"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестіктің мынадай негізгі қызмет бағыттары айқындалсын:
1) өзге сымсыз телекоммуникациялық байланысты жүзеге асыру;
2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;
3) жекеменшік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;
4) сыйақы үшін немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару;
5) басқа топтамаларға енгізілмеген тауарлардың жекелеген түрлерінің немесе тауарлар топтарының саудасына маманданған агенттер қызметі;
6) ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды сүйемелдей отырып, ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету;
7) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін құрылыс жобаларын әзірлеу;
8) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін тұрғын ғимараттар құрылысы;
9) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін 1 және 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
10) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін шекара маңы аумақтарында орналасқан ғимараттар мен құрылысжайларды бөлшектеу және бұзу;
11) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін телекоммуникациялық, компьютерлік және телевизиялық желілерді тарту бойынша электрмонтаждау жұмыстары;
12) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін өзге электр – монтаждау жұмыстары;
13) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау;
14) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс - монтаждау жұмыстары;
15) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін монтаждалған жабдықты қосу және баптау;
16) шекара маңы аумақтарында орналасқан атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, шекара маңы аумақтарында орналасқан ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет;
17) шекара маңы аумақтарында орналасқан атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, шекара маңы аумақтарында орналасқан ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет;
18) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, шығару, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау қызметі;
19) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бағдарламалық кодты әзірлеу және тестілеу саласындағы қызмет;
20) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, дерекқорларды, интернет-ресурстарды (сайттарды), ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу;
21) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
22) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерді монтаждау және баптау саласындағы қызмет;
23) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін (деректерді өңдеу орталықтарын) серверлік үй-жайларды пайдалануға беру жөніндегі қызмет;
24) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін бағдарламалық өнімдерді, электрондық ақпараттық ресурстарды, мобильді және өзге де қосымшаларды пайдалануға беру;
25) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін веб-порталдардың қызметі;
26) шекара маңы аумақтарында жүзеге асырылатын көкөністер мен жемістерден басқа азық-түлік тауарларын қоймаға жинау мен сақтау;
27) шекара маңы аумақтарында жүзеге асырылатын көкөністер мен жемістерді қоймаға жинау мен сақтау;
28) ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін аумақтарды абаттандыру қызметі;
29) ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін жинап-тазалау бойынша өзге де қызмет;
30) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында орналасқан жол бойындағы белдеуде жүргізілетін автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
31) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында орналасқан жол бойындағы белдеудегі техникалық қызмет көрсету станциялары жүргізгендерді қоспағанда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу;
32) шекара маңы аумақтарындағы жүзеге асырылатын астықтан, майлы дақылдар мен мұнайдан басқа азық-түлік емес тауарларды қоймаға жинау мен сақтау;
33) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында орналасқан автокөлік тұрақтарының қызметі;
34) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында орналасқан жүктерді көліктік өңдеу;
35) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында көрсетілетін көліктік-экспедициялық қызметтер;
36) шекара маңы аумақтарында жол бойындағы белдеуде орналасқан қонақүйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақүйлердің қызметтер көрсетуі;
37) шекаралық өткелдер мен шекара маңы аумақтарында жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлердің қызметтер көрсетуі;
38) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін басқа да қаржылық көрсетілетін қызметтер, экономиканың түрлі салаларындағы қаржыландыру, инвестициялық қызмет;
39) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандырудан және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері;
40) шекара маңы аумақтарында орналасқан коммерциялық объектілерге кешенді қызмет көрсету;
41) шекара маңы аумақтарында орналасқан ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін басқа топтамаларға енгізілмеген коммерциялық қосалқы қызметтер көрсету бойынша өзге қызмет;
42) шекара маңы аумақтарында орналасқан ұлттық қауіпсіздік объектілері үшін басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет;
43) шекара маңы аумақтарында ұлттық қауіпсіздік органдары үшін білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет;
44) ұлттық компаниялар құрған ұйымдардың ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық объектілеріне қызмет көрсету үшін техникалық және қосалқы персонал ұсыну бойынша қызметі;
45) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру қызметінің өзге түрлері;
46) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін спорт объектілерінің қызметі;
47) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін спорт клубтарының қызметі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2026 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімінде:
реттік нөмірі 21-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-19. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" ЖШС";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне" бөлімінде:
реттік нөмірі 242-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"242. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" ЖШС".
5. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 619 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |