"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2044 жылға дейінгі кезеңге "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Qyzyljar" АЭА туралы ереже;
2) "Qyzyljar" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысымен бекітілген |
"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының, Тайынша ауданының, Қызылжар ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан.
"Qyzyljar" АЭА аумағы 984,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2026 № 506 қаулысымен.2. "Qyzyljar" АЭА:
1) Петропавл қаласын қарқынды дамыту;
2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.
3. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 363 қаулысымен.4. "Qyzyljar" АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5. "Qyzyljar" АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
5-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегіндегі жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрінісін нашарлататын объектілерді орналастыру, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдаланумен тікелей байланысты емес, бірақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерін тигізетін кез келген басқа қызмет үшін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет".
Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.06.2026 № 506 қаулысымен.2. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару
6. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. "Qyzyljar" АЭА-ның аумағында салық салу
7. "Qyzyljar" АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4. Кедендік реттеу
8. "Qyzyljar" АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Шетел азаматтарының "Qyzyljar" АЭА аумағында болу тәртібі
9. "Qyzyljar" АЭА аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, одан кетуі, транзитпен өтуі және болу тәртібі қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
11. "Qyzyljar" АЭА "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
12. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Құрылған мерзімнің өтуіне байланысты "Qyzyljar" АЭА-ны тарату кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында "Qyzyljar" АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
2) "Qyzyljar" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
3) "Qyzyljar" АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне "Qyzyljar" АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
14. "Qyzyljar" АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.
15. Осы Ережемен реттелмеген "Qyzyljar" АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2026 № 506 қаулысымен.
"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының, Тайынша ауданының, Қызылжар ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан (№ 1 қосалқы аймақ – 15 га, № 2 қосалқы аймақ –7,3 га, № 3 қосалқы аймақ – 160 га, № 4 қосалқы аймақ – 30 га, № 5 қосалқы аймақ – 150 га, № 6 қосалқы аймақ – 200 га, № 7 қосалқы аймақ – 200 га, № 8 қосалқы аймақ – 222 га).
"Qyzyljar" АЭА жалпы ауданы – 984,3 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 1 қосалқы аймағы
Аумақ қала орталығында орналасқан, Парковая көшесі.
Ауданы – 15 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 2 қосалқы аймағы
Аумақ Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі.
Ауданы – 7,3 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 3 қосалқы аймағы
Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 4 қосалқы аймағы
Аумақ Шығыс шағын ауданында орналасқан.
Ауданы – 30 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 5 қосалқы аймағы
Аумақ Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан, Теплые Кусты көшесі. Ауданы – 150 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 6 қосалқы аймағы
Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінде орналасқан. Ауданы – 200 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 7 қосалқы аймағы
Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимка ауылдық округінің Новоишимка ауылында орналасқан.
Ауданы – 200 гектарды құрайды.

"Qyzyljar" АЭА № 8 қосалқы аймағы
Аумағы "Жезқазған – Петропавл" тас жолы, 1 ғимарат, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежный ауылдық округі, Прибрежное ауылында орналасқан. Ауданы – 222 гектарды құрайды.

| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысымен бекітілген |
"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Ескерту. Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2026 № 506 қаулысымен.
Р/с | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі* |
Базалық кезең |
2024 |
2029 |
2034 |
2039 |
2044 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. |
Тартылған |
млрд | 21 | 175 | 245,55 | 247,6 | 249 | 250 |
1.1 | шетелдік инвестициялар көлемі |
млрд | 16 | 158 | 98,157 | 100,2 | 100,2 | 101,2 |
1.2 | отандық инвестициялар көлемі |
млрд | 5 | 17 | 147,4 | 147,4 | 148,8 | 148,8 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2. | АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі |
млрд | - | 4,5 | 274 | 283 | 287 | 290 |
3. | Қатысушылар саны | компаниялар | 1 | 15 | 28 | 29 | 30 | 30 |
4. | Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдар саны | адамдар | 10 | 23 | 33 | 40 | 42 | 48 |
5. | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 300 | 1 000 | 3 190 | 3 430 | 3 550 | 3 740 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 30 | 55 | 70 | 80 | 83 | 86 |
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.















