Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.02.2019 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;
2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
| Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына қосымша |
Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.02.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Лицензияның және жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы | Жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау | ||
1. | Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия |
1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер. |
Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау | ||
2. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия |
1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау. |