Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1056-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 35-1 және 39-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39-3, 39-4-жолдармен толықтырылсын:
      «
 
 
39-3  | 
Коллекторлық қызмет туралы  | 
ҰБ (келісім бойынша)  | 
Шілде  | 
Қазан  | 
Желтоқсан  | 
Қ.Б. Қожахметов  | 
39-4  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ҰБ (келісім бойынша)  | 
Шілде  | 
Қазан  | 
Желтоқсан  | 
Қ.Б. Қожахметов  | 
».
      2. 
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасының  | 
К.Мәсімов  |