Газ өңдеу қуатын ұлғайту
Газ өңдеу қуатының көлемін 2029 жылға қарай 5 млрд м³-ге кеңейту
|
3-бағыт. Елді газдандыру және газды іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша тапсырмаларын ескере отырып, Газдандырудың бас схемасын өзектілендіру.
2. Газға перспективадағы сұранысты қамтамасыз ету және одан әрі газдандыруды дамыту үшін магистральдық газ құбырларының өткізу қабілетін кеңейту.
3. Газ жеткізуді іркіліссіз қамтамасыз ету және жерасты газ сақтау қоймаларының жұмыс істеп тұрғандарының қуаттарын ұлғайту және жаңаларын салу арқылы оның ең жоғары тұтынылуын теңестіру.
4. Табиғи газды өңірлік тасымалдау және өткізу процестерін цифрландыру
|
4-бағыт. Газ-мотор отыны нарығын дамыту
1. Мотор отыны ретінде метанды пайдалануды ұлғайту және СТГ арқылы баламалы газдандыру.
2. 2024 жылмен салыстырғанда сығымдалған ТГ-мен жүретін автобустар санын 90 %-ға ұлғайту (5143 бірлікке дейін).
3. АГТКС желісін 2024 жылмен салыстырғанда 71 %-ға кеңейту.
4. СТГ ішкі нарығын қалыптастыру мақсатында алғашқы СТГ зауыттарын салу
|
5-бағыт. Көмір химиясы өнеркәсібін дамыту
Қазақстан Республикасының Көмір химиясы өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірлеу
|
6-бағыт. Газ генерациясын дамыту
Жалпы энергия балансында газ генерациясының үлесін 27 %-ға дейін ұлғайту (40 млрд кВт/сағ дейін)
|
7-бағыт. Газ бағасын белгілеу жүйесін реформалау
Мыналарды ескере отырып, газ бағасын белгілеу моделін жетілдіру:
а) тауарлық газ бағасын реттеу шараларын әзірлеу және енгізу;
б) газ және газ конденсаты кен орындарында жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газ бағасын реттеу;
в) Ұлттық оператордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін тарифтер мен бағаларды ұзақ мерзімді жоспарлау
|
8-бағыт. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
1. Заңнаманы өзгерту:
АГТКС желісін дамыту үшін жағдай жасау.
2. Мына мәселелер бойынша нормативтік құжаттарды (стандарттарды) әзірлеу:
магистральдық газ құбырлары/газ тасымалдау объектілері және газ тарату желілері объектілерін жобалау, салу және пайдалану;
магистральдық газ құбырларының және газ тарату жүйелерінің тозу дәрежесін айқындау;
СТГ орта тоннаждық, ірі тоннаждық өндірістің алғаш енгізілетін объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану;
бюджет қаражаты есебінен газдандырылатын жобаларды айқындау.
3. Тауарлық газды ұқыпты тұтынуды енгізу.
|
1-бағыт. Тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту
|
1.1 Геологиялық барлау жұмыстары және өндіру
|
1.
|
№ 188-ЖҚГЗ лицензиясы шеңберінде жер қойнауын геологиялық зерделеу
|
геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/қарыз қаражаты (қажет болса)
|
2.
|
Малдыбай учаскесінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша геологиялық барлау жұмыстары
|
геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп.
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2029 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты
|
3.
|
Шалқар учаскесінде келісімшарт бойынша геологиялық барлау жұмыстары
|
геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2029 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
кэрри-қаржыландыру шарттарында инвестордың қаражаты
|
4.
|
КТ-III және Аққұдық учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу
|
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
кэрри-қаржыландыру шарттарында инвестордың қаражаты
|
5.
|
Шу-Сарысу шөгінді бассейнінің оңтүстік бөлігі шегіндегі жер қойнауын геологиялық зерттеу учаскесінде 1250 физикалық түсірілім нүктесінің (тәуелсіз кезең) табиғи сутегі кенжатындарын іздеу әдістемесін сынақтан өткізу (тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулер)
|
сутегі түсірілімінің нәтижелері туралы есеп,
QazaqGaz Инвестициялық комитеті мен Басқармасының Шу-Сарысу шөгінді бассейнінің оңтүстік бөлігінің барлық аумағында жұмыстарды іске асыру қажеттігі туралы шешімі
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2025 – 2026 жылдар
|
250 млн теңге
|
QazaqGaz меншікті қаражаты
|
6.
|
Барханная кен орнын пайдалануға беру
|
пайдалануға беру
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
3,7 млрд теңге
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты
|
7.
|
Придорожное кен орнын өнеркәсіптік игеруге беру
|
пайдалануға беру
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
инвестордың қаражаты
|
8.
|
Батыс Прорва кен орнын пайдалануға беру
|
пайдалануға беру
|
ҚМГ (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
ҚМГ-нің меншікті қаражаты
|
9.
|
Өріктау кен орнын пайдалануға беру
|
пайдалануға беру
|
ҚМГ (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
ҚМГ-нің меншікті қаражаты
|
10.
|
Имашевское кен орнын бірлесіп игеру мүмкіндіктерін зерделеу
|
алдын ала техникалық-экономикалық бағалау
|
ҚМГ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жылға дейін
|
айқындалуға тиіс
|
ҚМГ, QazaqGaz меншікті қаражаты
|
11.
|
Кен орындарында шикі газ есептегіштерін орнатып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектерді өндіруді есепке алудың ақпараттық жүйесіне дерек беру жөніндегі жобаны енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ЭМ, Kazenergy (келісу бойынша), жер қойнауын пайдаланушылар (келісу бойынша)
|
2025 – 2029 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
12.
|
Тақтатас газын барлау және өндіру мүмкіндіктерін зерделеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ЭМ,
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
2-бағыт. Газ өңдеу қуатын ұлғайту
|
2.1 Газ өңдеу зауыттарын салу
|
13.
|
Жылына 1 млрд м3 шикі газ өңдеу үшін Қашаған ГӨЗ-ін салу (1-кезең)
|
пайдалануға беру актісі
|
ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), инвестор (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
491,9 млрд теңге
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/ инвестордың қаражаты/қарыз қаражаты (қажет болса)
|
14.
|
Қуаты жылына 4 млрд м3 Қарашығанақ ГӨЗ-ін салу
|
пайдалануға беру актісі
|
МЭ, PSA (келісу бойынша), КПО (келісу бойынша)
|
2029 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
акционерлердің меншікті қаражаты /қарыз қаражаты
|
15.
|
Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 дейін ГӨЗ салу
|
пайдалануға беру актісі
|
ҚМГ (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
167,7 млрд теңге
|
қарыз қаражат, 2024-2026 жылдардағы кезең үшін банктің сыйақысы
|
16.
|
Атырау облысында қуаты жылына 700 мың тоннаға дейін Қашаған кен орнының СМГ-сын алу, ауыстырып тиеу және фракциялау бойынша зауыт салу
|
пайдалануға беруактісі
|
ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), инвестор (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
инвестордың қаражаты
|
3-бағыт. Елді газдандыру және газды іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз ету
|
3.1 Газдандырудың 2030 жылғы дейінгі бас схемасын өзектілендіру
|
17.
|
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын өзектілендіру
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы
|
ЭМ, ЖАО, QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
58,4 млн теңге
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты
|
3.2 Газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту
|
18.
|
"Бейнеу – Бозой – Шымкент" МГҚ 2-желісін салу (1-кезең)
|
пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың және инвестордың меншікті қаражаты /
қарыз қаражаты
|
19.
|
Ақтөбе облысындағы 14 компрессорлық станциядан Қостанай қаласына дейін магистральдық газ құбырын және компрессиялаушы қуаттарды қамтамасыз ету үшін 14 компрессорлық станция алаңында жаңа компрессорлық цех салу
|
пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2028 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың және инвестордың меншікті қаражаты/қарыз қаражаты
|
20.
