Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 Қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 347-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1546 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2025 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) облыстық уәкілетті орган – облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      2) аудандық уәкілетті орган – аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      3) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органы – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      4) мониторинг объектісі – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік мүліктің құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға), концессияға не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері;

      5) мониторинг субъектілері – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық уәкілетті орган, аудандық уәкілетті орган, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі бойынша уәкілетті орган;

      6) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам мен акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      7) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      8) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.

      3. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) мемлекеттік мүліктің сапасы және саны бойынша жай-күйін, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметінде болып жатқан өзгерістерді уақтылы айқындау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестердің алдын алу мен салдарын жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында олардың технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметін, құқықтық сипатын талдауды білдіреді.

      4. Мониторинг ел және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауға және нығайтуға әсер ететін мониторинг объектілерінің жай-күйін және даму үрдістерін анықтайды.

      5. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүддесін қамтамасыз ету мониторингтің мақсаты болып табылады.

      6. Мыналар:

      1) мониторинг объектiлерiн басқарудың тиiмділiгiн кешендi талдау және мемлекеттік мүліктің жай-күйiн тұтас бағалау;

      2) концессиялар шарттарының не мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;

      3) мониторинг объектілері техникасының, технологиясының даму перспективаларын және олардың өңірлердің жай-күйіне әсерін сараптамалық талдау;

      4) тізілімнің порталында ("NATIJE" қосымша сервисі) мониторинг объектілері бойынша электрондық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу;

      5) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды одан әрi дамыту бойынша проблемаларды анықтау және ұсынымдар әзiрлеу мониторингтің негізгі міндеттері болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік мүлік объектілерінің мониторингін ұйымдастыру тәртібі

      7. Мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүлік мониторингі, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша облыстық, аудандық коммуналдық мүлікке және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне мониторинг жүргізіледі.

      8. Объектілер мониторингін:

      1) республикалық мүлік бойынша – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша – облыстық уәкілетті орган;

      3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша – аудандық уәкілетті орган;

      4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі бойынша – жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органы ұйымдастырады.

      9. Мониторинг субъектілері мониторинг объектілерін бір жүз пайыз қамтумен жыл сайын мониторинг жүргізеді.

      10. Мониторинг:

      1) активтердің, негізгі және қосалқы өндірістің жай-күйін талдау – қызметтің технологиялық аспектілерінің;

      2) қызметтің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қолжеткізуді талдау, негізгі қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды, еңбекақы төлеу саясатын талдау, мониторинг объектісінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау – қаржы-шаруашылық қызметінің;

      3) жүргізілетін қызметтің ұйым жарғысына, сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) және концессия шарттары не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына сәйкестігі – құқықтық мәселелердің талдауын қамтиды.

3-тарау. Мемлекеттік мүлік объектілерінің мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      11. Мониторинг субъектілері мониторингті жүзеге асыру мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 18328 болып тіркелген) сәйкес әзірленген тізілімде ұсынылған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерде;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 10663 болып тіркелген) және 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10685 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленген тізілімде ұсынылған мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерде көрсетілген қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері негізінде тізілімде орналастырылған мониторинг объектілерінің тізбесіне сәйкес жыл сайын талдау жүргізеді.

      12. Мониторинг субъектілері мониторингті жүзеге асыру үшін қатысуға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жұмылдырады.

      13. Мониторинг субъектісі басшысының шешімімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен Комиссия құрылады.

      14. Мониторинг субъектілері жүргізілген талдау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды қалыптастырады.

      15. Қорытынды мониторинг объектілерінің қызметіндегі келеңсіз процестердің алдын алу мен салдарын жою жөніндегі ұсынымдарды қамтуы тиіс, олар:

      республикалық мүлік бойынша – тиісті салаларға басшылық ету жөніндегі уәкілетті органға;

      коммуналдық мүлік бойынша – мониторинг объектісіне жіберіледі.

      16. Мониторинг объектілері және тиісті салаларға басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар қорытындыны алған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде мониторинг субъектісінің атына ұсынымдармен келісу туралы жауапты немесе ұсынымдармен келіспеу туралы дәлелді жауапты ұсынады.

      17. Мониторинг субъектілері ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін мерзімде мониторинг объектілерінің және тиісті салалардың уәкілетті органдарының жауаптарын ескере отырып, жиынтық талдауды және ұсынымдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      18. Мониторинг субъектілері мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мониторинг нәтижелерін тізілімде орналастырады.

      19. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшылары әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгісі жоқ шығынға не жоспарланғаннан артық шығынға әкелген даму жоспарының немесе іс-шаралар жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылады.

      Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мониторинг нәтижесі бойынша жасалған талдау мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынымын назарға алып, мемлекеттік кәсіпорынның басшысына, ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларына, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшысына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім шығарады.

      Егер мемлекет қатысатын заңды тұлғалар дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) пайызы 100 % (бір жүз пайыздан) кем болса, онда мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атқарушы органының басшыларына тәртіптік жаза қолдану мәселесі және ол туралы шешім қабылдау Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы" Заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің отырысына және (немесе) акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына шығарылады.

  Мемлекеттік мүлікті, оның
ішінде мемлекеттік
кәсіпорындардың және
мемлекет қатысатын заңды
тұлғалардың басқару
тиімділігінің мониторингін
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша

Мониторинг нәтижелері бойынша талдау
(_____ж. факт және _____жылға жоспар)

      1. Мониторинг объектісі туралы жалпы мәлімет

      1.1. Мониторинг объектісін құру туралы шешім

      1.2. Объектіні құру мақсаты

      1.3. Мониторинг объектісінің орналасқан орны

      __________________________________________________________________

      2. Мониторинг объектісі қызметінің технологиялық аспектілері

      2.1. Активтердің, негізгі және қосалқы өндірістің жай-күйін талдау

      _________________________________________________________________

      3. Мониторинг объектісінің қаржы-шаруашылық қызметінің талдауы

      3.1. Мониторинг объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне

      қолжеткізуді талдау

      3.2. Негізгі қызмет бойынша кірістер мен шығыстар

      3.3. Мониторинг объектісінің еңбекақы төлеу саясатын талдау

      3.4. Мониторинг объектісінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау

      __________________________________________________________________

      4. Құқықтық талдау

      4.1. Жүргізілетін қызметтің ұйым жарғысына, сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау

      (жалға алу) және концессия шарттары не мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      шарттарына сәйкестігі.

      __________________________________________________________________

      ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ

      ҰСЫНЫСТАР


On approval of the Rules of conducting monitoring of management efficiency of state property, including enterprises and legal entities with state participation

Resolution № 1546 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 4, 2012.

      Unofficial translation

      In accordance with paragraph 2 of Article 196 of the Law of the Republic of Kazakhstan "On State Property", the Government of the Republic of Kazakhstan DECIDES:

      Footnote. The preamble is amended by the resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 29.03.2025 № 188 (effective ten calendar days after the date of its first official publication).

      1. To approve the attached Rules of conducting monitoring of management efficiency of state property, including enterprises and legal entities with state participation.

      2. To invalidate Resolution № 998 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated July 24, 2001 “On implementation of integrated monitoring system of functioning and effectiveness of the management of state property, and also objects in which the state has a share of ownership” (Collected Acts of the President and the Government of the Republic of Kazakhstan, 2001, № 27, Art. 347).

      3. This resolution shall take effect on March 10, 2013 and is subject to official publication.

      Prime Minister of the Republic of Kazakhstan S. Akhmetov

  Approved by
  Resolution № 1546
  of the Government
  of the Republic of Kazakhstan
  dated December 4, 2012

Rules for monitoring the effectiveness of state property management, including state-owned enterprises and legal entities with state participation

      Footnote. Rules as amended by Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 29.03.2025 № 188 (effective ten calendar days after the date of its first official publication).

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for monitoring the effectiveness of state property management, including state–owned enterprises and legal entities with state participation (hereinafter referred to as the Rules), have been developed in accordance with paragraph 2 of Article 196 of the Law of the Republic of Kazakhstan "On State Property" and define the procedure for organizing and monitoring the effectiveness of state property management, including state-owned enterprises and legal entities with state participation.

      2. The basic concepts used in these Rules:

      1) regional authorized body – an executive body funded from the local budget, authorized to dispose regional communal property;

      2) district authorized body – an executive body funded from the local budget authorized to dispose district communal property;

      3) the authorized body for communal property of local self–government is the office of the akim of a town of district significance, village, settlement, rural district;

      4) the object of monitoring is state–owned enterprises, legal entities with state participation, with the exception of the joint-stock company National Welfare Fund Samruk-Kazyna, all types of property that are part of state property, including those in trust management, property lease (lease), concessions, or transferred under a public-private partnership contract;

      5) subjects of monitoring – the authorized body for state property management, the regional authorized body, the district authorized body, the authorized body for communal property of local self-government;

      6) a development plan is a document defining the main areas of activity and indicators of financial and economic activity of a state–owned enterprise, joint-stock company and limited liability partnership, the controlling stake (share of participation in the authorized capital) of which belongs to the state, for a five-year period;

      7) an action plan is a document defining the main activities and indicators of the financial and economic activities of the national management holding, the national holding company and the national company for a five–year period;

      8) the register of state property (hereinafter referred to as the register) is a unified information automated system for accounting state property, with the exception of property under the operational management of special state bodies, the Armed Forces, other troops and military formations of the Republic of Kazakhstan, and the state material reserve.

      3. Monitoring the effectiveness of the management of state property, including state-owned enterprises and legal entities with state participation (hereinafter referred to as – monitoring) is an analysis of the qualitative and quantitative condition of state property, including technological, financial and economic activities, legal characteristics of state-owned enterprises and legal entities with state participation, in order to timely identify the ongoing changes, forecast further development and develop recommendations to prevent and eliminate the consequences of negative processes in their activities.

      4. Monitoring identifies the state and development trends of monitoring facilities that affect the preservation and strengthening of the resource and energy base of the economy of the country and regions.

      5. The purpose of monitoring is to ensure the socio-economic interests of the state.

      6. The main objectives of monitoring are:

      1) a comprehensive analysis of the effectiveness of the management of monitoring facilities and a holistic assessment of the condition of state property;

      2) analysis of the fulfillment of obligations and conditions of concession agreements or public-private partnership agreements, trust management, property lease (lease) of state-owned facilities;

      3) expert assessment of the prospects for the development of equipment, technology of monitoring facilities and their impact on the state of the regions;

      4) formation and maintenance of an electronic database on monitoring objects on the registry portal (auxiliary service "NATIJE");

      5) identification of problems and development of recommendations for further development of state-owned enterprises and legal entities with the participation of the state.

Chapter 2. The order of organization of monitoring of objects of state property

      7. Monitoring of republican and municipal property is carried out by types of state property, and monitoring of regional, district communal property and municipal property of local self–government is carried out by levels of local government and self-government.

      8. Monitoring of facilities is organized by:

      1) for republican property – the authorized body for the management of state property;

      2) for regional communal property – the regional authorized body;

      3) for district communal property – the district authorized body;

      4) for communal property of local self–government - the authorized body for communal property of local self-government.

      9. Monitoring entities annually carry out monitoring with one hundred percent coverage of monitoring facilities.

      10. Monitoring includes analysis of:

      1) technological aspects of the activity: analysis of the state of assets, main and auxiliary production;

      2) financial and economic activities: analysis of the achievement of direct and final results of activities, income and expenses for core activities, analysis of remuneration policy, analysis of the stability of the financial condition of the monitoring object;

      3) legal issues: compliance of the conducted activities with the charter of the organization, trust management agreements, property lease (lease) and concession, or public-private partnership agreements.

Chapter 3. The procedure for monitoring state property facilities

      11. In order to carry out monitoring, monitoring entities annually conduct an analysis according to the list of monitoring objects posted in the register, based on the indicators of financial and economic activity contained in:

      1) reports on the implementation of development plans for state-controlled joint-stock companies, limited liability partnerships, and state-owned enterprises, developed in accordance with the Order № 14 of the Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan dated February 14, 2019 (registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on February 19, 2019 № 18328), presented in the register;

      2) reports on the implementation of development plans for national management holdings, national holdings and national companies owned by the state, developed in accordance with the Orders of the Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan dated February 27, 2015 № 149 (registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on April 9, 2015 № 10663) and dated February 26, 2015 № 139 (registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on April 10, 2015 № 10685), presented in the register.

      12. To participate in the monitoring, the monitoring entities involve employees of the territorial divisions of the authorized body for the management of state property, as well as sectoral government agencies.

      13. By decision of the head of the monitoring entity, a commission is established with the participation of employees of the territorial divisions of the authorized state property management body and sectoral government agencies.

      14. Based on the results of the analysis, the monitoring subjects form conclusions in accordance with the annex to these Rules.

      15. The conclusion should contain recommendations on the prevention and elimination of the consequences of negative processes in the activities of monitoring facilities, which are sent to:

      for republican property – the authorized body for the management of the relevant industry;

      for communal property - the object of monitoring.

      16. Monitoring facilities and authorized bodies for the management of relevant industries, within 10 working days after receiving the conclusion, submit to the monitoring entity a response of agreement with the recommendations or a reasoned response of disagreement.

      17. Monitoring entities shall submit a consolidated analysis and recommendations by December 25 of this year, taking into account the responses of monitoring facilities and authorized bodies for the management of relevant industries to the authorized state planning body.

      18. Based on the results of the monitoring of the effectiveness of state property management, the monitoring entities post the monitoring results in the register.

      19. The head of a state-owned enterprise, the first heads of national management holdings, national holdings, national companies, and the heads of executive bodies of legal entities with state participation shall bear disciplinary responsibility for non-fulfillment of the planned indicators of the development plan or action plan, resulting in loss or receiving a loss greater than planned, which does not contain signs of an administrative or criminal offense.

      The authorized body for the management of the relevant branch (sphere) of public administration, local executive bodies of regions, cities of republican significance, the capital, districts, cities of regional significance, offices of akims of towns of district significance, villages, settlements, rural districts, taking into account the analyses and recommendations of the authorized body for state property management formed based on the results of the monitoring, consider the issue and make a decision to impose disciplinary action on the heads of a state-owned enterprise, the first heads of national management holdings, national holdings, national companies, the head of the executive body of legal entities with state participation in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan.

      If the percentage of voting shares (stakes) in state-owned legal entities is less than 100 % (one hundred percent), the issue and decision-making on imposing disciplinary action on the heads of the executive body of state-owned legal entities are submitted to a meeting of the Board of Directors and (or) the general meeting of shareholders or participants in a limited liability company in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan "On Joint-Stock Companies" and "On Limited Liability Companies".

  Appendix
to the Rules for monitoring
the effectiveness of management of the
state property, including
state enterprises and legal entities with
state participation

      Conclusion based on the monitoring results

      (fact _____yy. and a plan for _____yy.)


      1. General information about the monitoring facility

      1.1. The decision to create a monitoring facility

      1.2. Purpose of creating a monitoring facility

      1.3. Location of the monitoring object _______

      ___________________________________________________________

      2. Technological aspects of the monitoring facility

      2.1. Analysis of assets, main and auxiliary production _______________

      __________________________________________________

      3. Analysis of the financial and economic activities of the monitoring facility

      3.1. Analysis of the achievement of direct and final results of the activity of the monitoring object

      3.2. Income and expenses related to core business

      3.3. Analysis of the remuneration policy of the monitoring facility

      3.4. Analysis of the stability of the financial condition of the monitoring facility ________

      __________________________________________________________

      4. Legal analysis

      4.1. Compliance of the conducted activities with the charter of the organization,

      trust management agreements, property lease (lease) and concession, or public-private partnership agreements

      __________________________________________________________________

      GENERAL CONCLUSIONS

      RECOMMENDATIONS

      ________________________