Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2025 № 706 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |