Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 428-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  | 
А. Мамин | 
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 276 қаулысына қосымша  | 
|
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына 2-қосымша  | 
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Р/с  | Екінші санаттағы рұқсаттар  | Уәкілетті орган  | Келісуші мемлекеттік орган  | 
1  | 2  | 3  | 4  | 
1.  | Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат  | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі  | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті  | 
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті  | |||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi  | |||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі  |