"Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 371 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары";

      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 371 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 474 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға (бұдан әрі – халықаралық ұйымдардың қызметкерлері) шетелде тұрғын үйді жалға алу құнының ақшалай өтемақысын төлеу (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) және Заңның 25, 28-баптарында, сондай-ақ дипломатиялық дәрежесі үшін ақшалай төлем бөлігінде 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерінде айырманы өтеу, сондай-ақ өкілдік керек-жарағы құнының жыл сайынғы ақшалай төлемі тәртібін айқындайды.

      2. Ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүргізіледі.

      Ағымдағы қаржы жылында ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу Министрлік халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шет елдердегі мекеме) персоналына теңестіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.

      3. Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне өткен жылы жұмсалған шығыстар бойынша ақшалай өтемақы төлеуге және айырманы өтеуге жол берілмейді.

      Ескертпе: 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл қаржы жылы және есепті жыл болып табылады.

      4. Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Заңның 25-бабында көзделген ақшалай өтемақыны төлеу, шетел валюталарындағы ақшалай қамтымның айырмасын, кепілдіктер мен өтемақыларды өтеу, сондай-ақ лауазымдық айлықақыларды ұлттық және шетелдік валюталарда төлеу жүргізілмейді.

      5. Шет тілде жасалған құжаттар шет елдегі мекемеге ұсынылған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

2-тарау. Ақшалай өтемақыны төлеу тәртібі

      6. Егер халықаралық ұйымның құжаттарында халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін жіберуші тараптың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген жағдайда, Министрлік ақшалай өтемақыны төлеуді Заңның 32-1-бабының 3-тармағына сәйкес Министрліктің шешімі бойынша белгіленген шет елдердегі мекеме персоналының теңестірілген лауазымы бойынша "Дипломатиялық қызмет персоналының тұрғын үй нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 11-1-4/386қбп бұйрығымен бекітілген дипломатиялық қызмет персоналын шетелде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес (бұдан әрі – тұрғын үй нормативтері) ай сайын жүргізеді.

      7. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлері тұрғын үйді мүліктік жалдау шарттарын өз бетінше жасасады.

      Жалға берілетін тұрғын үй алаңы тұрғын үй нормативтерінен артық болса, тұрғын үй нормативтерінен артық алаңның әрбір шаршы метрі үшін төлем халықаралық ұйым қызметкерінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Үй-жайларды коммуналдық және телекоммуникациялық желілерге қосу және ажырату сомаларын, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға байланысты тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар мен өсімпұлдарды) қоса алғанда, жалға алынған тұрғын үй, коммуналдық көрсетілетін қызметтер, пайдалану шығыстары, жалға берілетін тұрғын үй бойынша байланыс қызметтері үшін риэлторлық көрсетілетін қызметтер мен кепілдіктер сомасын (депозит) төлеу халықаралық ұйым қызметкерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ақшалай өтемақыны төлеу халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің халықаралық ұйыммен еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады.

      8. Ақшалай өтемақыны төлеу үшін халықаралық ұйымның қызметкері есепті айдың 15-і күнінен кешіктірмей, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында 3-і күнінен кешіктірмей шет елдегі мекемеге халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін жіберуші тараптың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етуді растайтын халықаралық ұйымның құжаттарын, тұрғын үйді мүліктік жалдау шартының көшірмесін (алғаш жүгінген кезде біржолғы) және есепті ай үшін тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу жөніндегі бастапқы құжаттарды (бұдан әрі – ақшалай өтемақыны төлеуге арналған құжаттар) ұсынады.

      Шет елдегі мекеме ақшалай өтемақыны төлеу үшін құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 11-1-4/329қбп бұйрығында белгіленген тәртіппен қаржыландыру валютасында шет елдегі мекемені қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтініммен қоса Министрлікке жібереді.

      Министрлік құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша шет елдегі мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдары белгілеген мерзімдерде тиісті сомаларды шет елдегі мекемеге аударады.

      Шет елдегі мекеме қаражатты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті сомаларды халықаралық ұйым қызметкерінің ағымдағы шотына аударады.

3-тарау. Заңның 25, 28-баптарында, сондай-ақ дипломатиялық дәрежесі үшін ақшалай төлем бөлігінде 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерінде айырманы өтеу, сондай-ақ өкілдік керек-жарағы құнының жыл сайынғы ақшалай төлемі тәртібі

      9. Заңның 25, 28-баптарында, сондай-ақ дипломатиялық дәрежесі үшін ақшалай төлем бөлігінде 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерінде айырманы өтеу, сондай-ақ өкілдік керек-жарағы құнының жыл сайынғы ақшалай төлем өтемақыларды өтеу Заңның 32-1-бабының 3-тармағына сәйкес Министрліктің шешімі бойынша белгіленген шет елдегі мекеме персоналының теңестірілген лауазымы бойынша жүргізіледі.

      10. Халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің ұлттық валютадағы лауазымдық айлықақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – бірыңғай еңбек ақы төлеу жүйесі) сәйкес теңестірілген лауазым бойынша шет елдегі мекеменің персоналына көзделген мөлшерде белгіленеді.

      11. Ұлттық валютадағы ақшалай қамтымның айырмасын өтеу үшін халықаралық ұйымның қызметкері есепті айдың 15-і күнінен кешіктірмей, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында 3-і күнінен кешіктірмей шет елдегі мекемеге халықаралық ұйым қызметкерінің жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу жөніндегі халықаралық ұйым құжатының (бұдан әрі – табель) көшірмесін ұсынады.

      Шет елдегі мекеме осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оларды Министрлікке жібереді.

      Министрлік табель мен Министрліктің осы Қағидалардың 9-тармағы бойынша шешімі негізінде ай сайын, 28-і күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында 25 желтоқсаннан кешіктірмей заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық валютадағы тиісті сомаларды халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің ағымдағы шоттарына аударуды жүргізеді.

      12. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне шетелдік валютада еңбегіне ақы төлеу бойынша айырманы өтеу халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленген ақшалай қосымша ақыларды ескергенде шет елдегі мекеме персоналының лауазымдық айлықақысынан аз болған жағдайда жүргізіледі.

      Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне шетелдік валютадағы ақшалай қамтымның айырмасын өтеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

      13. Шетелдік валютадағы ақшалай қамтымның айырмасын өтеу үшін халықаралық ұйымның қызметкері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті халықаралық ұйымның анықтамасын шет елдегі мекемеге мынадай растайтын құжаттармен қоса ұсынады:

      1) сақтандыру полисі мен сақтандыру шартының (бар болса) көшірмелері, жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі туралы ақпарат қамтылған халықаралық ұйымның анықтамасы немесе медициналық көрсетілетін қызметтердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алынғанын растайтын өзге де құжаттар;

      2) авиабилеттер мен отырғызу талондары, шот-фактура не түбіртек;

      3) балаларды оқытуға арналған шарттың (бар болса) көшірмесі және тиісті білім беру қызметтеріне ақы төленгені туралы түбіртектердің көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 11-1-4/302 бұйрығымен бекітілген Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23728 болып тіркелген) сәйкес Заңның 25-бабының 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген оқиғалардың орын алғанын растайтын құжаттар;

      5) әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдарды төлеу, сондай-ақ багажды алып өту фактісін растайтын жүкқұжат және (немесе) төлем құжаты (тауарлық чек, шот-фактура);

      6) халықаралық ұйым қызметкерінің бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамын растайтын халықаралық ұйымның құжаты (бұйрық және (немесе) анықтама);

      7) халықаралық ұйым қызметкерінің бірге жүретін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      8) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық ұйым қызметкерінің жұмыс істемейтін жұбайының (зайыбының) (бар болса) мәртебесін растау туралы өтініші;

      9) есепті кезеңдегі (ай сайынғы) табельдердің көшірмелері;

      10) кірістері туралы анықтама.

      Осы Қағидалардың 20-тармағының екінші бөлігінде көзделген есеп-қисапты қоспағанда, осы тармақ бойынша есеп-қисап үшін тиісті шет мемлекеттің орталық банкінің төлемді растайтын бастапқы құжаттарда көрсетілген күнгі ресми бағамы қолданылады.

      14. Халықаралық ұйымның қызметкері шет елдегі мекемеге осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттарды мынадай мерзімдерде:

      бірінші жартыжылдық үшін ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесінен кешіктірмей;

      екінші жартыжылдық үшін 1 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.

      15. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) орын алған жағдайларды қоспағанда, халықаралық ұйымдағы жұмысы есепті жылдың ішінде аяқталған жағдайда халықаралық ұйымның қызметкері халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 14 (он төрт) күн қалғанда осы Қағидалардың 8, 11 және 13-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады, көліктік шығыстар мен медициналық қамтамасыз етуге арналған шығыстар бұған кірмейді, олар халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда ұсынылады.

      16. Штаб-пәтері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымның қызметкері Министрлікке осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші абзацында көзделген халықаралық ұйымның анықтамасын өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемі туралы ақпаратты баяндай отырып ұсынады.

      17. Халықаралық ұйымның қызметкері осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін шет елдегі мекеме ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық ұсынылған жағдайда:

      1) теңестірілген лауазым бойынша шет елдегі мекеме персоналымен салыстырғанда халықаралық ұйымның қызметкері бойынша өтелуге жататын айырманың сомасын есептейді;

      2) Министрлікке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай мерзімдерде:

      есепті жылдың бірінші жартыжылдығы үшін ағымдағы қаржы жылының 10 шілдесінен кешіктірмей;

      есепті жылдың екінші жартыжылдығы үшін 5 желтоқсанынан кешіктірмей халықаралық ұйымның әрбір қызметкері бойынша ұсынылған құжаттарды және төлемге өтінімді жібереді.

      Анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда шет елдегі мекеме 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, бірақ осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында белгіленген мерзімдерден кешіктірмей құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру үшін құжаттарды халықаралық ұйымның қызметкеріне қайтарады.

      18. Министрлік төлемге өтінімді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті соманы шет елдегі мекемелерге аударады.

      19. Шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес қаражатты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті соманы халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің ағымдағы шоттарына аударады.

      20. Өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемі халықаралық ұйым қызметкерінің шет елдегі мекеме персоналының теңестірілген лауазымы бойынша шетел валютасындағы лауазымдық еңбекақысының 50 (елу) пайызы есебінен жүргізіледі.

      Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы айырмасының сомасын Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің анықтама берілген күнгі ресми бағамы бойынша ұлттық валютада олардың дербес шоттарына аударады.

      21. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру шет елдердегі мекемелерде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасынан
халықаралық ұйымдарға
жұмысқа жіберілген, бұрын
дипломатиялық қызмет
персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
ақшалай өтемақыны төлеу
және айырманы өтеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Анықтама

      1. Халықаралық ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ________________________________________________________

      2. Халықаралық ұйымның атауы:_______________________

      3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы: _________________________

      4. Есепті кезең: ______________ бастап ______________ дейін

      5. Валюта атауы (АҚШ доллары/еуро):________________________

Р/с №

Төлемдердің атауы

Халықаралық ұйымдағы төлемдер сомасы

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Халықаралық ұйымдағы жалақының лауазымдық айлықақы мен белгіленген төлемдердің мөлшеріне бөлінген есепті кезеңдегі (ай сайынғы) мөлшері



2.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі шығыстар



3.

Халықаралық ұйымның қызметкерін лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберуге, жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін қайтаруға, сондай-ақ жыл сайынғы ақы төленетін демалыс беруге, отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстар



4.

Балаларды оқыту бойынша шығыстар, оның ішінде:



мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша шығыстар



бастауыш білім беру бойынша шығыстар



негізгі орта білім беру бойынша шығыстар



жалпы орта білім беру бойынша шығыстар



5.

Өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемі



6.

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйым орналасқан елге және одан кері қарай (халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталған кезде) жол жүру кезінде әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдарды төлеуге, сондай-ақ қол жүгінің салмағын есептемегенде халықаралық ұйымның қызметкеріне және отбасының бірге жүретін әрбір мүшесіне жалпы салмағы 80 (сексен) килограмнан аспайтын, бірақ отбасына 240 (екі жүз қырық) килограмнан аспайтын багажды алып өтуге арналған шығыстар



"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген оқиғалар орын алған кезде қосымша

7.