|
"Талдықорған – Үшарал" МГҚ салу
|
пайдалануға беру актісі
|
"Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
131,7 млрд теңге
|
қарыз қаражаты
|
21.
|
"Сарыарқа" МГҚ салудың 4-кезеңін іске асыру
|
пайдалануға беру актісі
|
ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), "АстанаГаз ҚМГ" АҚ (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
180,7 млрд теңге
|
айқындалуға тиіс
|
22.
|
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей газының Өзбекстан Республикасына транзитін ұлғайту және ішкі нарықты іркіліссіз газбен қамтамасыз ету шеңберінде "ОАО-4", "ОАО-5", "ОАОЛ-4" (2, 3, 4-іске қосу кешендері) МГҚ күрделі жөндеу
|
пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
369 млрд теңге
|
QazaqGaz-дың меншікті/ қарыз қаражаты
|
23.
|
Арал ЖӨБ КС-10 жаңа компрессорлық станциясын салу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|
24.
|
Жоспарланған Қарашығанақ ГӨЗ-інен газ тасымалдау үшін "Қарашығанақ - Орал" МГҚ лупингін салу
|
пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2028 жыл
|
85,4 млрд теңге
|
айқындалуға тиіс
|
25.
|
Деректер қашықтан берілетін есепке алу аспаптарын қолдану және технологиялық мониторинг, есепке алу және биллинг процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы табиғи газды өңірлік тасымалдау және өткізу процестерін цифрландыру.
"Газ тарату желісінің цифрлық алмастырғышын" енгізу (жасанды интеллектіні қолданып деректерді өңдеу)
|
орындалған жұмыстар актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2025 – 2027 жылдар
|
112 млрд теңге
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/тарифке қосу
|
26.
|
МГҚ желілік және станциялық бөлігінің даладағы объектілерінің, операторлық және диспетчерлік пункттерінің барлық деңгейлерінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТП БАЖ) енгізу, реконструкциялау. Микропроцессорлық деректерді басқару және жинау құрылғыларын, SCADA диспетчерлік басқару жүйесін, газды коммерциялық есепке алу жүйелерін орнату
|
өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/ инвестордың қаражаты/қарыз қаражаты (қажет болса)
|
27.
|
Технологиялық жабдықтың және қондырғылардың АБЖ интеграциясы
|
SCADA жүйесінің деректер базасы
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2025 – 2029 жылдар
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/ инвестордың қаражаты/қарыз қаражаты (қажет болса)
|
28.
|
Газ тасымалдау жүйесін модельдеу жүйесін, диспетчерлік есептілік жүйесін дамыту
|
өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/ инвестордың қаражаты/қарыз қаражат (қажет болған кезде)
|
29.
|
Өндірістік процестерді басқарудың MES-жүйесін енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті қаражаты/ инвестордың қаражаты/қарыз қаражаты (қажет болса)
|
3.3 Жерасты газ сақтау қоймаларын кеңейту және жаңғырту
|
30.
|
"Бозой" ЖГҚ-да газ сақтаудың белсенді көлемін жобалық көрсеткіштерге дейін жеткізу (4 млрд м3)
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2028 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|
31.
|
Белсенді газ алу көлеміне жеткеннен кейін "Ақыртөбе" ЖГҚ-ны кезең-кезеңімен маусымына 130 млн м3 дейін кеңейту
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша)
|
2029 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|
32.
|
Газ алу бойынша тәуліктік көрсеткіштерді ұлғайту үшін "Полторацкое" ЖГҚ-да жаңа ұңғымаларды бұрғылап, жұмыс істеп тұрған ГРП-ны реконструкциялау
|
объектіні пайдалануға қабылдау актісі
|
QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|
33.
|
Жаңа ЖГҚ құру үшін перспективалы құрылымдар портфелін дайындау
|
перспективалы құрылымдардың паспорттары және техникалық-экономикалық бағалау
|
QazaqGaz (келісу бойынша), QazaqGaz ҒТО (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|
4-бағыт. Газ-мотор отыны нарығын дамыту
|
4.1 Сығымдалған табиғи газды пайдалануды кеңейту
|
34.
|
Қоғамдық автокөлікті сығымдалған ТГ пайдалануға ауыстыру бойынша нысаналы индикаторларды орындау
|
мотор отыны ретінде сығымдалған ТГ және (немесе) СТГ пайдаланатын автобустарды жеткізу
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының
әкімдіктері
|
жыл сайын
|
айқындалуға тиіс
|
талап етілмейді
|
35.
|
Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС салу үшін, сондай-ақ көлік құралдарын сығымдалған ТГ пайдалануға ауыстыру үшін мемлекеттік/жеке бизнес-құрылымдарын тарту
|
ЖАО-мен бірлесіп инвестициялық жобаларды іске асыру
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының
әкімдіктері, QazaqGaz (келісу бойынша)
|
жыл сайын
|
айқындалуға тиіс
|
жеке инвестициялар
|
36.
|
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Бейнеу – Орал", "Астана – Алматы" автожолдарында АГТКС желісін салу
|
пайдалануға беру актілері
|
QazaqGaz (келісу бойынша), ШОБ ("Қазақстанның газ мотор отынын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы" ЗТБ), КМ, ҚАЖ, облыстардың, Алматы және
Шымкент қалаларының
әкімдіктері
|
2028 жылға дейін
|
айқындалуға тиіс
|
QazaqGaz-дың меншікті және қарыз қаражаты
|
4.2 Сұйытылған табиғи газды пайдалануды кеңейту
|
37.
|
Рудный қаласында өнімділігі жылына 50 мың тонна, тұтынуы жылына 77 млн м3 СТГ зауытын салу үшін инвестор тарту мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
QazaqGaz
(келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
38.
|
Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде СТГ салу үшін мемлекеттік / жеке бизнес-құрылымдарын тарту
|
ЖАО-мен бірлесіп инвестициялық жобаларды іске асыру
|
ЭМ
|
жыл сайын
|
айқындалуға тиіс
|
жеке инвестициялар
|
5-бағыт. Көмір химиясы өнеркәсібін дамыту
|
39.
|
Қазақстан Республикасының көмір химиясы өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірлеу
|
ҚР Энергетика министрінің бұйрығы
|
ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), QazaqGaz ҒТО(келісу бойынша), Kazenergy (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
6-бағыт. Газ генерациясын дамыту
|
40.
|
Жол картасын жасай отырып, Ұлттық энергетикалық желіні дамыту жоспары шеңберінде газ генерациясы бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін қуаттарды, газ көлемдерін және талап етілетін инфрақұрылымды келісу
|
ЭМ жол картасы
|
ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), KEGOC (келісу бойынша), Самұрық-Энерго (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
41.
|
Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні реконструкциялау
|
пайдалануға беру актісі
|
ЭМ, Самұрық-Энерго (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
388,9 млрд теңге
|
қарыз қаражат
|
42.
|
Алматы ЖЭО-3-ті реконструкциялау
|
пайдалануға беру актісі
|
ЭМ, Самұрық-Энерго (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
272,9 млрд теңге
|
қарыз қаражат
|
43.
|
Ресурстық базаның болуын ескере отырып, қолданыстағы ЖЭО-ны газға салмақталған ауыстыру мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ЭМ, Самұрық-Энерго (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
7-бағыт. Газ бағасын белгілеу жүйесін реформалау
|
44.
|
Тауарлық газ бағасын реттеу шараларын енгізу:
тоғыспалы субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тарту;
ірі коммерциялық тұтынушылар деңгейінде экспортқа одан әрі өткізу мақсатында СТГ өндірушілері үшін тауарлық газдың көтерме саудадағы бағасын белгілеу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ЭМ, ҰЭМ, ҚМГ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
45.
|
Газ өндіруді ұлғайтуды ынталандыру мақсатында газ және газ конденсаты кен орындарында өндірілген тауарлық газ бағасын есептеудің бөлек әдістемесін қолдана отырып, газ және газ конденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газ бағасын реттеуді енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ЭМ, ҰЭМ, ҚМГ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
46.
|
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде Ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын көтеруге 10 % шектеуді қайта қарау
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы
|
ЭМ, ҚМГ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
47.
|
Барабар тарифтер мен сатып алу бағаларын беруді қоса алғанда, геологиялық барлауға инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді ынталандыруларды енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ЭМ,ҰЭМ, Қаржымині, ҚМГ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2025 – 2026 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
8-бағыт. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
|
48.
|
Жеңілдетілген кредит беру есебінен газдандыру бойынша жобаларды қаржыландыруды қарау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
|
ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2027 жыл
|
талап етілмейді
|
қарыз
|
49.
|
Мынадай мәселелер бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы, стандарттау жөніндегі құжаттарды біріздендіру және (немесе) әзірлеу:
магистральдық газ құбырлары/газ тасымалдау объектілері және газ тарату желілері объектілерін жобалау, салу және пайдалану;
сығымдалған ТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; АГТКС, көп отынды жанармай құю станцияларын жобалау, салу және пайдалану
|
ҚР СТ, ҚР ҚН, МеМСТ, ұйымдардың стандарттары
|
ҚІК, ТЖМ, ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), ТРМК
|
2025 – 2026 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
50.
|
Газ тарату жүйелерінің тозу дәрежесін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту
|
ҚР СТ
|
QazaqGaz ҒТО (келісу бойынша), ЭМ, ТЖМ, QazaqGaz (келісу бойынша), "ИОА" АҚ (келісу бойынша), ТРМК
|
2028 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
51.
|
Тауарлық газды ұқыпты тұтынуды енгізу
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
ЭМ, ҰЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша), QazaqGaz Aimaq (келісу бойынша)
|
2025 жыл
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
52.
|
Облыстар мен қалаларда, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда АГТКС салу үшін жер учаскелерін бөлу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
облыстардың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
2025 – 2027 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
53.
|
Жолаушыларды тұрақты қалалық және республикаішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге арналған конкурстарда табиғи газды отын ретінде пайдаланатын тасымалдаушыларға қосымша преференциялар беру
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы
|
КМ, ЭМ
|
2025 – 2026 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
54.
|
Автокөлікте сығымдалған ТГ-мен ГБЖ орнатуды ынталандыру жөніндегі шаралар мен тетіктерді әзірлеу, атап айтқанда:
а) субсидиялар, жеңілдікті кредиттер беру және басқа да ынталандыру шаралары;
в) қоғамдық көлік пен коммуналдық-тұрмыстық қызметтерді қоспағанда, Маңғыстау облысы бойынша жүк автокөлігіне сығымдалған ТГ-мен ГБЖ орнату құнының 30 % мөлшерінде жергілікті бюджеттен субсидиялар беру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, КМ, ЖАО, QazaqGaz (келісу бойынша)
|
2026 – 2027 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
55.
|
СТГ орта тоннажды, ірі тоннажды өндірістің алғаш енгізілетін объектілерін және өзге де талап етілетін нормативтік актілерді, оның ішінде өрт және экологиялық қауіпсіздік бойынша жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын талаптар бөлігінде СТГ ұлттық стандартын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының СТГ СТ
|
ҚІК, СЭБҚ, QazaqGaz ҒТО (келісу бойынша), ҚМГ (келісу бойынша), ТРМК.
|
2025 – 2026 жылдар
|
талап етілмейді
|
талап етілмейді
|
56.
|
ҚР-ның Газды экспорттаушылар елдерінің форумына (ГЭЕФ) кіруі
|
Қазақстан Республикасының Газды экспорттаушылар елдерінің форумына (ГЭЕФ) кіруі туралы хабарлама
|
СІМ, ЭМ
|
2025 – 2026 жылдар
|
айқындалуға тиіс
|
айқындалуға тиіс
|