Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 2, 3 және 5-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12-1, 12-2 және 35-1-жолдармен толықтырылсын:
« 
12-1  | 
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы  | 
ЭБЖМ  | 
Қаңтар  | 
Ақпан  | 
Маусым  | 
Т.М. Жақсылықов  | 
12-2  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ЭБЖМ  | 
Қаңтар  | 
Ақпан  | 
Маусым  | 
Т.М. Жақсылықов  | 
35-1  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ЭБЖМ  | 
Шілде  | 
Тамыз  | 
Қыркүйек  | 
М.Е. Әбілқасымова  | 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С.Ахметов