ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының қолданыста болу мерзімі - екі жыл бойы қолданылды (қаулының 3-т.).
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауардың шығу тегі туралы "CT-KZ" нысанындағы сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығаратын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2019 жылғы 26 шілдедегі | |
| № 538 қаулысына | |
| қосымша |
Шет мемлекеттерде шығарылатын, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар тізбесі
Р/с № | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. | Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа) | 8703 |
2. | Электр трансформаторлары, статикалық электр түрлендіргіштер (мысалы, түзеткіштер) индуктивтілік орауыштар және дроссельдер | 8504 |
3. | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабығы бар талшықтардан жасалған талшықты-оптикалық кабельдер | 8544 |