Барлығы:



      Халықаралық ұйымның қаржы қызметінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе:

      Егер жоғарыда саламаланған қандай да бір шығыстар бойынша қаражат халықаралық ұйымда бөлек төленбейтін болса және жалақының бір бөлігі болса, бұл сома да анықтамада жеке көрсетіледі.

      Анықтаманың берілгеніне халықаралық ұйымның қызметкері шет елдегі мекемеге айырманы өтеу үшін жүгінгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асып кетпеуге тиіс.

  Қазақстан Республикасынан
халықаралық ұйымдарға
жұмысқа жіберілген, бұрын
дипломатиялық қызмет
персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
ақшалай өтемақыны төлеу
және айырманы өтеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Кімге:

  __________________________
  (Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің
басшысы)

      Кімнен:

  __________________________
  (халықаралық ұйым
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), лауазымы)

Халықаралық ұйым қызметкерінің жұмыс істемейтін жұбайының (зайыбының) мәртебесін растау туралы өтініш

      Мен,_______________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      өз жұбайым (зайыбым) ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасында және (немесе) шетелде еңбек қызметін жүзеге асырмайтынын растаймын.

      Жұбайым (зайыбым) Қазақстан Республикасында және (немесе) шетелде жұмысқа орналасқан жағдайда шет елдегі мекеменің басшысын жазбаша түрде уақтылы хабардар етуге міндеттенемін.

      _______________________________________

      (халықаралық ұйым қызметкерінің қолы)

      _______________

      (толтырылған күні)

  Қазақстан Республикасынан
халықаралық ұйымдарға
жұмысқа жіберілген, бұрын
дипломатиялық қызмет
персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
ақшалай өтемақыны төлеу
және айырманы өтеу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы

Төлемдерге өтінім

      1. Халықаралық ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ____________________________________________________________________

      2. Халықаралық ұйымның атауы: __________________________________

      3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы: ______________________________

      4. Есепті кезең: _____________________ бастап __________________дейін

      5. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі теңестірілген лауазым:

      _______________________________

      6. Валюта атауы (АҚШ доллары/еуро)__________________

Р/с №

Төлем атауы

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі теңестірілген лауазым бойынша төлемдер сомасы

Халықаралық ұйымдағы төлемдер сомасы

Бюджет қаражаты есебінен өтелуге жататын айырманың сомасы

1

2

3

4

5

1.

Халықаралық ұйымдағы жалақының лауазымдық айлықақы мен белгіленген төлемдердің мөлшеріне бөлінген есепті кезеңдегі (ай сайынғы) мөлшері




2.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі шығыстар




3.

Халықаралық ұйымның қызметкерін лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберуге, жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін қайтаруға, сондай-ақ жыл сайынғы ақы төленетін демалыс беруге, отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстар




4.

Балаларды оқыту бойынша шығыстар, оның ішінде:




мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша шығыстар




бастауыш білім беру бойынша шығыстар




негізгі орта білім беру бойынша шығыстар




жалпы орта білім беру бойынша шығыстар




5.

Өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлем




6.

Әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдарды, сондай-ақ багажды алып өту үшін ақы төлеуге арналған шығыстар




"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген оқиғалар басталған кезде қосымша

7.






Барлығы:




      Қазақстан Республикасының шет

      елдегі мекемесінің басшысы ___________________________________________

      (қолы)

      Қазақстан Республикасының шет

      елдегі мекемесінің бухгалтері __________________________________________

      (қолы)

      ________________________

      (мөр, толтырылған күні)

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 "Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 2025 года № 371

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 "Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации и возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы";

      преамбулу и пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 32-1 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты денежной компенсации и возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы.";

      Правила возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 27 мая 2025 года № 371
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 3 мая 2011 года № 474

Правила выплаты денежной компенсации и возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты денежной компенсации и возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок выплаты денежной компенсации стоимости аренды жилья за границей (далее – денежная компенсация) и возмещения разницы в вопросах денежного содержания, гарантий и компенсаций, предусмотренных статьями 25, 28, а также 29 Закона в части денежной выплаты за дипломатический ранг, а также ежегодной денежной выплаты стоимости представительской экипировки, должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы (далее – сотрудники международных организаций).

      2. Выплата денежной компенсации и возмещение разницы производятся за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете по соответствующей бюджетной программе Министерству иностранных дел Республики Казахстан (далее – Министерство).

      В текущем финансовом году выплата денежной компенсации и возмещение разницы исчисляются со дня принятия решения Министерством о приравнивании сотрудников международных организаций к персоналу загранучреждений Республики Казахстан в соответствующем иностранном государстве (далее – загранучреждение).

      3. Не допускаются в текущем финансовом году выплата денежной компенсации и возмещение разницы сотрудникам международных организаций по расходам, произведенным в предыдущем году.

      Примечание: финансовым и отчетным годом является календарный год – с 1 января по 31 декабря включительно.

      4. Сотрудникам международных организаций, штаб-квартиры которых находятся на территории Республики Казахстан, выплата денежной компенсации, возмещение разницы денежного содержания в иностранных валютах, гарантий и компенсаций, предусмотренных статьей 25 Закона, а также выплата должностных окладов в иностранной и национальной валютах не производятся.

      5. Документы, составленные на иностранном языке, при представлении в загранучреждение сопровождаются надлежащим образом заверенным переводом их на государственный или русский языки.

Глава 2. Порядок выплаты денежной компенсации

      6. Выплата денежной компенсации производится Министерством ежемесячно в соответствии с нормативами обеспечения персонала дипломатической службы жильем за границей, утвержденными приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 11-1-4/386дсп "Об утверждении нормативов жилья персонала дипломатической службы" (далее – нормативы жилья), по приравненной должности персонала загранучреждения, установленной по решению Министерства согласно пункту 3 статьи 32-1 Закона, в случае если документами международной организации предусмотрено обеспечение сотрудников международных организаций жильем за счет направляющей стороны.

      7. Сотрудники международных организаций самостоятельно заключают договоры имущественного найма жилья.

      Оплата за превышение площади арендуемого жилья над нормативами жилья осуществляется за счет собственных средств сотрудника международной организации за каждый квадратный метр площади, превышающий нормативы жилья.

      Оплата риэлторских услуг и суммы гарантий (депозит) за арендованное жилье, коммунальных услуг, эксплуатационных расходов, услуг связи по арендуемому жилью, включая суммы подключения и отключения помещений к коммунальным и телекоммуникационным сетям, а также неустойки (штрафы и пени), связанные с эксплуатацией жилья, осуществляется за счет собственных средств сотрудника международной организации.

      Выплата денежной компенсации прекращается со дня прекращения трудовых отношений сотрудников международных организаций с международной организацией.

      8. Для выплаты денежной компенсации сотрудник международной организации не позднее 15 числа отчетного месяца, а в декабре текущего финансового года – не позднее 3 числа, представляет в загранучреждение документы международной организации, подтверждающие обеспечение сотрудников международных организаций жильем за счет направляющей стороны, копию договора имущественного найма жилья (единовременно при первоначальном обращении) и первичные документы по оплате аренды жилья за отчетный месяц (далее – документы для выплаты денежной компенсации).

      Загранучреждение в течение 5 (пять) рабочих дней со дня получения документов для выплаты денежной компенсации направляет их в Министерство с приложением заявки на изменение плана финансирования загранучреждения в порядке, установленном приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 августа 2021 года № 11-1-4/329дсп "Об утверждении Правил планирования, утверждения, финансирования и исполнения бюджета загранучреждениями Республики Казахстан" в валюте финансирования.

      Министерство в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня получения документов утверждает план финансирования загранучреждения по бюджетной программе и в сроки, установленные органами казначейства Министерства финансов Республики Казахстан, перечисляет соответствующие суммы в загранучреждение.

      Загранучреждение в течение 5 (пять) рабочих дней со дня получения средств перечисляет соответствующие суммы на текущий счет сотрудника международной организации.

Глава 3. Порядок возмещения разницы денежного содержания, гарантий и компенсаций, предусмотренных статьями 25, 28, а также 29 Закона в части денежной выплаты за дипломатический ранг, а также ежегодной денежной выплаты стоимости представительской экипировки

      9. Возмещение разницы денежного содержания, гарантий и компенсаций, предусмотренных статьями 25, 28, а также 29 Закона в части денежной выплаты за дипломатический ранг, а также ежегодной стоимости представительской экипировки, производится по приравненной должности персонала загранучреждения, установленной по решению Министерства согласно пункту 3 статьи 32-1 Закона.

      10. Должностные оклады в национальной валюте сотрудникам международных организаций устанавливаются в размерах, предусмотренных персоналу загранучреждения по приравненной должности в соответствии с единой системой оплаты труда работников для всех органов, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 646дсп (далее – единая система оплаты труда).

      11. Для возмещения разницы денежного содержания в национальной валюте сотрудник международной организации не позднее 15 числа отчетного месяца, а в декабре текущего финансового года – не позднее 3 числа, представляет в загранучреждение копию документа международной организации по учету использования рабочего времени сотрудника международной организации (далее – табель).

      Загранучреждение в течение 3 (три) календарных дней со дня получения документов согласно части первой настоящего пункта направляет их в Министерство.

      Министерство на основе табеля и решения Министерства по пункту 9 настоящих Правил ежемесячно, до 28 числа, а в последнем месяце текущего финансового года не позднее 25 декабря, в установленном законодательством порядке производит перечисление соответствующих сумм в национальной валюте на текущие счета сотрудников международных организаций.

      12. Возмещение разницы по оплате труда в иностранной валюте сотрудникам международных организаций производится в случае, если заработная плата сотрудников международных организаций меньше, чем должностной оклад персонала загранучреждения с учетом установленных денежных доплат согласно единой системе оплаты труда.

      Возмещение разницы денежного содержания в иностранной валюте сотрудникам международных организаций производится за фактически отработанное время.

      13. Для возмещения разницы денежного содержания в иностранной валюте сотрудник международной организации представляет в загранучреждение справку соответствующей международной организации по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с приложением следующих подтверждающих документов:

      1) копии страхового полиса и договора страхования (при наличии), в случае отсутствия вышеуказанных документов справка международной организации, содержащая информацию об объеме оказанных медицинских услуг, или иные документы, подтверждающие получение медицинских услуг по перечню гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования;

      2) авиабилеты и посадочные талоны, счет-фактура либо квитанция;

      3) копия договора на обучение детей (при наличии) и копии квитанций об оплате соответствующих образовательных услуг;

      4) документы, подтверждающие наступление событий, предусмотренных пунктами 8, 9, 10, 11, 12 и 13 статьи 25 Закона, в соответствии с Правилами выплаты единовременной компенсации в случае гибели сотрудника дипломатической службы или работника дипломатической службы при исполнении служебных обязанностей за границей либо смерти в течение года вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей за границей, установления ему инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (ранения, травмы, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей за границей, и получения увечья (ранения, травмы, контузии), не повлекшего (не повлекшей) инвалидности, при исполнении служебных обязанностей за границей, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июля 2021 года № 11-1-4/302 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23728);

      5) накладная и (или) платежный документ (товарный чек, счет-фактура), подтверждающие факт оплаты аэропортовских, страховых и комиссионных сборов, а также провоза багажа;

      6) документ международной организации (приказ и (или) справка), подтверждающий состав сопровождающих членов семьи сотрудника международной организации;

      7) копии документов, удостоверяющих личность сопровождающих членов семьи сотрудника международной организации;

      8) заявление сотрудника международной организации о подтверждении статуса неработающей супруги (супруга) (при наличии) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      9) копии табелей за отчетный период (помесячно);

      10) справка о доходах.

      Для расчетов по настоящему пункту применяется официальный курс центрального банка соответствующего иностранного государства на дату, указанную в подтверждающих оплату первичных документах, за исключением расчета, предусмотренного частью второй пункта 20 настоящих Правил.

      14. Сотрудник международной организации представляет в загранучреждение документы, предусмотренные пунктом 13 настоящих Правил, в следующие сроки:

      за первое полугодие – не позднее 1 июля;

      за второе полугодие – не позднее 1 декабря текущего финансового года.

      15. В случае завершения работы в международной организации в течение отчетного года сотрудник международной организации предоставляет документы, предусмотренные в пунктах 8, 11 и 13 настоящих Правил, не позднее чем за 14 (четырнадцать) календарных дней до даты завершения работы в международной организации, за исключением транспортных расходов и расходов на медицинское обеспечение, которые предоставляются не позднее чем за 3 (три) календарных дня до даты завершения работы в международной организации, за исключением случаев наступления обстоятельств непреодолимой силы (форс-мажор).

      16. Сотрудник международной организации, штаб-квартира которой находится на территории Республики Казахстан, предоставляет в Министерство справку международной организации, предусмотренную абзацем первым пункта 13 настоящих Правил, с изложением информации о ежегодной денежной выплате стоимости представительской экипировки.

      17. После предоставления сотрудником международной организации документов, предусмотренных пунктом 13 настоящих Правил, загранучреждение проверяет полноту предоставленных документов и в случае полного предоставления документов:

      1) рассчитывает сумму разницы, подлежащую возмещению по сотруднику международной организации в сравнении с персоналом загранучреждения по приравненной должности;

      2) направляет в Министерство предоставленные документы и заявку на выплаты по каждому сотруднику международной организации по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам в следующие сроки:

      за первое полугодие отчетного года – не позднее 10 июля;

      за второе полугодие отчетного года – не позднее 5 декабря текущего финансового года.

      В случае предоставления недостоверных и (или) неполных сведений загранучреждение возвращает документы сотруднику международной организации для приведения пакета документов в соответствие требованиям настоящих Правил в срок не более 3 (три) рабочих дней, но не позднее сроков, установленных в абзацах втором и третьем подпункта 2) настоящего пункта.

      18. Министерство в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня получения заявки на выплаты перечисляет соответствующие суммы в загранучреждения.

      19. Загранучреждение в течение 10 (десять) рабочих дней со дня получения средств согласно пункту 18 настоящих Правил перечисляет соответствующие суммы на текущие счета сотрудников международных организаций.

      20. Ежегодная денежная выплата стоимости представительской экипировки производится из расчета 50 (пятьдесят) процентов от должностного оклада в иностранной валюте сотрудника международной организации по приравненной должности персонала загранучреждения.

      Сотрудникам международных организаций, штаб-квартиры которых находятся на территории Республики Казахстан, сумма разницы ежегодной денежной компенсации стоимости представительской экипировки перечисляется Министерством на их лицевые счета в национальной валюте по официальному курсу Национального Банка Республики Казахстан на дату предоставления справки.

      21. Пенсионное обеспечение сотрудников международных организаций производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан в части персонала дипломатической службы, работающего в загранучреждениях.

      _______________________

  Приложение 1
к Правилам выплаты денежной
компенсации и возмещения
разницы должностным лицам,
направленным на работу в
международные организации
от Республики Казахстан, ранее
занимавшим должности
персонала дипломатической службы

      Форма

Справка

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии) сотрудника международной организации: _________________________________________________________

      2. Наименование международной организации: _______________________

      3. Должность в международной организации: _________________________

      4. Отчетный период: с ____________________ по _____________________

      5. Наименование валюты (доллар США/евро): ________________________

№ п/п

Наименование выплат

Суммы выплат в международной организации

Примечание

1

2

3

4

1.

Размер заработной платы в международной организации за отчетный период (помесячно) с разбивкой на размеры должностного оклада и установленных выплат



2.

Расходы по перечню гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования



3.

Транспортные расходы, связанные с направлением на работу в международную организацию при назначении на должность, возвращением сотрудника международной организации при окончании срока работы, предоставлением ежегодного оплачиваемого отпуска, со смертью одного из членов семьи



4.

Расходы по обучению детей, в том числе:



расходы по дошкольному воспитанию и обучению



расходы по начальному образованию



расходы по основному среднему образованию



расходы по общему среднему образованию



5.

Ежегодная денежная выплата стоимости представительской экипировки



6.

Расходы на оплату аэропортовских, страховых и комиссионных сборов, а также за провоз багажа общим весом не более 80 (восемьдесят) килограммов, не считая веса ручной клади, на сотрудника международной организации и каждого сопровождающего члена семьи, но не более 240 (двести сорок) килограммов на семью, при следовании из Республики Казахстан в страну расположения международной организации и обратно (при завершении работы в международной организации)



Дополнительно при наступлении событий, предусмотренных пунктами 8, 9, 10, 11, 12 и 13 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан"

7.





Всего:



      Руководитель финансовой службы международной организации
______________________________________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Место печати

      Примечание:

      В случае, если средства по какому-либо из перечисленных выше расходов в международной организации не выплачиваются отдельно и являются частью заработной платы, данная сумма также отражается в справке отдельно.

      Справка выдается не ранее чем за 30 (тридцать) календарных дней до обращения сотрудника международной организации за возмещением разницы в загранучреждение.

      _______________________

  Приложение 2
к Правилам выплаты денежной
компенсации и возмещения
разницы должностным лицам,
направленным на работу в
международные организации от
Республики Казахстан,
ранее занимавшим должности
персонала дипломатической службы

      Форма

  Кому:
____________________________
(руководитель загранучреждения
Республики Казахстан)
От кого:
____________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
сотрудника международной
организации, должность)

Заявление о подтверждении статуса неработающего супруга (супруги) сотрудника международной организации

      Я, _______________________________________________________________,
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность)
настоящим подтверждаю, что мой (моя) супруг (супруга)
____________________________________________________________________________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
не осуществляет трудовую деятельность в Республике Казахстан и (или) за рубежом.

      В случае трудоустройства моего (моей) супруга (супруги) в Республике Казахстан и (или) за рубежом обязуюсь своевременно уведомить руководителя загранучреждения в письменной форме.

  ____________________________
(подпись сотрудника
международной организации)
___________________________
(дата заполнения)

      _______________________

  Приложение 3
к Правилам выплаты денежной
компенсации и возмещения
разницы должностным лицам,
направленным на работу в
международные организации
от Республики Казахстан, ранее
занимавшим должности
персонала дипломатической службы

      Форма

Наименование загранучреждения Республики Казахстан

Заявка на выплаты

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии) сотрудника международной организации: _________________________________________________________

      2. Наименование международной организации: _______________________

      3. Должность в международной организации: _________________________

      4. Отчетный период: с _________________ по ________________________

      5. Приравненная должность в загранучреждении Республики Казахстан: ____________________________________________________________________

      6. Наименование валюты (доллар США/евро): ________________________

№ п/п

Наименование выплат

Сумма выплат в загранучреждении Республики Казахстан по приравненной должности

Сумма выплат в международной организации

Сумма разницы, подлежащая возмещению за счет бюджетных средств

1

2

3

4

5

1.

Размер заработной платы в международной организации за отчетный период (помесячно) с разбивкой на размеры должностного оклада и установленных выплат




2.

Расходы по перечню гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования




3.

Транспортные расходы, связанные с направлением на работу в международную организацию при назначении на должность, возвращением сотрудника международной организации при окончании срока работы, предоставлением ежегодного оплачиваемого отпуска, со смертью одного из членов семьи




4.

Расходы по обучению детей, в том числе:




расходы по дошкольному воспитанию и обучению




расходы по начальному образованию




расходы по основному среднему образованию




расходы по общему среднему образованию




5.

Ежегодная денежная выплата стоимости представительской экипировки




6.

Расходы на оплату аэропортовских, страховых и комиссионных сборов, а также за провоз багажа




Дополнительно при наступлении событий, предусмотренных пунктами 8, 9, 10, 11, 12 и 13 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан"

7.






Всего:




      Руководитель загранучреждения Республики Казахстан
_____________________________________________________________________
                              (подпись)

      Бухгалтер загранучреждения
      Республики Казахстан
_____________________________________________________________________
                              (подпись)

      ________________________
      (печать, дата заполнения)

      _______________________