Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2026 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Прокуратура органдарына қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшері 40532 теңге сомасында айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2026 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |