Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.10.2021 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |